Ауылыңның шетінде төбе болса...

Айсана ӘМІРЖАНҚЫЗЫ,

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің маманы

Мұнайлы Атырау – айтулы ел азамат-тарын туғызған, республикамыз бойын-ша қарыштап дамып келе жатқан ме-кен. Кең жазиралы жазық даласы, тұщы сулы бұлағы, өзені мен көлдері шаруа-шылыққа қолайлы. Өлкеде қазақ хал-қының тарихы, мемлекеттілігінің қалып-тасуы туралы құнды деректерді анықтауға мүмкіндік беретін ескерткіш көптеп кездеседі. Соңғы уақытта соның бі-разының сыры ашылып, тарихымыз түгенделуде.

Ғалымдардың пікірінше, Қазақстан-ның батыс өлкесін сармат тайпасы ме-кендеген. Біздің өңірден жергілікті ар-хеологтардың жүргізген қазба жұмыс-тарының нәтижесінде сармат обалары табылған. Демек, әлі де болса, біздің өл-кеміздің тарихи қойнауында жатқан жә-дігерлер бар деп айтуға негіз бар. Атырау атырабының қазыналы көмбелері әлі тыңғылықты зерттеліп болған жоқ. Бұл өлкетанушылардың алдында тұрған маңызды міндет болса керек.
Қазіргі уақытта Қызылқоға ауданы-ның территориясындағы Миялы қор-ғандар тобы зерттеуді қажет етеді. 2013 жылы Қызылқоға ауданындағы Тайсой-ған құмына археологиялық барлау жұ-мысы жүргізілген болатын. Аталған зерттеу шараларына Атырау облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қаржылай қолдау көр-сетті. Маңғыстаулық археолог Андрей Евгеньевич Астафьев жетекшілік еткен археологиялық барлау жұмысына му-зей мамандары қатысты. Нәтижесінде сармат тайпаларының обасы болып са-налатын Миялы қорғандар тобының құ-рамынан ерте темір кезеңіне жататын 15 қорған анықталды. Олардың көлем-дері әртүрлі, биіктіктері 30 см-ден 2 м-ге дейінгі аралықты қамтыса, диаметр-лері 8 м-ден 24 м-ге дейін болады. Қор-ғандар құмды топырақтан үйілген.
Біз қазіргі заманда ата-бабалары-мыздың мұрасын шашауын шығармай тірнектеп жинастырып, келер ұрпақ үшін аялап сақтауымыз қажет. Сондық-тан аталған қорғандар тобына Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі биыл-ғы жылдың маусым айында қазба жұ-мыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Оған жаңа күш, жаңаша ұмтылыс, ке-шенді ғылыми-зерттеу жүргізу керек. Сонда ғана біз қазыналы байлыққа қол жеткізе аламыз.

Қаралым саны 1019

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463