Орал әскери реалдық училище түлегі, алаш қайраткері – ғұбайдолла бердиев

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, алаштанушы, Ж. Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті

Ғұбайдолла Бердиев Есқалиұлы 1883 жылы Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық ауылында дүниеге келген. Мүсірәлінің Есқали деген бала-сынан Ғұбайдолла туады.

Мүсірәлінің тұңғыш баласы – Дос-жан Бердиев (1841 жылы туған) Жәңгір ашқан төртжылдық мектепті бітірген. Оқуға зерек Досжан кейін Орынборда-ғы Неплюев атындағы жетіжылдық ка-дет корпусында оқиды. Оқуды бітірген соң арнаулы жолдамамен Гурьев уезін-де аудармашы болып жұмысқа жібері-леді. Ол Ғұбайдолланы тәрбиелеп, са-уатын ашуға көмектеседі. Досжан 1914 жылы 73 жасында қайтыс болады. Бейіті Махамбет ауданындағы (бұрынғы То-ғызыншы ауыл деген жерде) әкесі Мү-сірәлінің қасында.
Жастай зерек Ғұбайдолла Есболдың «Қызыл үйі» аталатын екі класты орыс-қазақ мектебін бітіріп, Орал қаласында реалдық әскери училищесіне оқуға түседі. Ол Халел Досмұхамедовпен бірге оқуға түсіп, оқу орнын 1902 жылы біті-ріп шығады. Осы оқу орнында 1 жыл-дық әзірлік курсында оқып, Ғұбайдолла Бердиев 1904 жылы Қазан қаласына оқуға түседі. Оқу жылдарында Халел Досмұхамедов пен Ғұбайдолла Бер-диевтің арақатынасы үзілмейді.
Ғұбайдолла Бердиев 1905 жылы 9 қаңтарда Қазан қаласында өткен сту-денттер ереуіліне қатысқаны үшін оқу-дан шығарылады, бірақ кейіннен оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады. Ол сол заманның озық ойлы оқыған зиялыла-рымен сырлас болған. 1908 жылы оқуын аяқтап, мал дәрігері мамандығын алып, елге оралады. Ол – өлкеміздегі алғаш-қы қазақ мал дәрігерлерінің бірі.
Оқуды бітірген соң Ғұбайдолла Бер-диев Гурьев уезіндегі Соколинск кент-терінде Жылыой елде мекеніндегі Сім-берті, Қаратөбе, Бланк, Қарабайлы, Жаршық болыстарында 1917 жылға дейін Гурьев уездік бас мал дәрігері болып қызмет атқарады. Мал дәрігер-лік қызмет көрсету бекетін салдырып, алғашқы рет Атырау өңірінде ғылыми негізде мал дәрігерлік қызмет көрсету-дің негізін қалады. Қызмет бабымен көбінесе ел аралап, ауылдарға келіп, малды бағып күту, мал арасындағы жұқ-палы аурулардан сақтандыру, алдын алу шаралары, туралы ақыл-кеңес бе-ріп, емдеу жолдарын айтып, түсіндіріп жүрген.
1913 жылы Орал қаласындағы жер-гілікті тілде «Қазақстан» атты газет шы-ғып тұрған, сол газеттің шығуына өз қаражатынан 500 сом демеушілік көрсеткен. Осы газетке мал дәрігер-
