Ана – өмір шуағы

Ата-ана мектеп арасындағы байланысты жақ-сы жолға қоя білгенде ғана тәрбие өз нәтижесін бе-рері сөзсіз. «Білім мен тәрбие егіз» деген сөз бекер айтылмаған. Осы сөздің айғағындай, Орал қаласын-дағы №47 мектепте «Ана – өмір шуағы» атты іс-шара өтті.

Шараны 2 «ж» сынып жетекшісі Ақгүл Қажено-ва ұйымдастырды. Біз, ата-аналар, Ақгүл Сапарғали-қызына ризамыз. Көңілді кеште өз балаларымыз-дың өнерін тамашалап, мәз болдық. Кездесуде ана туралы әндер айтылды, бүлдіршіндердің биі мен тақ-пағы да ана туралы болды. Ұл-қызымыздың қабілет-қарымын ашып, бойындағы өнерін түгел көрсеткен ұстаздың шеберлігі деп білдік.
Әрине, ата-ана мектепшілік шараға қатысып тұр-са, мектеппен тығыз байланыста болады. Балалары-мыздың мұғалімінің арқасында бізде осындай жай-лы қарым-қатынас орнаған. Ақгүл Сапарғалиқызына шығармашылық табыс, зор денсаулық тілейміз.
2 «ж»сынып ата-аналары,
№47 ЖОББМ,
Орал қаласы

Қаралым саны 1043

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463