«Жеңіс тарихының» тарихы

Құжырғали ТӨЛЕУІШЕВ,
мәдениет саласының ардагері

Бір күні кабинетімде қаннен-қапер-сіз отыр едім. «Қазақстан-Орал» теле-радиокорпорациясының басшысы Асы-лан інім кіріп келді. Қасында бір бей-таныс жігіт бар. Оны «Жәкібаев Мұрат» деп таныстырды. Фамилиясын естіп, сонау институттан соң бір-екі жыл Орал телевидениесінде істеген кезімде бірге істеген Жәкібаев Орынбай деген аға буын журналист ағамыздың баласы болдың ғой деп іштей шамаладым.

Асылан інім жәйласқан соң: «Ал, Мұ-рат, сен айтқан жұмысты бір атқара алатын кісі – осы Құжақаң. Енді әр жа-ғын өзің білесің» - деді. Мен ештеңе түсінбедім. Мұрат жәйлап, кібіртіктеу қазақшасымен түсіндіре бастады. Ірілі- уақты басшы болған пенденің, иә, иә, пенденің бір ортақ кемшілігі – ол ал-дына келген адамды ақырына дейін тыңдамау. Әрине, артыңда қарайған ісің қалды істелмеген, оның мылжы-ңын енді жарты сағат тыңдасаң, тиімді келісімнен құр қаласың, онда жина-лыс, мында керек кісі күтіп отыр. Мен де оның сөзін аяқтатпай: «Иә, інім, тү-сіндім, қашан жүреміз?» дедім. Ол: - «Ертең сағат 7.30-да мен сізге соға-мын» деді.
7.30. Сәуірдің бір жылымық күні Самара бағытында шетелдік жәйлі кө-ліктің алдында шалқая жантайып тар-тып келеміз. Жолдың сәні – әңгіме. Оны жасы үлкен менің бастауым орынды.
- Мұрат, кино жасау, жалпы шығар-машылық деген сала сенің кәсібіңде келіспейді ғой. Неге фильм жасауға бекіндің? - дедім. Мұрат әңгімені әрі-ден бастады.
- Әрине, күнкөріс, пендәуи тұрғы-дан келсек, менің бұл ісімді дәл мен-дей түсіну қиын. Әрине, өзім, отбасым үшін жинаған дәулетім жеткілікті, Құ-дай кешірсін. Бірақ адам баласына өзін толыққанды адам ретінде сезіну үшін дүниенің басқа да бір құндылық-тары керек екен.
Мен ішімнен таңғала бастадым. Ақша қуған жігіттердің, әсіресе, сол жылдардағы қазақ жігіттерінің ішінде бұндай ойды құлданбақ түгілі, ойлай-тындар сирек кездесетін.
«Біз досымыз екеуміз жылда шетелге шығамыз. Мақсатымыз – көру, білу, танысу. Өткен жылы осындай бір саяхат кезінде бір неміс шалымен кез-дестім. Ол екінші дүниежүзілік соғыс кезінде атақты «лютбаффе» самолет-терінің бомба жабдықтаушысы болған екен. Сондықтан өзін «Қырандар ко-мандасы» деп мақтанышпен таныс-тырды. «Е, баяғы бізден жеңілген не-міссің ғой» - деп оның сөзін салғырт тыңдадым. «Менің еңбегімді үкімет ескерді, жоғары бағалап отыр» - деді ол саусағын жоғары шошайтып. «Міне, осы санаторийге жылына өзім қалаған кезде екі рет келіп демаламын. Соғыс солдаты ретінде жақсы үй салып берді, машина берді».
Осы сөздерден кейін мен ойланып қалдым. Бұл ғой кешегі қанды қырғын-да жеңілген солдат. Ал біздің мыңда-ған жеңімпаздарымыз не көріп жүр? Үй жоқ, тегін емделу тағы жоқ. Оларды біз қашан еске аламыз? Жылына бір рет 9 мамыр күні. Сол күні олар бүкіл марапаттарын төсіне тағып, «Мен әлі тірімін, бармын» деп көшеге шыққан-да ғана алдарынан шығып, амалсыз амандасамыз. Мырзалығымыз ұста-ғандарымыз оларға сол күні дастарқан жайып, алдарына бір жарты арақ қоя-мыз. Сол қазақтың қамыт аяқ шалдары мына Германияда жүрсе, олар не істер еді? Тіпті қиялым жетпейді. Сосын со-лардың тірі қалғандарының есімін ел есінде қалдыратын бірдеңе істегім келеді. Ондайда не ойыңа түседі? Ес-керткіш! Гипс пен бетоннан құйған тас мүсіндер жеткілікті ғой. Кітап жазу? Ол қолымнан келмейді.
