АТЫРАУ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫШ ЫДЫСТАР СИПАТЫ

Айбек ТҰРАРҰЛЫ,

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайының археология ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі

Атырау өңірінен табылған археологиялық қыш бұйымдар түрлерін қалың оқырманға таныстыру үшін олардың тарихы, даму барысы, сипаттамасын, дайындалу жолдарын әңгімелеуді жөн көрдік. Мақсатымыз – қыш бұйымдардың тарихи дерек ретіндегі маңызын, берер ақпараттарды қалың оқырманға жеткізу, мәдени мұра-мызды сақтауға деген көзқарасты қалыптастыру.

Қазба жұмыстары кезінде табылған қыш ыдыстар археологиялық дерек ретінде адамзат қоғамының әр түрлі қырлары жөнінде мол ақпарат бере-ді. Қыш арқылы қоғамның әлеумет-тік-экономикалық, отбасылық, этно-мәдени қарым-қатынастары жөнінде мәліметтерге қол жеткізе аламыз. Қыш ыдыс қоғамда орын алған түрлі өзгерістердің ықпалына тез түседі де, сол өзгерістерді заттық тұрғыда бей-нелей алады.
Қыш (керамика) адамзат тұрмы-сында алғашқы қолданыста болған материалдар қатарында. Балшықтан түрлі бұйым жасап, оның беріктігін арт-тыру үшін күйдіру ісі мезолит, неолит дәуірлерінде пайда болып, содан бері тоқтаусыз даму үстінде. Ең көне қыш бұйымдар қарапайым қолмен сомдал-ған топырақ түстес көзелер болған. Олардың басты ерекшеліктері – түбі кіш-кентай немесе үшкірлене біткен боп келеді. Бұл тұрмыстық қыш ыдыстар уақыт өте келе әртүрлі тәсілдермен жақсартылып, әдемілік үшін сызық, кертпе немесе оймалау әдісімен бе-дерленіп, безендіріле түсті. Әр түрлі ою-өрнектер мен таңбалардың, тіпті кейде жазулардың болуы бұларды ба-ғалы тарихи ескерткіштер қатарына жатқызады.
Шамамен б.з.д. ІІІ мыңжылдықта көзе шарығын ойлап тапқалы адам-дар қыш ыдыстардың қабырғасын бір-қалыпты әрі өте жұқа етіп жасауды меңгерді. Қыш бұйымдардың сапасы жақсара түсті. Осы кезеңде ыдыстар бұрынғы үшкір түптіден жайпақ түп-тіге айнала бастағаны байқалады. Қо-ла дәуірінің алғашқы кезеңінде тұлға-сы тік немесе біраз шығыңқы, мойны ішке қайырылған, түбі жайпақ ыдыс-тар басым болды. Орта кезеңге тән ыдыстардың тұлғасы дөңгелектеніп немесе тұлғасына мойны мен бүйірін бөліп тұратындай ойық жасалатын болған. Кейінгі қола кезеңін тұлғасы дөңгелек, бүйірі аздап шығыңқы ыдыс-тар сипаттайды. Оларға әрбір кезең-нің өзіне тән геометриялық өрнектері (шаршы, үшбұрыш, меандр, ирек сы-зық, қисық ойық т.б) түсіріліп отырды. Сыртын жылтырату әдісі қолданылды.
Ерте темір дәуірінің (б.з.д. І мың-жылдық) біздің өлкеміздегі ескерткіш-терінде сопақша немесе шар тәрізді ыдыстар кездеседі. Қыш ыдыстардың бетіне сыр жағып әрлеу олардың сапа-сын арттыра түсті. Бұл кезде жергілікті халықтар тұрмысында шеттен келген ыдыстар да байқала бастайды. Олар-дың келу жолдары әр түрлі: диплома-тиялық тартулар, сауда байланыстары, әскери олжа немесе тайпааралық өз-ара алыс-берістер.
Қыш бұйымдарды дайындау үшін шикізат ретінде қызыл түсті ыдыстар-ға құрамында темірі көп саз балшық-ты пайдаланған. Ал сұр түсті қыш бұйым дайындау үшін балшыққа әкті көбірек қосқан. Олардан басқа саз балшық құрамына слюда, тальк (ақ минерал ұлпасы), кварц, дала шпаты, шамот, ұсақталған гранит ұнтағы сияқ-ты минералдар қоспасы мен түк, көң, ұлутас қиыршығы секілді органикалық заттар да шамасына қарап қосылған. Қалыпқа келтірілген ыдыс сыртына түрлі-түсті балшықтан дайындалған қоймал-жың ерітіндіні жағу арқылы жылтыр рең-ге бояу ангобтау деп аталады.