лік қызметтің түрлі бағыттарынан ма-қалалар жазып, емдеу, сақтанудың ал-дын алу шараларын насихаттап отыр-ған.
Ғ. Бердиев 1917 жылы 21-26 шілде-деде Орынбор қаласында өткен Жалпы-қазақ сиезіне Орал облысынан өкіл болып қатысады. 1918 жылы Алаш қай-раткерлері өткізген Орал қазақтары-ның Жымпитыда өткен 4-інші қазақ сиезіне қатысып, белгілі заңгер Жа-һанша Досмұхамедовпен, оның орын-басары Халел Досмұхамедовтармен бірге «Ойыл уәлаяты» атты үкімет құ-руға атсалысады. Осы кезде Батыс Қа-зақстан өңірінде құрылған жергілікті қазақ комитеттерінің жұмысына бел-сене қатысады. Осындай жергілікті ко-митетті 1918 жылдың күзінде Қызыл-қоға, Ойыл өңірлерінде құрып, Халел Досмұхамедовтың шақыруымен Ғ. Бер-диев уездік мал дәрігерлік жұмысын тастап, Қызылқоға ауданында болыс-тық қызметтерді атқарады.
Алаш қозғалысының белді мүшесі, Алаш зиялыларының бірі, халық үшін аянбай еңбек еткен Ғұбайдолла Бер-диев 1922 жылы 39 жасына қараған шағында дүниеден өтеді.
Ғұбайдолла Бердиев көрмей кет-кен 1936-1938 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін саясатының зар-даптары оның туған-туыстарына, со-ның ішінде оның туған інісі Жайлашқа қатты әсерін тигізеді. Яғни зиялы қа-уым көрген азапты оның тума-туыста-ры бастан кешіреді. Өзіне төнген қа-уіпті сезген Ғұбайдолланың інісі Жай-лаш ағасының көптеген қолжазбасын, мақалаларын, іс-қағаздарын, фото су-реттерін киізге орап, далаға тығып тас-таған.
Ғұбайдолла Бердиевтің ұрпақта-рына келетін болсақ, Есқалидан Ғұбай-долла, Жайлаш, Халидолла, Борсан, Рабиға тараған.
Жайлаштың айтуы бойынша, Ғұ-байдолланың арғы атасы – Мүсірәлі. Ол өз балаларын оқытуға, мәдениет-ті азамат етіп өсіруге бар күшін жұм-саған.
Мүсірәлі Жайықтың батыс бетінде Қаңбақты деген жерде 1818 жылы дү-ниеге келген. Дәулетіне сәулеті сай көшелі адам болған. Оқығаны болма-са да, тоқығаны мол Мүсірәлі замана ағымын жіті аңғарып, тұңғыш баласы Досжанды Жәңгір хан ашқан 4 жылдық мектепке берген. Мүсірәлі 1838 жылы Шабанқара – Бегіс деп аталатын 40 шақты үйді жанына алып, Жайықтың шығыс бетіне көшеді, сөйтіп Жәнібек, Дәуіт, Бегіс деп аталатын ағайындары-мен табысады. Бәрінің басын құрап, өз алдына қоныс теуіп, бөлек ауыл бо-лады. Сол кезде бұл ауыл Есбол болы-сының жетінші ауылы деп аталады. Мүсірәлі – әрі би, әрі бай, елге жақсы-лығы мол, қайырымы көп, үлкен бе-дел иесі болған адам. Ол 1878-1884 жылдары Есбол болысының управи-телі болып сайланған. Мүсірәлі 1902 жылы 84 жасында қайтыс болады. Оның бейіті осы күнгі Махамбет ауданында, бұрынғы Тоғызыншы ауыл деп атала-тын жерде. Мүсірәлінің Есқали деген баласынан Ғұбайдолла Бердиев деген баласы дүниеге келген.
