Ғабит ағаның ғұмыр ғибраты

Ізбасар СӘЛІМОВ,

Ғабит Сарыбаев атындағы орта мектеп оқушысы, Жәнібек ауданы, Батыс Қазақстан

Азамат соғысы жылдары Қызыл Ар-мия қатарында да, «ақтар» басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да қазақ азамат-тары қатысуға мәжбүр болды.

Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орын-бор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерле-рі, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс ау-дарып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). Алашорда үкіметі Аза-мат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланы-сып, қазақ халқының мүддесін қорғау-ға тырысты.
Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен — Сама-радағы құрылтай жиналысы мүшелері-нің комитеті (Комуч), Омбыдағы Уақыт-ша Сібір үкіметі, одан кейін Колчак дик-татурасы, Орынбор және Орал казак әс-керлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды. 1918 жылы жазда төң-керіс қарсы күштер Орал, Торғай, Ақ-мола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облы-сының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңтүстік өлкесінде сақталды.
Қазақстанда Азамат соғысының Ақ-төбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды. Олардағы соғыс әрекеттері Азамат со-ғысының ірі майдандарындағы, ең ал-дымен, Колчак әскерлеріне қарсы құрыл-ған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондық-тан Қазақстандағы Азамат соғысының тағдыры, негізінен, Қызыл Армияның Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс қи-мылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армия қатарында да, «ақтар» басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құ-рамында да Азамат соғысына қатысуға мәжбүр болды.
Қазақстандағы шешуші соғыс қимыл-дарына «қызылдар» жағынан М. В. Фрун-зе, В. В. Куйбышев, В. И. Чапаев, И. П. Бе-лов, И. С. Кутяков т.б., ал «ақтар» жағы-на А. И. Дутов, С. П. Толстов, Б. В. Аннен-ков т.б. басшылық етті. Торғай далала-рында «ақтарға» қарсы күресте Аман-гелді Иманов, Батыс Қазақстанда Ха-мид Чурин, Бейсен Жәнекешев, Ғұмар Қараш және Ғабит Сарыбаев көзге түс-ті. 1920 жылдың көктемінде Қазақстан-дағы Азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталуына Азамат соғысы-ның ардагері, күрескер педагог Ғабит Хайроллаұлы Сарыбаевтың қосқан үле-сі зор.
Ғабит Сарыбаевтың өмірбаяны

Ғабит Хайроллаұлы Сарыбаев Нарын құмында Толыбай деген жерде 1893 жы-лы маусым айында малшы шаруаның семьясында туды. Жасында ол ауылдық жерде, 1908-1912 жылдары Жаңақала-дағы татар мектебінде оқыған. 1913-1916 жылдары Орынбордағы «Хусай-ния» медресесін бітіріп, орта дәрежелі педагогтік білім алды.
1916 жылы патша жарлығы бойын-ша қара жұмысқа алынады.
1917 жыл Ғабит мамыр айында Ор-даға келді. Осы кезде ол Россияда шы-ғып тұрған прогресшіл бағыттағы га-зеттерді үзбей оқиды. Орда тұрғын-дары, большевиктер С. Генералов, П. Вар-ламов, тағы да осы сияқты азаматтар-мен пікірлес болды. Ол 1919 жылы Ком-мунистік партияның мүшелігіне қабыл-данған.
1918 жылы жаз айларында Астра-ханьда өлкелік үкіметті ұйымдастыру-шы-үгітшілер даярлайтын қысқа мер-зімді курс ашылды. Осы курсқа Орда-дан Ғ. Сарыбаев, Е. Көбенов, М. Есенға-лиевтер барады. Курстан олар саяси білім алады, совет құрылысы және оның негізгі мақсаттарымен танысады.
1918 жылы тамыз айында Астрахань қаласына ақ бандылар шабуыл жаса-ған кезде Ғ. Сарыбаев және басқа да курс оқушылары Астрахань еңбекші-лерімен бірге бандыларға қарсы күрес жүргізіп, жауды талқандауға қатысады.
1918 жылы Астрахань губерния ке-ңесінің мүшесі, қызыл гвардияшылар отрядының командирі болған. Қазақ-тың 1-ші үлгілі атты әскер полкін ұйым-дастыруға қатысты. 1919 жылы осы полктің саяси комиссары болып тағайын-далды. 1920 жылдың басында Нарын уезінде милиция бастығы және ЧОН (ерекше қызмет атқаратын әскери бө-лім) отрядының бастығы.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін түрлі жауапты қызметтер атқарған. 1929-1930 жылы Қарқаралы ауданы партия комитетінің хатшысы. 1932-1933 жылы «Социалдық Қазақстан» га-зеті редакторының орынбасары, кейін Гурьев (Атырау) аймақтық партия бақы-лау комиссиясының төрағасы.
1937 жылы репрессияға ұшырап, 1958 жылы ақталған. Өмірінің соңғы жыл-дары мектепте мұғалім болып істеді. 1960 жылы «Қазақстан Азамат соғысы жылдарында» атты жинақта мақаласы жарық көрді. Онда қазіргі Бөкей орда-сы, Жәнібек ауданы аумағында болған шайқас баяндалады.

