Америка әсерлері

Жаңылсын АМАНҚҰЛҚЫЗЫ,

БҚМУ 4-курс студенті

Адам әрбір күнін, әрбір сағатын мақ-сатсыз өткізбеуі керек. Уақыт бізбен са-наспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін, әсіресе, жастар, бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің іссіз, мазмұнсыз бос болмауын қадағалау керек. «Уақыт бар ғой» деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмір-дің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Мен үш жыл уақытымның зая кеткені-не әлі де өкінемін. Сондықтан да айтарым: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, ағылшын тілін үй-ренуге кеңес беремін. Себебі қазіргі дамыған заманда шет елге шығу үшін тіл керек, магистратура оқу үшін де тіл керек, беделді жерге жұмысқа тұру үшін де ағылшын тілін талап етеді.

Мектеп қабырғасында оқып жүр-ген кезімде «Work and travel» атты бағ-дарламаны естіген едім. Қызықтым. Ар-мандадым. Бірақ мақсат қоймадым, мүмкін желкенің қыры жібермеген шы-ғар. Әбден үшінші курсқа келгенде ғана баруға шешім қабылдадым. Бұл ойыма үйдегілер де түсіністікпен қарады.
Айта кетейін, бұл бағдарламаға қа-тысу үшін жалпы ағылшын тілін түсініп, диалог құрып сөйлесе білуің керек. Еш-қандай да тесті, я болмаса деңгейді қа-жет етпейді. Мен 2015 жылы қыркүйек айынан сәуір айына дейін Орал қаласын-да ағылшын курсын оқыдым. Ол үшін өкінбеймін, өйткені көп нәрсе үйрен-дім. Бірақ АҚШ елшілігі қызметкерімен сұхбат кезінде бағы жанып, ешқандай курссыз-ақ виза алғандарды кездестір-дім. Иә, бақ шаба ма, әлде бап шаба ма деген осы.
«Work and travel» туралы қосымша мәлімет: аталмыш бағдарламаға қаты-су үшін агенттіктер көмектеседі, яғни шет елдегі жұмыс орның, тұрғын үйің, медициналық сақтандыруың, елшілік-тегі сұхбаттасуыңды жүзеге асырады. IEC немесе ХАО (Халықаралық айырбас орталықтары) агенттіктері маған көп көмектесті және де басқа жандарға да ұсынарым осы.
Әр адамның өмірі белгіленген бір жолмен өтеді. Менің өмірім күн сайын, жыл сайын қайталанатын бір күйбең тіршілікпен өтетін. Жасым 20-ға келсе де, Орал қаласынан, тіпті өз ауылымнан жырақ шығып көрмеппін. Бірақ осы қой жылы менің өміріме ерекше тартуын алып келгендей. Жазғы емтихандарым-ды сәтті аяқтап, Астанаға жол тарттым. Іштей толқу үстінде болдым. Елордада Кристофер есімді АҚШ елшілігі қызмет-керімен сұхбат ойлағанымнан да кере-мет өтті. «Мақсатыма жетуге санаулы уақыт қалғанда бәрі құр болады ма?!» деген қорқынышым күшті еді. Себебі алдыңда – Америка азаматы, өз тілінде бұлбұлдай сайрап отыр. Ең бірінші қа-дамым – сұхбат бойы іштегі үрейді жа-сырып, көтеріңкі көңілде болдым. Ме-нің білімім екінші деңгей болатын, со-ған қарамастан, қойған сұрақтың бір-екі сөзін қағып, шамамен жауап бердім. Ол жымиған жүзбен: «you are visa app-roved» деген кезде қуанышымда шек болмады. Сол қуанышымды көп суыт-пай, шетел асып кете бардым.
Вена қаласы арқылы ұшқан бола-тынмын. Венада жалғыз едім, ешкім танымайтын елге келгенімде қатты састым. Әркімге бір барып: «Do you speak russian?» деп орысша сөйлейтін адам іздей бастадым. Содан Албания-ның қызымен танысып, мән-жай сұра-сып, соның қасынан бір елі шықпадым. Абыржығаным сонша, тіпті әлгі қыздың есімін сұрауға да ұмытып кетіппін. Ке-йін рейсті күту аймағында отырған кез-де бір жан таныс секілді көрінді. Кейін төлқұжатынан танып: «Вы из Казахстана?» десем, ол кісі: «Да» дейді. Мен қайта-дан: «Қазақша сөйлейсіз бе?» - деппін, ол: «Иә» деп күлді. Менің қуанышым-да шек болмады. Астанадан БҰҰ конфе-ренциясына бара жатқан Гүлмира есім-ді қазақ қызы екен. Маған жол көрсе-тіп, көп көмектесті. Ол кісіге айтар ал-ғысым шексіз.
«Сұрай-сұрай Меккеге де барасың» дейді ғой қазақ. АҚШ-тың әйгілі прези-денті Джон Кеннеди туып-өскен Масса-чусетс штатының Хаянис қаласына, яғ-ни жұмыс орныма да жеттім-ау. Мұнда мені өз достарым қарсы алды!