Ғұбайдолла Бердиевтен Жәниха, Мұхтар, София атты балалары дүниеге келген.
Жәниха апай (Жәниха Ғұбайдолла- қызы) 1990 жылы 79 жасында дүние-ден өтті. Оның Жұбайы Қабдымұрат Ұлы Отан соғысына қатысып, елге оралма-ған, олардың жалғыз ұлы Қуаныш – зейнеткер, Есбол ауылында тұрады.
Ғұбайдолланың ұлы Мұхтар 1916 жылы туған. 1937 жылы педучилищені бітірген. №16 ауыл «Тегісшіл» орталау мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңге-рушісі, мектеп директоры болып жүріп, 1942 жылы сәуірде соғысқа аттанады, соғыстан оралмаған. Сондықтан Мұх-тардан ұрпақ қалмаған.
Ғұбайдолланың қызы София пед-училищені бітіріп, 1946 жылға дейін Дос-сор поселкесіндегі қазақ орта мектебін-де мұғалім болады. 1949 жылы ұзақ нау-қастан қайтыс болады.
Ғұбайдолла Бердиевтің қызы – Жә-ниха Ғұбайдоллақызы (Оралбаева) 1911 жылы туған. 1935 жылы №9 ауыл «Қарашығанақ» колхозының шопаны Оралбаев Қалдымұратқа тұрмысқа шы-ғады, кейіннен 1970 жылға дейін За-уральный совхозында тұрған. Баласы Оралбаев Қуаныш 1939 жылы туған. 1956-1996 жылдардың аралығында 40 жыл бойы «Зауральный» совхозында шопан болып қызмет атқарған. Қазір зейнеткер.
Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, Ғұбайдолла Бердиевтің ұрпақтарынан бізге мәлім болған деректер осылар.
Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиевтің туған інісі Жайлаш Есқалиұлының ұр-пақтары:
1. Жайлашев Әубәкір – 1923 жылы №9 ауылда туған. 1940 жылы Атырау қаласындағы Жамбыл атындағы Қазақ орта мектебін бітіріп, сол жылы осы қа-лада ашылған мұғалімдер институты-ның тарих-филология факультетіне оқу-ға түседі. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы-ның басталуына байланысты институт жабылып, Әубәкір туған ауылына ке-ліп, «Қарашығанақ» колхозында есепші болып қызмет атқарады. 1942 жылы қазан айында соғысқа аттанып, 1946 жылы Киев қаласында операция үсте-лінде қайтыс болады.
2. Жайлашев Қайреден – 1926 жылы №9 ауылда туған. 1943 жылы Қызыл үй орта мектебінің 9 класын бітіріп, туған ауылы «Қарашығанақ» колхозында есеп-шілік қызметін бастайды. 50 жыл бойы үзіліссіз ауданның «Жалғансай», Ақтө-бе колхоздарында, «Первомайский» совхозында есепшілік қызмет атқарған. 1976 жылы Бүкілодақтық статистика-лық институтты жоғарғы бухгалтерлік есеп курсын сырттай оқып бітіреді, 1990 жылы зейнеткерлікке шығып, 1991 жы-лы қайтыс болады.

