Жаһаншаның жиені

Айнагүл ОЙШЫБАЕВА,

Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі

Жаһанша Досмухамбетұлының Орал қаласында тұратын жиені Мар-жантас Қадырқызы Дәулетовамен сұқбат.

- Маржантас апа, әңгімені Жаһан-ша Досмұхамбетовке қалай туыстығы-ңыздан бастасаңыз.
- Сұлтан атамыздан тараған екі ұл – Досмұхамбет пен Ізмұхамбеттің ұрпақ-тарымыз. Досмұхамбеттен – Қабас пен Жаһанша тараса, Ізмұхамбеттен – Өл-дән мен Шәріп туған. Шәріптен туған қыз – менің анам Қанипа деген кісі. Анам Қанипа Жаһанша атамның тәр-биесінде болып, содан сол кісінің қа-рындасы саналып кеткен. Ал Өлдән-нан тараған Қадес пен Құдес болатын, Жаһанша мен Ольга анамызда бала болмай, осы Қадесті бауырларына салған еді. Ол кісі де ұзақ жыл Мәс-кеуде тұрып келді. Мен өзімді «Жаһан-шаның жиенімін» дейтінім осы.
- Маржантас апа, Ольга шешемізді соңғы көрген өзіңіз екен. Айтыңызшы, қандай жан еді?
- Жарықтық, Ольга анамыз өте қара-пайым еді. Осы біздің Жымпитыдан барған барлық ағайын-туысты ғана емес, кейін үкіметтің жұмысымен бар-ған басшылардың да талайын қарсы-лап қонақ қылған, кәдімгі қазақтың бәйбішесі болып кеткен алтын жан болатын. Мен 1986 жылы тамыз айын-да Мәскеуге барғанымда сол үйге тоқ-тап едім. Бұл менің ол кісіні соңғы көруім екен. Сол жылдың желтоқса-нында қайтыс болды. Мәскеудің Ша-боловка көшесінде тұрды. Қолы ашық, жомарт жан еді. Елдегі жандардың бә-рін сұрап, жаны қалмай күтетін. Біз ол кісіні Зайра апа деп атап кеткенбіз.
- Мәскеуде ол кісіге кімдер қарас-ты екен?
- Ол өзі атақты Колосовскийдің қызы емес пе?! Апасы Тұрар Рысқұлов-тың әйелі болатын. Сондықтан Тұрар-дың балалары қарасты. Мен де олар-дың немерелері Володия мен Юлияны жақсы танитынмын, араласып тұрдық. Соңғы кездері ғана байланыс болмай қалғаны.
- Жаһанша атамыз бен Зайра ана-мыздың өзара қарым-қатынасы қан-дай болды?
- Заты орыс болса да, сонау 1936 жылы атамызды тұтқындап, артынан ату жазасына кескеннен соң да анамыз тура 50 жыл бойына сол шаңырақтың түтінін сөндірмей отыруы нағыз сүй-ген жарға тән қасиет деп есептеймін. Мына жақтан барған ағайынның бә-ріне дастарқанын жайып, күтіп отыра-тын ерекше қонақжайлығы да бізде тартқан деп отыратын үлкендер. Адал жар, қиналғанда сүйеу болған табанды дос дер едім. Екуінің арасында ерекше шексіз таза сезім болған секілді. Сол үшін де өмірінің соңына дейін Досмұ-хамбетовтердің шаңырағына адал болып өткен асылдың сынығы.
- Өзіңіз туралы айтып өтсеңіз.
- Өзім Орал педагогикалық инсти-тутының жаратылыстану бөлімін біті-ріп, ұзақ жыл мектепте қызмет еттім. Соңғы бес жыл уақыттай қала ішіндегі әкімшілікте мемлекеттік қызметті де атқарып үлгердім. Ольга анамыз тойы-мызға құттықтау жіберген ағаңмен құр-ған отауым құтты болды. Ағаңның сәл ертерек өмірден кеткені болмаса, ұлымды ұяға, қызымды қияға қон-дырып, немере-жиендерімді бағып отырған бақытты әжемін.
- «Ольга анамыз құттықтау жібер-ді» дейсіз бе?
- Иә, ол хат мынау. Орыс тілінде жа-зылған екі беттік хатты қазақшаласа, осындай болар: «Қымбатты Маржан.
Шын жүректен Әділ екеуіңізді заңды некелеріңізбен құттықтаймын. Бұл некенің ұзақ та бақытты боларына сенімдімін. Өзім бара алмасам да, сіз-дерді құттықтап жеделхат жолдаған едім, алған шығарсыздар. Соңғы кезде көзім нашар көретін болып жүр. Кешке қарай не оқи, не жаза алмаймын. Әп-кем де соңғы кезде жиі ауыратынды шығарды. Жүрегі нашарлап жүр. Қап, сені құттықтаймын деп, өзім көңілсіз нәрселерді жазып кеттім. Бірақ енді ол біздің өміріміз ғой. Володя (Әпкемнің немересі) сабағын жақсы оқиды. Қа-зіргі басты пән деп араб тілін мең-геріп жүр. Бүгін Мәскеудің ауарайы сондай тамаша болып тұр. Барлық тума-туыстың қалдері қалай, бәріне менен дұғай сәлем айт. Жақында не-мере ағайым қайтыс болды. Ол Сверд-ловск қаласында тұратын. Біз көп кө-рісе бермейтінбіз, бірақ туыс болғасын қиын екен. Мезгілсіз қазасына қатты уайымдадым. Саған бақыт пен табыс тілеймін. Мені ұмытпағайсың.
Сәлеммен өзіңнің О. Досмұхамбе-товтан».
Бұл хатта Зайра анамыздың соңғы демі, елге деген сағынышы мен ыстық сәлемі жатқандай еді.

 

 

Әңгіме соңында Маржантас апамызды Сырым ауданында биыл өтетін Алаштың 100 жылдығы мен Жаһанша атамыздың 130 жылдығына арналған іс-шараларымызға шақырып, қимай қоштастым.

Қаралым саны 833

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463