Ғабит Сарыбаев – күрескер педагог

М. Дүйсеновтың «Қазақстан мұғалі-мі» газетінде жарияланған «Күрескер педагог» (05.01.1961 ж.) атты мақала-сына шолу жасайтын болсақ, Ғабит Сары-баевтың өмірде қандай текті тұлға бол-ғанын білеміз. М. Дүйсенов өз мақала-сында Ғабит Сарыбаевты былай деп еске алады: «Жолдасым екеуміз кірпіш заводының тұсындағы жаңадан салған екі қабат әдемі қызыл үйлердің қасы-нан өтіп келеміз.
Шора маған: Мына үйде менің бір шалым тұрады. Жүр, кіріп сәлемдесіп, әңгімесін тыңдайық» - деді. Келдік. Бал-уан денелі, ақ сары шал есік ашты. Аман-дасып едік, «Ғабит Сарыбаев» деп қо-лын берді.
«Ғабит Сарыбаев?» Мен ойланып қалдым. Бұл есімді талай газет-журнал-дардан, кітаптардан оқығаным есіме түсе кетті. Ұмытпасам, осы қыста Батыс Қазақстан облысының «Октябрь туы» газетінде Ғ. Зариповтың мақаласы ба-сылды. Сонда 1918 жылы Қазақстан-да тұңғыш рет комсомол ұяларының ұйымдастырылуын, коммунистік пар-тияның жергілікті ұйымдарының құры-луын, қазақтың үлгілі 1-ші атты әскер полкінің жасақталуына белсене аралас-қан адамдарды атап, «...сол полкте сая-си қызметкер болғандардың бірі – Ғабит Сарыбаев» деп жазылған. Х. Чурин мен Ж. Сәрсековтың бұрынғы Бөкей ор-дасында совет өкіметін орнату, оны ны-ғайту үшін жүргізілген күресті баяндай-тын «Күрес күндерінде» атты кітапша-сын кеше ғана оқып шығып едім. Онда көптеген революционерлердің сурет-тері де берілген екен. Соның ішінде ба-сында кубанка бөрік, үстінде кавказдық-тардың киімі бар, ұзын мұртының ұшын әсем ширатып қойған өткір көзді Ғабит Сарыбаевтың суретіне де таңырқай қа-рап едім. Бұл Ғабекеңнің революция-ның ыстық-суығына араласып жүрген кезіндегі суреті болса керек.
Біздің өтінішіміз бойынша Ғабекең өзінің балалық, жастық дәуірін, рево-люция ісіне қалай қатысқанын әңгіме-леп берді. Біз қызыға да, сүйсіне де тыңдадық. Революциядан бұрын Ғабе-кең Орынбор қаласындағы Хусайния медресесінде оқыпты. Ол кезде Ғабе-кең бір ауыз орыс тілін білмейді екен. Алғаш пойызға мінгенін, одан Орынбор-ға келіп, аяғына әйелдердің биік өкше, қонышты ботинкасын сатып алып киге-нін, татар балаларының мазақтап күл-генін әңгімелеп, бізді де бірер күлдіріп алды. Әлден уақытта:
- Менің революциялық қызметімнің басталуына себеп болған 1916 жылғы патша үкіметінің июнь жарлығы болды, - деп қызына сөйлеп кетті.
Сол жылы Түркістанда бала оқы-тушы-учитель болып тұрғанда немере ағасы Шамғали екеуіне шақырту қағаз келіп, Ордаға барады. Сол жерден Ға-бекең солдатқа алынып, Минск майда-нына аттанып кетеді. Табиғатында пы-сықтау келген жас жігіт 8-ші дружинада жұмыста болып, жүздікті басқарады.
- Кітаптан оқып, естіп те жүрген шы-ғарсыңдар, қара жұмысқа тек сорлы кедей-кепшік, жарлы-жақыбайдың ба-лалары кетті де, бай балалары пара берді, өйтті-бүйтті, жасын кемітіп неме-се асырып аман қалды да, кедейдің 14-тегі баласы 19, 40-тағысы 30-да болып кете берді ғой. Міне, осы теңсіздік қа-зақтың кедей жігіттерінің қанын қайнат-ты. Патшаға адам бермейміз деп халық-ты бастап шыққан Меңдешев деген оқыған кісімен Тастанбек Желдібаев де-ген сексендегі шалды қолдарын артта-рына байлап, күн айналып жерге түсетін шілденің нағыз ыстығында 55 шақырым жерге жаяу айдап кеткені көз алдымнан кетпей қойды. «Бала өлгенше шал өлсін, бермеймін боздақтарымды» деп сақа-лын жұлып, жұлқынған әлгі шалдың дауысы құлағымда қалып қойды...»
Шал тым кішіпейіл, тым сыпайы еді. Өзінің істеген істері туралы тым сараң айтады, көбіне жолдастарының істерін әңгіме етеді.
Астраханьдағы совет өкіметіне қар-сы күресті XI Армияның соғыс-револю-циялық советінің мүшесі С. М. Киров басшылық еткені есімізге түсіп:
- Ал енді Кировпен кездескеніңізді айтыңызшы, - деп өтіндік. Өйткені Бө-кей даласында Совет өкіметін орнату, Қызыл әскер ұйымдастыру мәселесі Астрахань губерниялық партия комите-тінің және, әсіресе, С. Кировтың тіке-лей басшылығымен жүргізілгені мәлім.
- Бір күні, - дейді Ғабекең, - Ержан Көбенов деген өткір көзді, өжет жігіт пен мені Астраханьның губерниялық Совдептің ұйымдастыру-нұсқау бөлімі-нің бастығы Колесникова деген орта жас-тағы әйел шақырып алды. Қабылдау бөлмесіне кірсек, Колесникованың қа-сында үстінде гимнастеркасы бар, бе-лін белдікпен нығыз буған, қою қара шашын шалқасынан қайырған орта бой-лы кісі тұр екен. Бізбен қол алып аман-дасты да, бірден шаруаға кірісті. Кім екенімізді күні бұрын біліп тұрған кісі сияқты.
