Бүгін қолыңызға тиіп отырған «DANAkaz» журналының жаңа саны – тауық жылындағы тұңғыш нөміріміз болып тұр. Жыл басынан бері сабырын сарқа күтіп, қайта-қайта хабарласып, алаң көңілін білдірген, түсіністік танытқан барша оқырманымыздан басымызды иіп кешірім сұраймыз һәм рақмет айтамыз!

Рухани құндылық – ұлттық идеологияның қайнар көзі. Сондықтан да Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының маңызы зор. Мақаладағы айтылған мəселелерді арнайы тапсырма бермей-ақ, əр облыста атқара беруге болатынды.

Айнұр БАЗАРОВА,

«DANAkaz»-дың Ұлыбританиядағы тілшісі

Адам өз өмірінің қожасы екені анық, бірақ болашағын болжап білмейтіні ақиқат. Бала кезімнен шекара асып, шетелде білім алуды армандадым деп айта алмаймын. Мектепті үздік аяқтау, армандаған мамандығымның грантын жеңіп алу, дипломымды қолға алып, алғашқы еңбек жолын бастау, өмір жолымды құру секілді «қара-пайым» қиялдардың жетегінде жетілдім. Ойға алғанымдай, армандарым алдамады. Реттік сандары ауысқан-мен, орындалды. Бағымыз бен бабымыз қатар шауып, 2015 жылы жолдасым екеуміз кадрлар кенішіне айнал-ған «Болашақ» бағдарламасының мемлекеттік басқару және журналистика мамандығы бойынша стипендиаты атандық. Магистратураны оқу елін бірауыздан Англия деп таңдадық. 

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, алаштанушы, Ж. Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті

Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндеріне көз салсақ, тарих ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді көрер едік.

Айнагүл ОЙШЫБАЕВА,

Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі

Жаһанша Досмухамбетұлының Орал қаласында тұратын жиені Мар-жантас Қадырқызы Дәулетовамен сұқбат.

Қазыбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

журналист

1917 жылдың 19-22 сәуір күндері Орал қаласында Орал об-лысы қазақтарының бірінші сиезі өткен еді. Жаһанша Досмұха-медұлының төрағалығымен сол кездегі цирк үйінде 800-ден аса делегат көптеген мәселені талқылап, Орынбордағы жалпықазақ сиезіне баратын өкілдерді сайлаған. Осы датаға орай Орал қа-ласындағы Жұбан алаңында театрландырылған көрініс қойы-лып, тағылымды шара өтті.

Дәл осындай атаумен қазақ халқының талантты перзенті, белгілі жазушы Зейнолла Шүкіровтің 90 жылдығына орай атауымен поэзиялық кеш өтті. Тағылымды шараны ұйымдастыруға облыстық зағип және нашар көретін аза-маттарға арналған арнаулы кітапхана мұрындық болды.

Қадірлі оқырман, біз бүгін жырсүйер қауымның назарына Атырау өңірінің бір топ жас ақындарының шығармаларын ұсынып отырмыз. Жас қаламгерлердің шығармашылығынан Махамбеттің жалыны, Мұрат Мөңкеұлының елдік сары-ны, Жұмекеннің ой тереңдігі, Фаризаның лирикасы байқалатындай. Тырнақал-ды туындыларынан-ақ тың леп ескен ақындарға ақ жол тілейміз. 

Әсел НӘСІПҚАЛИЕВА,

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қор бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, Орал қаласы

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорын-дағы жинақталған дәстүрлі өнер коллекцияларының ішін-дегі қайталанбас туындылардың бірі – зергерлік бұйымдар. 

Рүстем НҮРКЕНОВ,

ҚР Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ҒЗИ ғылыми қызметкері, Астана қаласы

Бүгінгі заманның зерттеушілері Тәт-тімбет Қазанғапұлының (1815-1862 ж.ж.) бізге жеткен 50-ге жуық күйі бар дейді. Әр күйдің өзіне ғана тән ерекшелігі бар деп есептесек те, құрылымдық және дыбыстық сипаты жағынан әртүрлі дең-гейдегі шығармалар бар.

Құжырғали ТӨЛЕУІШЕВ,
мәдениет саласының ардагері

Бір күні кабинетімде қаннен-қапер-сіз отыр едім. «Қазақстан-Орал» теле-радиокорпорациясының басшысы Асы-лан інім кіріп келді. Қасында бір бей-таныс жігіт бар. Оны «Жәкібаев Мұрат» деп таныстырды. Фамилиясын естіп, сонау институттан соң бір-екі жыл Орал телевидениесінде істеген кезімде бірге істеген Жәкібаев Орынбай деген аға буын журналист ағамыздың баласы болдың ғой деп іштей шамаладым.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463