Оқиға былай болған: «Work and tra-vel» бағдарламасына бірге қатысып, Ас-танада іріктеуден бірге өткен 11 қазақ едік қой. Арасында Елордада оқитын кластастарым да бар еді. Оларға жұ-мыс орнына Америкадан растау қағаз тез келіп, менен бір ай бұрын аттанып кетті. Жалғыз өзім бір ай кешірек болса да, арманыма жеткеніме қатты қуандым!
Достарым бір ай ішінде сол ортаға әбден үйреніп алыпты. Америкадағы 11 қазақ хикаясы сол күннен басталды.
Жұмыс орным «Dockside» мейрам-ханасы еді. Мейрамхана иелері және қызметкерлері Ямайка елінен келген афроамерикандықтар екен. Бәрі өте мейірімді еді. 3 ай ішінде мені қатты еркелетіп, оларға тіпті қатты бауыр ба-сып қалдым десем, артық болмайды.
Бір байқағаным, АҚШ елінің тұр-ғындары мейірімді, жылы шырайлы, өте қарапайым, танымаса да, аманда-сып, ерекше көңіл-күй сыйлайды. Со-нымен қатар сол жердің тамаша таби-ғаты, әдемі көріністері көздің жауын алады. Әсіресе, теңіз көрмеген маған Атлант мұхиты ерекше әсер етті. Осын-шама керемет көріністерді өз көзіммен көремін деп ойламаппын.
Мақтана айтатын бір оқиға банк-тегі кездесу болды. Құрбым екеуміз ке-зекте тұрғанда алпысты алқымдаса да, заманауи киінген бір әже бізге жақын-дап: «Вы из Киргизии?» деп сөзге тарт-ты. Шетелде жүргенде өзің білетін тіл-де сөйлеген жан көрсең, қуанасың. Біз: «Нет, мы из Казахстана» деп, содан әң-гіме жалғасын тапты.
Бұл Барбара есімді грек азаматша-сы екен. Совет үкіметі кезінде Кавказ жерінде дүниеге келіп, кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Ильичёвка ауылына қоныс аударылған (Өкінішке қарай, бұл ауыл қазір Өзбекстанға өтіп кеткен – Ж.А.) 14 жа-сына дейін қазақ жерінде өсіп, қазақ мектебінде білім алған. Бойжеткен ша-ғында ата-анасымен өз ата-жұртына қоныс аударып, сол жақтан Америка азаматына тұрмысқа шығады. 1979 жыл-дан бері жоғарыда аталған қалада тұ-рады екен. Әр жыл сайын қырғыз, қа-зақ елдерінен келген студенттерді үйі-не қонаққа шақырып, қолынан келген көмегін аямайтын көрінеді. Бізге де 3 ай көлемінде бар ақылын айтып, тәт-тісін алдымызға тосып, туған әжеміз-ден кем болмады.
Біздің негізгі міндетіміз 3 ай бойы жұмыс жасау еді. Соңғы қыркүйек айы саяхаттауға берілді. Біздің алғашқы саяхатымыз штатымыздың орталығы – Бостон қаласынан басталды. Әлемдегі озық университеттерінде болдық. Айта кетейін, Джон Гарвард атындағы алып оқу орны мен «MIT» Массачусетс тех-никалық университеттерін аралап, ерекше әсер алдық. Кешқұрым АҚШ елінің астанасы саналатын Вашингтон-ға қарай сапарымызды жалғастырдық. Ол қала өзінің ерекше тарихи ғимарат-тарымен ерекшеленеді. Ұлттық-дүние-танымдық тарихи мұражайы, Амери-кандық үндістердің ұлттық мұражайы, Авиациялық ұлттық мұражай және ұлт-тық хайуанаттар бағын тамашаладық. АҚШ-та мұражай да, зообақ та тегін екен. Суретке түсіруге де ешкім тыйым салмайды.
Біздің саяхатымыз туристер көп жиналатын Ниагара сарқырамасымен жалғасты. АҚШ пен Канаданы бөліп жатқан Ниагара өзеніне барып, әлем-дегі ең биік сарқырамалардың бірінен өзгеше әсер алып қайттық. Ол жерге жыл сайын мыңдаған турист келіп, та-биғаттың осы бір сыйын өз көзімен кө-реді. Өз басым су үстіндегі кемпірқо-сақты бұрын-соңды көрмеппін. Мен үшін бұл таңғажайып көрініс болды.
Саяхатымыздың соңғы нүктесі әлемнің әйгілі қалаларының бірі Нью-Йорк шаһары еді. Әлемнің түкпір-түкпі-рінен жиналған миллиондаған адамға күн-түні лық толы көшелері, аспанмен таласқан биік ғимараттары, алып LED-экрандар көздің жауын алады. Ұйықта-майтын қала ұлан-асыр ұлылығымен тәнті етті...
Осылайша АҚШ-тағы үш ай үш күндей болмай өтіп кетті. Қазір Ақ Жа-йық жағасындағы Оралыма оралып, оқуымды жалғастырып жатырмын. Ме-нің алыс сапарым ең алдымен, Алла-ның, одан кейін әкемнің арқасында мүмкін болды. Әпке-бауырларымның қолдауы мені жігерлендірді. Оларға да мың сан рақмет!

Қаралым саны 1239

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463