Қолдың сәні – білезік

Әсел НӘСІПҚАЛИЕВА,

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қор бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, Орал қаласы

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорын-дағы жинақталған дәстүрлі өнер коллекцияларының ішін-дегі қайталанбас туындылардың бірі – зергерлік бұйымдар. 

 Әйел әшекейлерінің ішінде ерте-ден келе жатқан және күні бүгінге де-йін кең қолданылатын әсемдік өнер-дің бірі – білезік. «Білезік» сөзінің шы-ғу төркіні – білек пен жүзік сөз тіркестерінен құралған немесе оны білекке салынған жүзік деуге де болады. Оны қыз-келіншектер де, орта жастағы әйел-дер мен үлкендер де салған. Тіпті 3-4 жасқа келген қыз балаға ата-анасы «Бо-йын түзеп, сән-салтанатта өссін» деп бі-лезік соқтырған.
«Батыс Қазақстан облыстық тари-хи-өлкетану музейінің жаңарып ашыл-ған күміс зергерлік бұйымдары қойыл-ған «Жайық жауһарлары» залында кү-міс білезіктің бірнеше түрі халық наза-рына ұсынылып отыр. Музей қорына түскен жүзден астам білезіктің әрқай-сысының өзіндік тарихи оқиғасы мен тапсырылғын уақыты бар.
Солардың ішіндегі ерекшелерінің бірі – 1976 жылы Тайпақ ауданы (қазіргі Ақжайық ауданы) Өлеңті ауылының тұрғыны Іңкәр Қаженова тапсырған үш ақық тастан салынған көзі бар, айна-ласы сегіз қатарлы шыбық секілді өр-некпен көмкерілген түйіршікті ою бе-дері бар білезік. Ол Жымпиты ауданы (қазіргі Сырым ауданы) Қособа ауылы «Тоқсоба» руының тумасы Иманғали атты зергердің қолынан шыққан туын-ды екен.
1983 жылы Сайфуллин Сәкен Қа-сымұлы тапсырған, бетінде селдір жә-не түйіршікті бедерлі өрнектері бар кү-міс білезік 1897 жылы туылған Асыл атты әжесінен мұраға қалған екен.
Ерекше тарихымен көз тартатын беткі бетінде селдір және бедерлі түйіршікті өрнегі бейнеленіп, айнала-сы безендірілген білезіктің тағы бірін 1983 жылы Жаңақала ауданы Жаңа-талап ауылының 1915 жылы дүниеге келген, Кердері руынан шыққан Рәш Меңғалиева есімді тұрғыны тапсыр-ған. Бұл білезік ХХ ғасырдың басында әкесінің арнайы тапсырысымен жа-салған екен.
Ал ХХ ғасырдың бас кезіне жатқы-зылатын, енесі Иба Иманғалиевадан мұраға қалған, орта тұсында күнбағыс гүлі секілді өрнегі оймышталып жаса-лып, беткі бетінде өсімдік тектес ою бейнеленген, шет жақтарына түйіршік-ті және бедерлі өрнектер жүргізілген күміс білезікті 1985 жылы Шыңғырлау ауданы Амангелді ауылының тұрғыны Қарлығаш Көбенова тапсырған. Бұдан көретініміз – күміс білезіктердің атадан балаға мирас етіп қалдыруда орны айрықша болған.

Қаралым саны 2619

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463