Тарғын уезінде совет өкіметінің ор-науына байланысты сондағы жергілікті советке көмектесу үшін Көбеновты жі-берді де, маған:
- Сенің фамилияң кім? –деп сұрады.
- Сарыбаев.
- Жолдас Сарыбаев, сен Теңіз уезіне барасың, - деді. – Онда әлі совет өкіметі жоқ, оны сен ұйымдастырасың. Өзің мұ-ғалім көрінесің. Бірақ, байқа, мен Бө-кей ордасын жақсы білемін. Теңіз бай-лары – қазақтың жәй байлары емес, олар шетінен саудагер, оқыған, білімді бай-лар. Олардың қақпанына түсіп қалып жүрме. Жұмысшыларды ұйымдастыр, совет сайлауын өткізіп, кедейлер коми-тетін ұйымдастыр. Ал Гонюшкинге жа-қын Жанбай селосының төңірегінде ге-нерал Хлудинов ақ гвардияшыл банды-ларды топтап жатыр. Олар Краснояр арқылы Астраханьға шабуыл жасамақ-шы. Сондықтан қазақтан Қызыл гвар-дия отрядын ұйымдастырып, Краснояр соғыс комиссариатының қарауына тап-сырасың.
Тапсырманы алып, кеткелі тұрғаным-да Колесникова мені таныстырып:
- Бұл кісі Сергей Миронович Киров, – деді.
...Бір аптадан кейін Ғабекеңді Колес-никова мен С. Киров тағы да шақыртып алып, тапсырма береді.
- Бөкейліктің халі жақсы емес, онда жергілікті төтенше комиссия бар, соған көмектесу керек. Жаңақалада совет үкіметі әлі тұрақты емес. Сен Нарынның қазағысың, елді жақсы танисың. Жаңа-қала мен Нарынның шекарасынан қы-зыл гвардия отрядын ұйымдастыр, - деп тапсырма береді С. Киров.
Сол жерде Нарынның он екі болы-сы бар екен. Ғабекең сонда келіп, жи-налыс өткізіп, әуелі туысқан-туғандары-нан бастап, 70 адамнан қызыл отряд ұйымдастырады. Отрядты жергілікті төтенше комиссияның қарауына бере-ді. 1919 жыл мамыр айында отряд жер-гілікті төтенше комиссияның қарауына беріледі.
Әрине, Бөкейлікте бірден тыныш-тық орнай қойған жоқ. Көпке дейін топ-топ болып ағылған бандылар ауыл тонап, кісі өлтіріп, әбден берекені кетірді. Солармен қарсы күресетін ЧОН деген ұйым ашылды. «Мен соның на-чальнигі болып, совет өкіметі әбден жең-генін сол бандылардың өздері мойын-дағанға шейін осы қызметте болдым да, кейін партия жұмысына, оқытушы-лық жұмысқа ауыстым», – деді Ғабит аға. Содан кейін аз ойланып, әлде айт-қандарым артықтау көрініп отырған жоқ па екен деген кісіше текшелеулі бір топ қағазды әкеп, бізге ұсынды. Рев-комның толып жатқан куәліктері, алғыс-тары мұқият тізілген екен. Әлгі куәлік-тің ішінде қазіргі киноның билеті сияқ-ты тілдей, қызғылт-көкшіл бір қағаз кө-рінді. Ол Ғабекеңнің Бүкілодақтық XVII партия сиезіне қонақ ретінде шақы-рылған билеті екен.
Сонымен Ғабит Сарыбаев совпарт-школда лектор, ақырында соңғы жыл-дарға дейін мектепте мұғалім болып істеп жүріп, арнаулы партиялық зейнет-керлікке шықты.
Сонау «тар жол, тайғақ кешу» жылда-рынан бері 40 жылдан аса уақыт өтіпті. Сонымен қатар бір кездегі жас балғын жігіт Ғабекеңнін түріне де көп өзгеріс ен-гізіпті. Қызыл шырайлы ақ сары жүзін өт-кен күннің белгісіндей терең әжімдер басқан. Жалын шашқан, отты көздерінде көзілдірік, шашы мен ширатылған мұр-ты да күмістей боп ағарған. Бірақ уақыт Ғабекеңнің жанына өзгеріс енгізе ал-мапты. Сол баяғы өзі ыстық-суығын бас-тан кешірген революциялық күрес жыл-дарындағы қайраты әлі сақталған, кеу-десі кең сарайдай, сөзінде де револю-циялық рухтың лебі айқын есіп тұр.
Ғабит Сарыбаев 1966 жылы 15 қа-рашада Алматы қаласында қайтыс бол-ды. Оның өткен ерлік жолы бүгінгі ұр-паққа үлгі, өнеге болады.
Ғабит Сарыбаев Кіші жүз Он екі ата Байұлы Байбақты руының Бұғанай бө-лімінен шыққан. Жеті атасы: Жәмеңке, Баба, Кішкілдік, Самырза, Байкал, Сары-бай, Хайролла, одан Ғабит. Ғабиттің 4 ұлы, 2 қызы болған: Тельман, Мариям, Тоқтар, Жүсіп, Амангелді, Сәуле. Тель-маннан – Бедел, Шынар, Кемел, Кене-сары. Беделден – Әлия. Шынардан – Мақсат, Айдос, Қанат, Баян, Тілеуғазы, Биғазы. Кемелден – Кенесары, Наурыз-бай, Мирас, Бопай. Кенесарыдан – Арс-лан, Айша. Жүсіптен – Ғалия, Аслан, Олимпияда, Ибраһим. Амангелдіден – Шохан, Шыңғыс, Олжас, Жанар. Сәу-леден – Дербес, Раджес.