Қару-жарақтың отаны, атақты Ка-лашников тұратын Ижевск қаласына барып тұрушы ем. Онда кезінде біздің «Металлист» зауытын салуға қатысқан достарым тұрады. Бір барғанымда со-ларға осы ойымды жеткіздім. Осы өзімді мазалап жүрген ойымды айт-тым. Олардың біреуі «Моя Удмуртия» деген республикалық теледидарда іс-теуші еді. Ол «Осында бірнеше халық-аралық жүлде алған белгілі режиссер Лев Вахитов деген бар. Өзінің шығар-машылық тобы бар» – деді. Соған мені жолықтырмақ болды. Кездестік. Өзім-ше ойымды жеткізген болдым. Ол әуелі басын шайқады. «Мен бұндай жұ-мысты жылдап жасаймын» -деді. Жас-пын ғой, мен оған бұл фильмді осы 60 жылдыққа (бір ай қалған) дайындау ке-рек» - деп қойып қалдым. Сонымен не басыңызды ауыртайын, бизнестен үй-ренген тәсілдің бәрін салдым. Монша-ға бардық, уәде еттім, жалындым, жал-пайдым, әйтеуір, бір жұмада Лев бас-таған түсіру тобын Оралға алып қайт-тым. Шынын айтуым керек, Оралға келіп, алғашқы кейіпкерлеріммен кез-дескен соң-ақ түсіру тобының да, ре-жиссердің да пікірі күрт өзгерді. Қара-пайым ауыл адамдары, оларды қолы-на камера ұстаған адамдарды құдды бір космонавт көргендей қарсы алды, бір сөзден айтқанда, қара қазақтың пейілі мен ақжарқын көңілі бұл топқа кейін шегінетін жол да, сылтау айтатын мүмкіндік те қалдырмаған сияқты. Қыс-қасы, олар келген күннен бастап жұмыс-қа бүкіл ынта-жігерімен кірісіп кетті. Менің қызметім олардың ас-көлігі деңгейінен аспай қалды. Мен шығар-машылықтың адамы емеспін ғой. Тіпті соның өзі жақсы болды. Жұмысым біраз жеңілдеді...
Сол кезден осы уақытқа дейін 15 фильм дүниеге келді. Қазір ойлап отырсам, сол кезде шығармашылық топтың жұмысына, несін жасырайын, кейде нұсқау беріп араласып кетуші ем. Бекер екен. Әркім өзінің білетін, жақсы меңгерген жұмысын істеуі ке-рек. Соның ішінде шығармашылық жұ-мыста нұсқау, басқару деген өте жа-распайтын іс екен. Оған осы күні көзім жетті. Шығармашылықтағы адамсың, ойында не бар екенін көптің білуі мін-детті емес. Оның өзі біледі, сосын бір Алла білетін шығар. Сол белгісіздіктен, тылсым құпиялықтан туған дүние қы-зықты, салмақты болады. Сол шыққан күні кеште Удмуртия деген елдің аста-насы Ижевскге топ ете қалдық. Жұмыс-қа да кірісіп кеттік. Менің міндетім – орысша дайындалған киносценарий-лерді қазақ тіліне аудару, сосын оны таспаға оқу. Көп қиындығы жоқ жұмыс. Қонақ үйдің бір номеріне кілттеніп алып, кірісіп кеттім. Маған қиындық келтірген өзімнің жазуым болды. Со-нау лекция жазған студент кезімнен жазуым нашар. Кезінде жазуыма күл-ген жолдастарыма: «Ұлылардың бәрі-нің жазуы нашар болған, менің жа-зуым тура Лениннің жазуындай емес пе?» – деуші едім. Орыс жерінде маған қазақша қағаз басып беретін театрда-ғы Жарқынай жоқ. Ертеңіне біз жал-данған дыбыс студиясына бардық. Мұ-рат бүкіл «Моя Удмуртияның» бізге керекті біраз студиясын көп ақша тө-леп жалдап алған екен. Әсіресе, Мәс-кеу мен Санкт-Петербургтің киноар-хивтеріндегі режиссер таңдап алған тарихи кадрлардың әр секундына 10-30 доллар төлеп отырды.