Жайлашев Қайреденнің балалары:
- Жайлашева Сәния Қайреденқызы – 1949 жылы туған. 1973 жылы Оралдың ауыл шаруашылығы институтының бух-галтерлік есеп факультетін бітіріп, 1992 жылға дейін Жылыой ауданы «Қосша-ғыл» совхозында есепші, бас есепші қыз-метінде болды. Совхоз тарағаннан ке-йін қазір Қосшағыл поселкелік ауруха-насының есепшісі қызметінде жүр.
- Жайлашев Әлімбай Қайреденұлы – 1953 жылы туған. 1976 жылы Алматы политехника институтының мұнай фа-культетін бітіріп, өзен мұнай өндіру бірлестігінің оператор, мастер, цех бас-тығы қызметтерінен өтіп, қазір осы бір-лестіктің бас инженері болып жүр.
- Жайлашев Әділбай Қайреденұлы – 1956 жылы туған. 1978 жылы Алматы полихтехника институтының инженер-лік факультетін бітіріп, «Первомай» сов-хозының сүт өндіру кешенінде, жылу орталығында инженер болды. Қазір осы акционерлік қоғамның газ тарату орталығының инженері.

Жайлашев Жақсылықтың балалары:
- Жайлашев Шалхар Жақсылықұлы – 1958 жылы туған. 1975 жылы Махам-бет орта мектебін алтын медальмен бі-тіріп, Алматы политехникалық институты-ның автоматика-телемеханика факульте-тіне түсіп, 1980 жылы бітіріп шықты. 1980-82 жылдарда әскер қатарында мамандығына сәйкес инженер қыз-метінде болды. 1982-2000 жылдарын-да «ЖайықНефть» мұнай өндіру бас-қармасының автоматика бөлімінде, 2000 жылдан бері «Ембімұнай» бірлес-тігінің автоматика бөлімінде бас ма-ман.
- Жайлашева Салтанат Жақсылық-қызы – 1960 жылы туған. 1981 жылы Орал ауыл шаруашылығы институтының бухгалтерлік есеп факультетін бітірген. Қазір аудандық қаржы бөлімінің бас есепшісі.
- Жайлашев Асқар Жақсылықұлы – 1964 жылы туған. 1986 жылы Орал ауыл шаруашылығы институтының инженер-лік факультетін бітіріп, 1989 жылға дейін Махамбет каналдар басқармасында инженер болды. 1990 жылы Одақтық ішкі істер министрлігінің Ставрополь қаласындағы жоғарғы курсын бітіріп, Жылыой ауданының ішкі істер басқар-масына қызметке барды. 1994 жылы сол ауданның салық полициясы басқар-масы бастығының орынбасары қызме-тіне ауысып, сонда қызмет етіп келеді. Полиция қызметінің подполковнигі.
- Жайлашев Саттар Жақсылықұлы – 1967 жылы туған. 1991 жылы Оралдың ауыл шаруашылығы институтының ин-женерлік факультетін бітірген. Сол жылдан бері Махамбет оқу-өндірістік комбинатында, Махамбет орта мекте-бінде ауыл шаруашылығы механизм-дерінен сабақ береді.
- Жайлашева Жанаргүл Жақсылық-қызы – 1972 жылы туған. 1993 жылы Орал ауыл шаруашылығы институты-ның экономика факультетін бітірген. Қа-зір Махамбет аудандық білім бөлімі бас есепшісінің орынбасары.
- Жайлашев Болат Жақсылықұлы – 1974 жылы туған. 1997 жылы Мәскеу-дің Мемлекеттік авиатехника универ-ситетінің ғарыштық техникалар факуль-тетін бітіріп, сол жылы Байқоңыр қала-сына мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. 2001 жылы Қазақстан Рес-публикасы Президентінің жанындағы басқару Академиясын оқып бітіріп, қазір Қазақстан Республикасы энерге-тика және өнеркәсіп министрлігі жанын-дағы Аэроғарыш Комитетінде бөлім бастығы.
5. Қайрошева Ақсұлу Жайлашқызы – 1938 жылы туған. 1959 жылы Орал пединститутының физика факультетін бітірді. Сол жылдан бері Есбол селосын-дағы Есбол орта мектебінде 35 жыл ұс-таз болып, 1995 жылы зейнеткерлікке шықты. Білім беру ісінің үздігі, әдіскер ұстаз.
Есқалиұлы Жайлаштың үлкен ұлы Әубәкір соғыстан оралмай, ұрпақсыз қалды. Қалған үш ұл-қыздан 24 ұл-қыз өсіп, азамат болып, әрқайсысы алған мамандығы бойынша адал қызмет етіп жүр. Олардың 19-ы жоғары білімді,
3-еуі екі жоғарғы оқу орындарын бі-тірген бесеуінің арнаулы орта білім-дері бар.
Қорыта айтсақ, биыл Алаш қозғалы-сына, Алашорда үкіметінің құрылғаны-на 100 жыл толмақ және Алаштың ар-дақты ұлы – Ғұбайдолла Бердиевтің ту-ғанына 130 жыл. Сондықтан да Алаш арыстарын зерттеп, олардың жүріп өт-кен жолдарын жас ұрпаққа насихаттау – біздің парызымыз.

Қаралым саны 3380

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463