Күйдіру пешінде ыдысты біртіндеп 700º ыстық температураға дейін жет-кізген. Ыдыстың түсі, сапасы, жарық-тардың болмауы, су өткізбеушілік қа-сиеттері осы күйдіру процесіне, оттың құдіретіне тікелей байланысты. Тео-риялық тұрғыда қыш күйдірудің орта жағдайына тәуелді екі түрі бар. Қыш-қылды ортада қүйдіру – қарапайым күйдіру түрі, ол кезде кәдімгі саздың қасиеттеріне байланысты қызыл не-месе сұр қыш алынады. Қалпына кел-тіру ортасында күйдіру үшін пеш ішіне ауа кірмейтіндей етіп барлық тесікте-рін балшықпен майлап бітеп, бұқты-рып қояды. Бұл арқылы шикізат құра-мындағы қоспаларға байланысты әр түрлі түс палитрасына қол жеткізуге болады.
Орта ғасырларда қыш бұйымдар дамудың жаңа кезеңдерін өткеріп, олардың түр-тұлғасы молыға түсті. Олар көптеп өндіріліп, аймақтарға жылдам тарайтын болған. Сарайшық, Ақтөбе-Лаэти секілді қалалардың қыш бұйымдар өндірісіне транзиттік кер-уендер арқылы келіп отырған ыдыс-тар мен тасымал бұйымдарының ық-палы зор болғаны байқалады. Қырым-ның, Кавказдың, Төменгі Еділ бойының, Хорезмның, т.б. өңірлердің қыш өнді-рісінің сипаты бұл ескерткіштеріден та-былуы осыны айғақтайды.
1909 жылы Сарайшық қалашығы орнынан шамамен 2 сажень терең-діктен табылған хұмшаның сыртқы бетінде шығыстың көрнекті ақыны Жүсіп Баласағұнидың ХІ ғасырда жарық-қа шыққан «Құтты білік» атты дидак-тикалық поэмасынан үзінділер жазыл-ған. Сарайшық тұрғындары өздерінің жоғары деңгейдегі сауаттылығымен ерекшеленеді. Оған қазба кезінде та-былған ыдыстардағы, қола бұйымдар-дағы немесе қағаздағы әртүрлі мағы-надағы жазулар да дәлел бола алады.
Ортағасырлық ыдыстарға салын-ған өрнектерден көлденең сызылған түзу және ирек сызықты, сондай-ақ тігінен жылтырақ сызықты, радиалды сәулелер түрінде таралғандарын көре аламыз. Өсімдік тектес оюлармен, гео-метриялық фигуралармен, эпиграфия-лық өрнектермен де безендірілген сан қырлы бұйымдар адамды тамсан-дырады.
Сарайшықта жасалған қыш ыдыс-тар үш түрлі саздан жасалған. Соның біріншісі – қызыл түсті саз балшықтан жасалған бұйымдар өзінің формасы-мен, қолданылу жағынан әр түрлі. Атап айтсақ, олар құмыралар, шығыр ыдыстар, әр түрлі азық-түліктерді сақ-тайтын үлкен хұмдар, табақтар, шырағ-дандар және т.б. Олар құрамы темір тотығы, майда қоспалар: пирит, слю-да, әкпен ерекшеленетін темірленген балшықтан жасалған. Қышқылды ат-мосферада 800º-тан жоғары темпера-турада күйдірілген. Басым көпшілігі ангобталған. Ашық түсті жасылдау рең-ді ангобтар қараймай күйетін темір-ленген балшыққа әк қосып отырып жасалған. Қарақызыл ангобтарды жа-сау үшін темірленген балшық ерітін-дісіне марганец тотығын қосатын бол-ған.
Ас ішуге арналған ыдыстардың бір бөлігі – әр түрлі өрнектермен безенді-рілген, түрлі түсті сырланған жылтыр шыңылтырлы ыдыстар. Сырлы қызыл балшықты ыдыстарға темірленген, со-зылмалы қасиеті жоғары балшық және карбонаттық қоспалар пайдаланыл-ған. Қоңыр теміртас, әктас, слюда та-биғи қоспалар түрінде балшық құра-мында болған. Шамот пен қоға ұлпа-сы жиірек, граниттік ірі құмдар сирек пайдаланылған. Бұйымдардың сырлануы әртекті. Кварц, далалық шпат, каолин т.б. сілтілік материалдар 950º температурадан жоғары ыстықта шы-ныға ұқсас қабат қалыптастырып шы-ңылтырланады. Мөлдір қарасұр сыр-лардың құрамында дала шпаты көп. Күңгірттеу сырлардағы шыңылтыр құ-рамында қалайы тотығы бар екені бай-қалады. Қоңыр түске мыс тотығын қо-су арқылы қол жеткізілген. Қызыл бал-шықты ыдыстар 900-1200º температу-раға дейінгі қышқылды ортада күйді-рілген.
