«Ахмет оқуларынан» олжалы оралды

Алматы қаласында Алаш қозғалысы-ның 100 жылдығына орай ұйымдасты-рылған «Ұлы даланың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» І республика-лық балалар мен жасөспірімдер байқа-уында батысқазақстандық оқушылардың маңдайы жарқырап, олжалы оралды.

Атап айтсақ, Теректі ауданының Под-степное ауылындағы «Үміт» лингвистика-лық гимназиясының шәкірттері 3 алтын, 3 күміс жүлдені қанжығаға байлады.
Олардың екеуі ғылыми жоба қорғау-дан, төртеуі мәнерлеп оқу байқауынан үздік шықты. «Ахмет Байтұрсынұлы жә-не қазақ баспасөзі» тақырыбындағы жо-басын қорғаған 7-сынып (орта буын) оқу-шысы Амангелді Шұғыланың (жетекшісі – Гауһар Ажкеева) еңбегін мұқият сарала-ған қазылар алқасы Ахаңның бұған де-йін тіл маманы, әдебиет білгірі ретінде танылғанмен, журналист ретінде зерттел-мегендігін ескере отырып, алтын жүлде-ге лайық деп таныды.
Жоғары буында зерттеу жұмысын ор-таға салған 10-сынып оқушысы Рахым-жан Гүлдара (жетекшісі – Әлия Хасанова) күміс жүлдені еншіледі. Гүлдараның «Ұлт-тық жазудың жаршысы» тақырыбында-ғы еңбегін арнайы жинаққа енгізу тура-лы ұсыныс жасалды және болашақта мемлекеттік білім грантына түсуге мүм-кіндік берілетін болады.
Ахмет шығармаларын мәнерлеп оқу-дан сайысқа түскендер арасында «Қас-қыр мен қозы» өлеңін нақышына келті-ре оқыған 7-сынып оқушысы Сәлім Нұ-рәлім (жетекшісі – Гауһар Ажкеева) алтын-нан алқа тақты. Сонымен қатар актерлік шеберлігімен залды өзіне ұйыта алған Нұрәлімге «Алаш дауысы» номинация-сы да қоса берілді.
Орта буында өнер көрсеткен 7-сы-ныптың тағы екі оқушысы – Қабдолха-нова Гүлдәрия («Құстардың дауласуы», жетекшісі – Г. Ажкееева) мен Шулумов Мейрамбек («Қара бұлт», жетекшісі Ә. Хасанова) күміс жүлдеге ие болды.
Сахнаға «Қазақ қалпы» өлеңімен шыққан 10-сынып оқушысы Асанов Жан-достың (жоғары буын) бет-келбеті қаты-сушылардың көз алдына Ахмет бейне-сін алып келгендей әсер қалдырды. Ерек-ше образ бен саңқылдаған дауысы өз-ара үйлесім тапқан Жандостың (жетеші-сі Ә. Хасанова) өнерін бағалаған қазылар бірауыздан алтын жүлдені табыс етті.
Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің А. Бай-тұрсынұлы атындағы Тіл білімі институ-ты, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, республикалық «Дарын» орталығы, «Үркер» шығармашылық ор-талығымен бірлесе өткізген бұл шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 320 жас та-лант қатысты.
Айгүл АХМЕТОВА

Қаралым саны 917

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463