Орал реалдық әскери училищесінде оқыған алаш зиялылары

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, алаштанушы, Ж. Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті

Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндеріне көз салсақ, тарих ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді көрер едік.

Қазақ тарихының осындай белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бү-кіл қазақ даласын азаттық идеясына жұ-мылдырған бұл ұлы қозғалыстың тари-хы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Алаш қайраткер-лері ұлтты ұлт ететін талай-талай шаруа-ны бастағаны, жолға салғаны белгілі.
Сол Алаштың өткен тарихын халқы-на қайтаратын ақтаңдақ оқиғалардың айқындалатын уақыты жетті. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді, оңы мен со-лын таныды. Халықаралық деңгейде бай тарихы бар, іргелі мемлекет ретін-де әлемге таныла бастадық.
Сондықтан бүгінгі еліміздің мемле-кеттілігі туралы тарихын қозғау қажет-тілік болып табылады.
Бүгінгі егемендігіміздің, тәуелсізді-гіміздің тарихында Алаш атын аспан-датқан арыстарымыздың үлесі орасан екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтіні ақиқат.
Биылғы жыл Алаш қозғалысының 100 жылдығы, мемлекеттік деңгейде аталып өтілмекші. Алаш арыстарының көпшілігі Орал реалдық әскери учили-щесінің түлектері.
Орал реалдық әскери училищесі 1877 жылы құрылды. Бұл ғимарат Алек-сандр Невский соборы орналасқан Ми-хайловско даңғылында (қазіргі Достық көшесі мен Жаһанша Досмұхамедов көшесінің бұрышында) орналасқан. Бұл училищеде ертеректе 300-дей бала оқыған. Қазіргі кезде реалдық әскери училищесінің ғимаратында Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогика-лық колледж орналасқан. Осы учили-щеде Алаш зиялыларының көпшілігі оқып, білім алып, Ресейдің жоғары оқу орындарына оқуға түскен. Солардың бірі – Халел Досмұхамедов.

