Ғұмардың ақын шәкірті

Қазыбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

журналист

Ахмәди Есқалиев – Ғұмар Қараштың ең жақын шәкірт-терінің бірі. Ақынның баспа бетін көрмеген біраз шығар-масы Ахмәди Есқалиевтің дәптерінен табылып отыр.

Ахмәди Есқалиұлы 1888 жылы қа-зіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы аумағында туған. Ата тегі – Кіші жүздің Жетіруына қарасты Кердері руы-нан. 1956 жылы өз қолымен жазып қалдырған шежіреге қарағанда, Жам-бас Кердері Далбай деген кісіден Ай-дақай, Нұрәлі, Біләл, Берекен тараған. Осы Айдақайдан – Есқали, одан Ахмә-ди мен Қыдыр туған.
Есқалидың Қыдыр деген баласы ер-те қайтыс болған. Ахмәди де ата-анасы-нан 3 жасында қалып, жетім өскен. Ах-мәдидің ұлы Болат Есқалиевтің айтуын-ша, «Ғұмар Қараш жетім балаларды бауырына басып, тәрбиелеп өсірген» екен. Ахмәди де Ғұмардың медресе-сінде оқып, бітірген.
Ахмәдидің өзі Ғұмар Қараштың ең талантты шәкірттерінің бірі болған. Дін-ге де, ақындыққа да жүйрік болғанға ұқсайды. Ұлы Болат Есқалиевтің ай-туынша, Ахмәдидің өзі де ауылда 18 жа-сында мешіт ұстаған екен. Мұны Мұ-хамбет Жұмаұлы деген Кердері қарт жеткізіпті.
Ахмәдидің үлкен ұлы Сұлтан 1908 жылы туған. Ахмадидің әуелгі алған әйелінен Сұлтан (1908), Хакім (ерте қайтқан), Басир (ерте қайтқан) және Зүкәй (қыз бала, 1920-1978, Шыңғыр-лау ауданында аудандық тұтынушылар одағының бухгалтері болды) тараған. Бірақ алғашқы әйелі қайтыс болған.
Ахмәдидің екінші әйелі – Қатақызы Мәдина (руы – ноғайқазақ, қояс) – 1907-1967 жылдар аралығында өмір сүрген. Бұл кісіден төрт бала: Мұхтар (1927-2007), Сара (1932 ж.т.), Қадер (1936-2009), Болат (1946 ж.т.) тараған.
Совет үкіметі келерде Ғұмар Қараш молдаларды жинап алып, «Әркім өз жо-лын өзі тапсын, мына өкімет молда-ларды жақтырмайды» депті. «Ахмади атамыз мұғалімдікпен айналысқан сияқты» дейді Болат Есқалиев. Жұрт-тың бәрі оны «мұғаллем» деп атаған.
Ахмәдиұлы Сұлтан жоғары білім-ді, көзі ашық азамат болған екен. Болат Есқалиевтің айтуынша, Сұлтан ағай ҚазПИ-де оқытушы, доцент бо-лып қызмет еткен. Білімді қайдан ал-ғаны белгісіз, химик болса керек. Сұл-тан Есқалиевтің әйелі қайтыс болып, 1932-33 жылдары әкесін (Ахмәди Есқа-лиевті) Алматыға көшіріп алған. Ұлы Болаттың дерегінше, Ахмади ата Алма-тыда көпшілік кітапхананың меңгеру-шісі болып қызмет еткен. Москвада курста оқыған. Олар Алматыда 1937 жылға дейін тұрған.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің сайтындағы «Мемо-риал» айдарында саяси қуғын-сүргін құрбандарының тізімінде Есқалиев Сұлтан (Искалиев Султан) туралы тө-мендегідей деректер берілген:
«Есқалиев Сұлтан 1906 жылы туған, қазақ, Батыс Қазақстан облысы Жәні-бек ауданының тумасы. Білімі: жоғары (профиль белгісіз). Тұтқындалғанға дейін тұрған жері: Алматы облысы, Ал-маты. Қызметі доцент. 30.04.1937 жы-лы ҚазССР НКВД МҚБ, 6 бөл. 4 бөлім-шесі тұтқындаған. СССР Жоғарғы соты-ның Әскери алқасы 26.04.1938 жылы соттаған, РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-11, 58-10, 58-8, 58-9 баптары бойын-ша, ең жоғары үкім – ату жазасына ке-сілген. 15.06.1959 жылы СССР Жоғарғы сотының Әскери алқасы қылмыс құра-мы анықталмағандықтан ақтаған».