Мені таспаға жазып отыратын жігіт, обалына қалып не қыламын, аса ше-бер, аса мәдениетті адам. Бөлмеде жалғыз өзім отырсам да, текстінің әсерінен, әсіресе, Хиуаз апай туралы оқығанда көңілім босап, тамағыма «томалақ» кептеліп қалғанда ол ком-пьютерді бірден тоқтатып, маған сал-қын суын, әлдебір шөптен езген қос-пасын ұсынып тұрады. Ең бастысы, сөз түсінбесе де, менің психологиялық жағ-дайымды алыстан түсініп отырды.
Барлық түсірген материалдарын салмақтай келе, Лев тоғыз деректі фильм жасақтауға болады деп шешті, редактор Т. Баженова сол тоғыз фильмге текст жазып қойған екен. Ен-дігі кезек менде. Мені қамшылаған ұлттық намыс болды. Біздің елден, оның тарихынан бейхабар өзге ұлт адамдары менің өз халқымның ерлігі туралы осынша дүние жасап отырған-да, сен, қазақ, неге сонша еңбек сіңір-меуім керек!. Екі күнде тоғыз фильм-нің текстісін аударып, жазып шықтым. Сол екі күнде олардың дыбысын жа-зып та үлгердім. Әрине, асығыс болды. Осы күндері, он-он бес жыл өткен соң Жеңіс күні қарсаңында сол фильмдер-ді теледидардан көріп отырып, мүдір-ген-кідірген жерлерімді мәтіннің, ко-лоритін бере алмаған жерімді сезіп отырам. Әттең, тағы бір күн болғанда ғой! Ақыры сол тоғыз фильмді дәл Же-ңістің 60 жылдық мерекесіне үлгіртіп алып келдік. Фильмдер әуелі жергілікті теледидардан, сосын «Хабар», «Қа-зақстан» сияқты орталық теледидар-дан да жүре бастады. Тоғыз фильмге ортақ «Жеңіс тарихы» деген атау бері-ліп, ол фильмдер елге таныла бастады.
Екі жыл бұрын Жеңістің 70 жыл-дығын атап өттік. Демек, біздің бұл фильмдер түсіре бастағанымызға 10 жыл болған екен. Жыл сайын Жеңіс күніне міндетті түрде тағы бір-екі фильм қосамыз. Бір қарамаға ауқымы шектеулі бір тақырыптың кеңдігі өзі-мізді де таңдандырады. Бірақ бұл Же-ңіс – тарихта теңдесі жоқ ұлы оқиға ғой. Әсіресе, кеңес халықтарының ішіндегі қазақ халқының ерлігі, жанкештілігі мәңгі, таусылмайтын тарих десе де бо-лады. Соғыстың алғашқы күні-ақ бұндай сұрапыл оқиғаны алғаш рет көріп, жандарын шүберекке түйіп, Брест қорғанысының ішінде де жан сақтап жатқан мың сан қорғаушылардан те-резеден шығып, атып тұрған танкке гранат лақтырған басқа ұлт емес, қа-зақ баласы, ал 60 келі пулеметті иін ағаш салмаған уыз иығына салып өле-өлгенше арқалап өткен Мәншүк қарын-дасымыздың ерлігі мен жанкештілігін тіпті түсіну қиын. Ал оқ кезіп жүрген амбразураның ауызын денесімен жап-қан Сұлтанның ерлігі ше? Осылар, шы-нында, ерлік пе, оларға солай істе деп нұсқау беріп тұрған ешкім жоқ. Сонда оларды не көтерді, қандай күш алға итерді? Қара тірлікпен жүрген пендеге оны түсіну қиын, ал соғыстан 80 жылға ажыраған ұрпаққа түсіну тіпті мүмкін емес.