Халел Досмұхамедов 1883 жылы 24 сәуірде Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған құмында дүниеге келген. Қазақстандағы Алаш қозғалы-сының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ға-лым. 1894 жылы Орал әскери-реалдық училищесінің дайындық класына қа-былданып, оны 1902 жылы үздік бітір-ді. Осы жылы жоғары оқу орнына оқу-ға түсу үшін даярлық класында оқыды. 1903 жылы Санкт-Петербургтегі Импе-раторлық әскери медициналық акаде-миясына латын тілінен қосымша ем-тихан тапсырып, оқуға түсті.
Орал қаласының Батыс Қазақстан облыстық мұражайының қорында №26318-В құжатында Халел Досмұха-медовтің 9 маусым 1903 жылы жазған Санкт-Петербург Императорлық әскери медицина академиясына өтініші бар және оқу орнына жіберілген құжаттар тізімі тіркелген:
1) Орал әскери-реалды училищесін бітіргені туралы аттестат және әзірлік класын бітірген бағалары берілген;
2) Туу туралы куәлік (анықтама);
3) Әскери қызметін өтеу жөніндегі анықтамасы;
4) Барлық құжаттарының көшірмесі;
5) 3 дана суреті [1].
Осы жылдың қыркүйегінде Халел Досмұхамедов Санкт-Петербург Импе-раторлық әскери медицина академия-сына студент болып оқуға қабылдана-ды. Студенттік шағында Орал облыстық земстволық стипендия тағайындалған.
1908 жылы 2-інші желтоқсанында Халел Досмұхамедовтің Тоқтыбаева Сағира Жармағалиқызына үйленгені жөнінде анықтама құжаты тіркелген. Сағира 18 жаста, Халел 25 жаста делін-ген [2].
Сонымен қатар Халелдің оқу орны-на жазған өтініштері бар, үйленуге рұқ-сат сұраған, жас семьяға бөлме сұра-ған, стипендия туралы жазылған. Бұл өтініштерінің бәрі де қанағаттандырыл-ған [3]. Стипендияны (шәкіртақыны) Сағираның әкесі №6 ауыл старшинасы ай сайын 50 рубль мөлшерінде Халел Досмұхамедовке төлеп тұрады делін-ген. Барлық стипендия 90 рубль деп белгіленген.
Сонымен қатар 5 жыл бойына оқы-тылған сабақтары мен өткен практика-ларының бағалары қойылған анық-тама қағазы – выпускное бар [4]. Ал медицина академиясының дипломы Халел Досмұхамедовтің қолына әске-ри борышын және практикасын толық аяқтаған соң берілетіні айтылған.
Халел Досмұхамедовтің студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның сая-си білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикер», «Уральский листок» газеттеріне мақа-лалар жазып, болып жатқан саяси тол-қулардың мән-жайын халыққа түсін-діріп отырды. 1905 жылы Орал қала-сында бес облыстың делегаттары жи-налған съезде Ресей кадеттері партия-сының жергілікті бөлімшесі есепті құ-ралған Қазақ конституциялық-демок-ратиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б. Қара-таев, М. Бақтыгереевтермен бірге сай-ланды. 1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен бітіріп, офи-цер ретінде келісімді мерзімге әскери міндетін өтеуге жіберілді [5]. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-інші Түр-кістан, 2-інші Орал казак-орыс атқыш-тар батальонында әскери кіші дәрігер-лік қызмет атқарды. Осы жылдары Орал қалалық ауруханасында бір жыл мамандандыру курсын өтеді. 1912-1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбек-тері үшін Императорлық қола медаль-мен марапатталады. 1913 жылы Орал облысының вице-губернаторы берген №6618 куәлікпен әскери борышын өтеуден босап, Орал облысы Темір уе-зіне бөлімшелік дәрігер болып орна-ласты. 1913-1918 жылдары «Қазақ» газетінде «Темір дәрі хақында», «Сары кезік-сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақы-рыптарда мақалалар жариялап, өзін-дік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бо-роться с чумой среди киргизского на-рода» деген кітабы өз кезінде оба ін-детіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды.
1917 жылы Ресейдегі Ақпан рево-люциясынан кейін қазақ даласында облыстық жалпықазақ съездерін ұйым-дастырып, өткізуге атсалысты. Орал облыстық қазақ съезінде Жаһанша Дос-мұхамедов екеуі «Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері» атты жергілікті және об-лыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді. 1917 жылы мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік Құрылтай жина-лысына депутаттыққа кандидат ретін-де ұсынылды. 1917 жылы желтоқсан-да 2-ші жалпықазақ съезінде жария-ланған Алашорда үкіметі – Ұлт Кеңесі құрамына енді. Алаш қайраткерлері-мен бірге бірінші кезекте халықты бү-ліншіліктен қорғайтын ұлттық әскери-халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық, қаражат жинау ісіне күш салды. Уақыт-ша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі ны-ғайған тұста, 1918 жылы наурыз айын-да Жаһанша Досмұхамедовпен бірге Кеңес үкіметінің басшысы В. И. Ленин-мен, ұлт істері жөніндегі халық комис-сары И. В. Сталинмен келіссөздер жүр-гізеді. Большевиктер Кеңес үкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды та-лап етсе, олар Алашордаға ішінара би-лік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде Кеңес органдары тұтқындаған Алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқта-ту, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді батыл қоя береді. 