Қорытынды

«Іздеген жетер мұратқа» демекші, мектебіміздің аты аталған Ғабит Сары-баев туралы ерінбей еңбектендік. Рес-публика көлеміндегі жалғыз мектеп болғандықтан, бұл кісі туралы ақпарат өте аз болды. Әр ақпаратты түйірлеп жинадық. «Бір жоқты бір жоқ табады» деп, іздену, зерттеу кезінде бұрын мек-теп тарихына жазылмаған ұрпақтарын таптық. Сол сәтте қуанғанымыз қандай! Ғабит Сарыбаевтың немересі Бедел Тельманұлынан отбасы шежіресін, ата-мыздың өз қолжазбаларын, естеліктер-ді алдық. «Ерінген қалар ұятқа, іздеген жетер мұратқа» деген сөздердің астарын-да қаншама сыр жатыр. Бұл нақыл біз-ге қосымша аманат арқалатқандай.

Пайдаланған әдістемелік әдебиеттер:

1. Батыс Қазақстан облысы. Энцик-лопедия.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл.
2. «Хабар-Известия» 1918 «Қазақ дұ-рыстығы» Киргизская правда 1919\құ-раст. Қазбек Құттымұратұлы.-Орал 2015-680 б.
3. «Ұран» газеті. Орал, 2014-400 б.
4. №1 (25) DANA kaz журналы. Елдің батысындағы көтерілістер Т.Рысбеков-тың мақаласы. 18-20 бет.
5. 1968 жылы 25 сәуір. «Коммунис-тік еңбек» газеті. Қазақстанның мем-лекеттік кітап палатасының директоры Е. Ниғметовтың «Ардагер азамат» атты мақаласы.
6. «Лениншіл жас» газетіндегі Ғ. Са-рыбаевтың «Ақырғы айқас» мақаласы. 29.09.1960 ж.
7. Қазақстан мұғалім М. Дүйсенов-тің «Күрескер педагог» мақаласы. 05.01.1961 ж.
8. Бедел Тельманұлы Сарыбаевтың жеке қорынан алынған қолжазбалары, фотолар, мақалалар.
9. Бөкей ордасы тарихи-мұражай ке-шені қорынған алынған материалдар.
10. Ақмаржан Бақытқызы Таубаева-ның жеке қорынан.

Қаралым саны 1369

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463