Сонымен, фильмдер жайлы әңгі-мемді жалғастырайын. Жалпы қандай іс те, оқиға да уақыт өткен соң бағала-нады ғой. Кезінде біз өзіміздің не іс-теп, қалай істеп жүргенімізді онша тү-сінген жоқпыз. Әйтеуір, істеу керек де-дік, істедік. Осы күні арада он шақты жыл өткенде не бітіргенімізді, оның маңызын енді түсіне бастадық. Қазір біздің фильмдеріміздің кейіпкерле-рінің жартысынан астамы жоқ екен. Бірақ жылда Жеңіс күнінде болса да, кинодан көріп отырған соң, олар өлме-ген сияқты. «Е-е, мынау бәлен ғой» - деп отырамыз. Біздің жұмысымыздың нәтижесі де осы ғой. Біз жеңімпаздар-ға өшпес ескерткіш орнаттық! Мұрат өз мақсатына жетті. Өзінің адал көңілі табандылығының арқасында оның мақсаты орындалды. Осы орайда ол басқарып отырған ұжымның да Мұ-ратпен қатар осы іске үлес қосқанын атап кетуім керек. Фильмдерді түсіру барысында Мұрат басқарған мекеме-нің аз қаражаты шыққан жоқ. Соның бәріне олар түсіністікпен қарады. Бір рет маған Мұрат былай деді: «Осы жо-лы, аға, Ижевскідегі кинотоппен есеп-тесу үшін ұжымның бір айлық жалақы-сын алып кетуге тура келді. Бірақ кеше ұжымда жиналыс жасап, Осылай да, осылай, бір айға жалақыны кідірту қа-жет болып тұр» дегенімде, олар сөзге келмей түсінді, мақұлдады. «Бұндай тек қазақ ұжымында болады. Басқа ұлт болса, қайтер еді! Біз де сол Мән-шүк пен Төлегендердің бүгінгі ұрпа-ғымыз ғой. Бізді бөтен түсінбес. Мейлі, есесіне біз өзімізді өзіміз түсінеміз. Біз Мәншүкті, Хиуазды түсінеміз. Содан сол түсіністікпен батыр ұрпақ жалға-сады. Батырдан батыр туады..
Арада жылдар өтті. Жеңістің 60 жыл-дығы өтті. 70 жылдығы өтті. Соғыс, он-да көрген қиындық пен адам сенбес ерлік пен ездік тақырыбы жиі жады-мызға оралып, жүрегімізді де жиі тол-қытпайтын болды. Бірақ, бір ғажабы, бұл адамзат тез ұмытатын қатардағы тақырып емес екен. Арада жыл-
дар өтіп, келесі Жеңіс күні келер шақ-та сол жеңіс үшін шейіт болғандар-дың аруағы маза бермеді. Қайтадан қолға қалам алдық, камераға кассета сала бастадық. Облысты аралап, кейіп-кер іздейтін болдық. Егер олай істеме-сек, оларды тек ұрпақтары емес, бүкіл адамзат ұмытатындай сезімде бол-дық. Қазір де ой үстінде жүрміз. Мыса-лы, ел аралай жүріп, Жәнібек ауданын-да Зейнеп деген апайды кездестірдік. Ол кісінің бала кезіндегі еміс-еміс есте қалған естелігі бізге әлі күнге маза бер-мейді. Соғыс кезінде Жәнібекте тұрған әскери эшелондардың бомбалануы туралы біз арнайы фильм түсірдік. Міне, сол бомбаланған эшелондардың бірінде құрамында КСРО-ның әлдебір жері-нен көп бала тиеген вагондар болған екен. Сол балалардың ішінде осы Зейнеп апа сіңлісімен болған. Балалар-дың қай республикадан, қай балалар үйінің балалары екені белгісіз. Зейнеп апа тіпті өзінің қай ұлт екенін де біл-мейді. Балаларды қазақ отбасыла-
ры бөліп-бөліп, өз жанұяларына
алып кеткен. Сөйтіп, Зейнеп апайға «Зейнеп» аты беріліп, қазақ қызы бо-лып өседі. Өркен жаяды. Қазір ол – ұлын ұяға, қызын қияға ұзатқан кәдімгі қа-зақ аналарының бірі. Оны қанша сұрап мошқасақ, та не ұлтын, не ата-анасын айта алмады. Осы оқиғадан мен, сірә, ұлттық сезім адамшылық санадан кейін пайда болған деген ой келеді. Өзінің елін, ұлтын ұмыттыратын қайы-рымдылық, достық тек қазақ хал-қында ғана бар сияқты. Бұл ұлы, қа-сиетті тақырып емес пе? Ойлап көрі-ңізші! Ал бұндай шытырман тарих соғысқа қатысқан екеудің біреуінде бар. Шынында, мәңгі тақырып! Себебі соғыс тек бір мемлекеттің жеңуі, екін-шісінің жеңілісі емес, сонымен бірге жаратылыстан бері жалықпай жағала-сып келе жатқан ақ пен қараның, қайы-рым мен зұлымдықтың, адамшылық пен айуандықтың мәңгі соғысы ғой. Сондықтан да соғыс тақырыбы, әсіре-се, Ұлы Отан соғысы тақырыбы – мәңгі тақырып. Тарихын ұмытпаған ел – мәң-гі ел, тарихын ұмытпаған ұрпақ – мәңгі ұрпақ!
Орал қаласы

Қаралым саны 1009

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463