1918 жылы 18-21 мамырда Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақ-станның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым – «Ойыл уәлаяты» Уақытша үкіметін жариялауға қа-тысты. Алашорда қайраткерлері бұл құры-лымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат берді. 1919 жылы Ке-ңес үкіметін амалсыз мойындаған соң, Қазақ өлкесіне басқару жөніндегі револю-циялық комитеттің 1920 жылы 5 наурыз-дағы Алаш қозғалысының белсенді мүше-лерінің бір тобымен Досмұхамедов Ресей-дің орталық губернияларына жіберілді. Осы жылдың жазынан бастап, Ташкентке келіп жұмыс істеді. 1920-1921 жылдары Ташкент-тегі физикалық әдіспен емдеу институты-ның ординаторы; Қазақ педагогикалық институтында мектеп дәрігері, Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факуль-тетінің хирургиялық емханасында ордина-тор, 1922-1924 жылдары Түркістан Денсау-лық сақтау халық комиссариаты коллегия-сының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды. 1923 жылы Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы шығармашылық бөлімінің мүшесі, 1925 жылдан шығармашылық бөлімнің меңгерушісі, 1926 жылы Қазақ мемлекеттік баспасы басқармасының мүшесі және мең-герушісінің орынбасары қызметін атқарды. Жауапты қызметтер атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына мол үлес қосты. «Таби-ғаттану», «Жануарлар», «Адамның тән тір-лігі», «Оқушылардың саулығын сақтау», «Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер» т.б. оқулықтар мен ғылыми ең-бектер жазды. 1922-1925 жылдары мәде-ниетті көркейту мақсатында құрылып, жұ-мыс жасаған «Талап» қауымының жұмысын ұйымдастырып, халқымыздың мәдениеті-не, тарихына қатысты материал жинақтап, тілдің дыбыс жүйесін зерттеді. «Қазақ-қыр-ғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы» (1924), «Шернияз шешен» (1925), «Алаш не сөз», «Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу ту-ралы әпсана» (1927) т.б. жинақтарын шы-ғарды. 1924 жылы Ресей ҒА-ның орталық өлкетану бюросының мүшесі болып сайлан-ды, осы жылы Түркістан халық ағарту ко-миссариаты атынан Орынборда өткен қа-зақ білімпаздарының, Мәскеуде өткен Бүкіл-ресейлік денсаулық сақтау қызметкерлері-нің съездеріне қатысты. 1927 жылы Қазақ пединститутының доценті болып бекітілді. Қазақ мемлекеттік университетінің ұйым-дастыру жөніндегі комиссиясының төраға-сы болып сайланды. 1928 жылы Қазақ мем-лекеттік университетінің әкімшілік-шаруа-шылық бөлімін басқарды. 1929 жылы осы университеттің профессоры болып бекітіл-ді. Алайда келесі жылы Кеңес өкіметі ұйым-дастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұт-қындалып, 1932 жылы 20 сәуірде ОГПУ үш-тігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жыл-ға жер аударылды.[6] Онда жүріп Денсау-лық сақтау және гигиена институтында бө-лім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтан-дыру амбулаториясы меңгерушісінің орын-басары болып қызмет істеді. Сондағы бір жыл келісімді мерзім бітсе де, елге оралма-ды. 1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып, Мәс-кеуге, кейін Алматыға әкелінді. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді. 1939 жылы 19 тамыз-да «Түрме ауруханасында өкпе туберкулезі-мен қайтыс болды» деген хабар келген. Бірақ бұл дерек толық анықталған жоқ. 1958 жылы 11 ақпанда ақталған. Қазіргі ту-ған жері Атырау облысының Миялы кентін-де оған ескерткіш қойылған, Атырау уни-верситетінде, Алматы және Атырау қалала-рындағы көшелердің біріне Халел Досмұха-медовтің есімі берілген. [7]Халел Досмұхамедов – мамандығы дәрі-гер бола тұра, тарихты, саясатты, тілдің да-му үйлесімділігін зерттеген ғалым. Оның көптеген ғылыми-зерттеу еңбектері баршы-лық әрі медицинаны да дамытуға көп ең-бек еткен адам.
Батыс Алашорда үкіметінің басшысы Жаһанша Досмұхамедовтің айнымас қанды көйлек жолдасы. Олардың достығы жөнін-де Алаш қайраткерлері арасында мәнді әң-гімелер сақталған. Мысалы, 1930-1932 жыл-дары Алаш қайраткерлері жаппай тұтқын-далып, әуелі өлім жазасына кесіліп, кейін-нен көпшілігі Воронежге жер аударылған жылдары бір-бірінен хабар ала алмаған уа-қытта Мағжан Жұмабаевтың «Екі дос» де-ген өлеңінде:
Қайда екі дос?
Орал боп-бос...
Қайда олар?
«Алла хақ, –
Біз нахақ», –
деп жүр деген сөзі адамға үлкен сезім тудырады.
Бүгінде Орал қаласында көшеге, кол-ледж-ге Жаһанша Досмұхамедовтің есімі берілді және ескерткіші қойылды, ал Халел Досмұхамедовке Зашаған кентінде көшеге есімі берілді. (авт. Д.С.)
Орал реалдық әскери училищесінде оқы-ған Алаш зиялылары туралы материалдар жалғасын тауып, баспаға шығарылып оты-рады.

 

Қаралым саны 2196

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463