Ыдыстың екінші түрі – сұр түсті ерек-ше саз құрамынан жасалған қалыптал-ған өрнекті құмыралар мен торсықтар. Олардың сырты рельеф өрнектермен көмкеріліп, құстың, балықтың, жұл-дыздың, өсімдіктің символдық бейне-лерімен, философиялық және жақсы-лық тілейтін мағынасы бар текстермен безендірілген. Өрнектер арасындағы бос орындарға бедерлі нүктелер салы-нып толтырылған. Қалыпталған бұйым-дар жасау үшін балшықтың бірнеше түрі пайдаланылған. Табиғи кварц тек-тес майда, қиыршық тасты топыраққа слюда, әктас, қоңыр теміртас, пириті бар дала шпаты аз мөлшерде қосыл-ғанда пластикалық деңгейі жоғары шикізат алынған. Бұл бұйымдар бір-неше бөліктерден құралып жасалатын болған. Астыңғы бөлігі көзе шарығын-да жасалса, үсті қалыпта сомдалған болып келеді. Ыдыстар ашық сұр түс-тіден ашық қоңырға дейін түсі өзгеріп келген.
Ыдыстың үшінші түрі – кашин бал-шығынан көркемделіп жасалған пиа-ла, тостаған, құмыра және вазалар. Олардың арасынан өсімдік тектес жә-не зооморфтық өрнектермен аса көр-кем түрде безендірілген қыш өнерінің теңдесі жоқ туындыларын кездестіру-ге болады. Кашин балшығынан жасал-ған ыдыстар силикат текті ашық ақ түс-ті кремнезимді балшықтан дайында-лады. Алғаш X-XII ғасырларда Иранда пайда болып, бұл сөз Кашан қаласы-ның атынан шықса керек. Орталық Азияда сілтілік глазурі бар кашиндік қыш бұйымдар XII-XIII ғасырлардан бастап кеңінен тараған. Оның компо-ненттері құм, каолин, дала шпаты, әк болып келеді.
Сарайшық кашиндік қыш бұйым-дар жиынтығында жылтыр көпбояулы полихромды суреттер әдетте үш түс-тен тұрады: кашин балшығының ақ түсінен, өрнектері көк немесе жасыл түспен салынады. Жасыл түс алу үшін мыс тотығы қолданылса, қаракөк түс-тен көгілдір түске дейін кобальт қол-данылған. Мұндай ыдыстар «хорезм-дік стиль» деп те аталады. Кобальт-пен әшекейлеу күрделі өсімдіктік өр-нек түзеді, бұл түр Тимуридтер дәуі-рінде пайда болып, XIV ғасырдың соңынан XV ғасыр бойына гүлденген. Көгілдір ақық түстес, қою қаракөк ул-трамарин түсті ыдыстарға да кобальт қосу арқылы қол жеткізген. Өте жоғары бағаланатын ирандық қыш түрлері: люстр, минай, ладжвардина ыдыстары сынықтары да Сарайшық қазбасынан азын-аулақ болса да кездесіп қалады.
Сондай-ақ жергілікті бай адамдар тым жоғары бағалаған, өте қымбат жа-сыл түсті қытай фарфоры – селадоннан жасалған кесе, тостаған сынықтары Са-райшық қыш бұйымдар жиынтығын толықтырады. Қытай фарфоры ауқат-ты қалалықтардың дастарқанын көрік-тендіріп тұрды. Жылтыратылған села-дон деп аталған бұл ыдыстар нәзік өр-нектермен қоса бұлттар, құстар бейне-лерімен безендірілетін болған.
Өңіріміздегі ескерткіштердің мәде-ни қабаттарынан шығырға арналған құ-мыра түріндегі қыш ыдыстар табыла-ды. Шығыр – бұл өзендегі диірменге ұқ-сатылып ағаштан жасалған және осы қыш ыдыстар байланған үлкен дөңге-лек. Малдың күшімен айналған дөңге-лек ыдыстардағы суды жоғары көтеріп, арықтарға құйған. Өзен бойындағы қо-ныстарда бау-бақша өнімдерімен қа-тар арпа мен тары өсірілген. Оны шаруа-шылық шұңқырларынан табылған ас-тық өнімдерінің қалдықтары дәлел-дейді.
Ұлы Жібек жолы жалғаған Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің тоғысуы, өзара әсері біздің өңіріміздің бай маз-мұнды қыш бұйымдар өнеріне айтар-лықтай даму бергені түсінікті деп ой-лаймын.

Қаралым саны 3021

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463