Қазақстан Президенті биыл бүкіл халыққа «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жолдап, «Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады» деп жариялады. Қазір ел тарихын түгендеу, киелі жерге саяхат, рухани жаңғыру деген ұғымдар көптің аузындағы ұранға айналды. Қуаныштымыз, әрине.

Рухани жаңғыру терең білім, саналы ой, қажырлы еңбек, дұрыс тəрбие арқылы жүзеге асады.
Халықтың бəрінің бірдей санасы өздігінен жаң-ғырмайтыны анық, сондықтан ұмтылғандарын мемлекет қолтықтап, қолдау көрcеткені абзал.

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық
университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты

Біздің болашағымыз білімде. Сон-дықтан қазіргі жас ұрпақты саналы бі-лімге жетелеу үшін көршілес мемле-кеттермен қарым-қатынас ұстап, он-дағы білім беру жолдарын көріп, түсіну мақсатында Баку қаласындағы «CLOBAL CAREER INSTITUTE» тағалымдама өт-тік. Тағылымдаманың негізгі мақсаты білім беру жолындағы жаңашылдық деңгейлерін бақылап көру, бакалавр, магистратура, докторантураның негізгі бағдарламаларын, ондағы өзгерістерін айқындау болатын.

Мұқат ҚАЙЫРЖАНҰЛЫ

Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің жоғары санатты тарих пәні мұғалімі, Жымпиты селосы, Батыс Қазақстан

Алаш туы астында
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді ешкімнің алашты
Қорлығына бермейміз!
(Сұлтанмахмұт Торайғыров
«Алаш ұраны», 1917 ж)

Биылғы 2017 жыл ел тәуелсіздігі та-рихындағы айтулы жылдың бірі болмақ.
Тарихи құжаттардан белгілі, 1917 жылдың 13 желтоқсаны – екінші жалпықазақ сиезінің аяқталып, қазақ даласының түкпір-түкпірінен келген сиез делегаттарының тарқаған күні. Ал Алаш қайраткерлерінің жекелеген естеліктері мен құжаттары Алашорда үкіметінің құрылған күні деп желтоқсанның он екісін көрсетеді. Ал сиез делегаты, математик Әлімхан Ермеков-тің мақаласы үкіметтің жасақталған уақыты мен автономия туралы қуанышты хабардың қай сағаттарда айтылғанын нақтылай түседі: «Декабрьдің 12-күні, түс ауа, сағат 3-те дүниеге «Алаш» автономиясы келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты Алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көте-рілді… Жасасын Алаш автономиясы!» [«Сарыарқа» газеті, 22 қаңтар, 1918 жыл.]

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, алаштанушы, Ж. Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті

Ғұбайдолла Бердиев Есқалиұлы 1883 жылы Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық ауылында дүниеге келген. Мүсірәлінің Есқали деген бала-сынан Ғұбайдолла туады.

Айбек ТҰРАРҰЛЫ,

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайының археология ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі

Атырау өңірінен табылған археологиялық қыш бұйымдар түрлерін қалың оқырманға таныстыру үшін олардың тарихы, даму барысы, сипаттамасын, дайындалу жолдарын әңгімелеуді жөн көрдік. Мақсатымыз – қыш бұйымдардың тарихи дерек ретіндегі маңызын, берер ақпараттарды қалың оқырманға жеткізу, мәдени мұра-мызды сақтауға деген көзқарасты қалыптастыру.

Айсана ӘМІРЖАНҚЫЗЫ,

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің маманы

Мұнайлы Атырау – айтулы ел азамат-тарын туғызған, республикамыз бойын-ша қарыштап дамып келе жатқан ме-кен. Кең жазиралы жазық даласы, тұщы сулы бұлағы, өзені мен көлдері шаруа-шылыққа қолайлы. Өлкеде қазақ хал-қының тарихы, мемлекеттілігінің қалып-тасуы туралы құнды деректерді анықтауға мүмкіндік беретін ескерткіш көптеп кездеседі. Соңғы уақытта соның бі-разының сыры ашылып, тарихымыз түгенделуде.

Алматы қаласында Алаш қозғалысы-ның 100 жылдығына орай ұйымдасты-рылған «Ұлы даланың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» І республика-лық балалар мен жасөспірімдер байқа-уында батысқазақстандық оқушылардың маңдайы жарқырап, олжалы оралды.

Ата-ана мектеп арасындағы байланысты жақ-сы жолға қоя білгенде ғана тәрбие өз нәтижесін бе-рері сөзсіз. «Білім мен тәрбие егіз» деген сөз бекер айтылмаған. Осы сөздің айғағындай, Орал қаласын-дағы №47 мектепте «Ана – өмір шуағы» атты іс-шара өтті.

Өңіржиек, шашбауын
Бес жүз сомнан соқтырып,
Салтанатқа тағынған, - деп ха-лық жырында айтылғандай, күмістен жасалып, мереке-тойларда тағылатын негізгі әшекей бұйымдардың бірі – өңіржиек.

Ізбасар СӘЛІМОВ,

Ғабит Сарыбаев атындағы орта мектеп оқушысы, Жәнібек ауданы, Батыс Қазақстан

Азамат соғысы жылдары Қызыл Ар-мия қатарында да, «ақтар» басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да қазақ азамат-тары қатысуға мәжбүр болды.

Қазыбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

журналист

Ахмәди Есқалиев – Ғұмар Қараштың ең жақын шәкірт-терінің бірі. Ақынның баспа бетін көрмеген біраз шығар-масы Ахмәди Есқалиевтің дәптерінен табылып отыр.

Күрескер күйші
Ол жастайынан тағдыр тауқыметін тартқан. Өмір бойы озбырлыққа қарсы болып, жоқ-жітік пен кедей-кепшіктің қамын жеген. Сондықтан оның өмірі азулыларға қарсы арпалыспен, қуғын-сүргінмен өтті. Күрескер заман әділет-сіздігіне қарсы шыққаны үшін қуғын-далып, Орда, Иркутск, Астрахан, Бутыр-ка (Мәскеу) түрмелеріне қамалады. Орданың абақтысында қапаста 90 күн кісендеулі жатады.

 Қазақ әдебиетіндегі жаңа дүниелерді оқуға құмар кезеңде – өткен ғасырдың аяғында, 1994 жылы «Жазушы» баспасында басылған шағын ғана «Ақ Сарбаз» деп аталатын кітап қолымызға тиді. Авторы оқырманға беймәлім, мамандығы әдебиет ауылынан алыс, инженер екен. Кітап орыс тілінде жазылған.

Кездесулердің бірінде Жердегі Ұста-зы, осы дүниедегі жолын аяқтаған соң өзін не күтетіні жайлы Шәкірті өзінің Жетекшілерінен біліп беруін өтінген еді...

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Строитель шағын ауданы, 35 үй

Телефон:

8 (711 2) 23-22-06

8 777 194 44 77