Сұлтан тұтқындалған күні-ақ туыс-тарын үйіне кіргізбей қойған. Олар Ал-матыда Пролетар көшесінің бойында-ғы бір пәтерде тұрған екен. Сұлтанның көп еңбегі, қағаздары болған екен, бә-рін кәмпескелеп алып кеткен.
Ахмәди Есқалиевтің өз қолымен, араб жазуымен жазған естелігі бар:
«1937 жылы мені «Балаң Есқалиев Сұлтанмен бір семьядасың» деп пар-тиядан шығарып, орыннан алып таста-ды. Пәтерден шығарып жіберді, содан қаңғып, Құйбыш (Куйбышев – қазіргі РФ-ның Самара облысы – Қ.) облысы-на қолдан келген қара жұмысты істеп, күнкөріс жасадым. Балалар жас, олар-ды асырау керек. Солай болып жүріп, Құйбыш облысының Чернигов район-дық оқу бөлімінен сұранып, мұғалім-дік жұмыс сұрап, мұғалім болып, Қызылақырап қалқозына І басқыш Бостандық мектебіне мұғалім болып 41-нші жылдан 50-нші жылға дейін оқытушы болып қызмет істедім. Солай қызмет істей жүріп қуынып, Сұлтан ту-ралы Жоғарғы Соттың «Искалиев Сул-тан реабилитирован» деген шешімін алдым».
Ұлы Болат Есқалиевтің айтуынша, Сұлтан тұтқындалған соң (1937 жылы) Ахмәди бірден жұмыстан шығып, Ал-матыдан елге, Жәнібекке қайтып кел-ген. Ол жерде көп кідірмей, ары қарай Сталинград облысына асып кеткен. Қа-ра жұмыс істеген. Одан Саратов облы-сына келеді. Бұл жерде де 1-2 жыл тұ-рып, мал бағады. Содан Куйбышев об-лысына келеді. Бұл соғыс басталған жыл болса керек. Соғысқа сұранған екен, жасы үлкен деп алмаған. Мұға-лім болып қызмет еткен. Сол Қызылақы-рап деген ауылда кенже ұлы Болат дү-ниеге келген. Ахмәдидің отбасы 1947-1948 жылдары Орынбор облысы Теп-лое деген ауылға көшіпті. Теплыйда Ах-мәди ағай есепші болып қызмет еткен. 1950 жылы Қазақстанға, Орал облысы-на, Орал қаласының іргесіндегі тәжіри-белік станса – Селекционныйдың бө-лімшесі Ветелки ауылына көшіп келген. Ахмәди Есқалиев 1965 жылы зейнет демалысына шыққанша осы жерде есепші-учетчик болып қызмет еткен.
Ахмәди Есқалиев 1968 жылы мау-сым айында дүниеден өтті. Зираты Ве-телкиде.
Кенже ұлы Болат Есқалиевтің ай-туынша, Ахмәди атаның тірі кезінде Ал-матыдан Ғұмар Қарашты зерттеуші ға-лымдар Мұстафа Исмағұлов, Гүлжау Сұлтанғалиевалар іздеп келіп, әңгіме-лерін, жырларын жазып алған, хат жа-зысып тұрған.
Болат ағай Гүлжау апайдың Ахмә-диді арнайы іздеп келіп, қонақ болға-нын, жанында 1-2 кісімен бірге түнімен отырып, әңгіме айтқанын еске алады. Мұндай кездесулер бірнеше мәрте бол-ған. Сірә, алматылық зерттеушілер Ғұ-мар Қараш шығармаларының түптің түбінде сұрауы болатынын сезіп, барын-ша жинақтап қалуға тырысқан.
«Жайық Пресс» ЖШС тарапынан Қазақстанның батыс өңіріндегі қазақ баспасөзінің даму тарихы зерттеліп, «Қазақстан» газеті, оны шығарушы Ғұ-мар Қараш есімі жиі айтыла бастаған шақта редакцияға Ахмәди Есқалиевтің ұлы Болат ағай Есқалиев арнайы іздеп келді. Болат ағай әкесінен қалған жаз-баларды жеткізді. Екі қалың дәптерге араб жазуымен және кириллицамен тізілген мәтіннің ішінде Ахмәди Есқа-лиевтің шежіре-тегі, түрлі өлеңдері, сонымен бірге Шәңгерей, Ғұмар Қа-раш, Қашаған жырау т.б. шығармала-ры жинақталған екен. Ғұмар Қараш-тың Ахмәди жазып қалдырған шығар-малардың кейбірі бүгінге дейін баспа бетін көрмеген.
Ахмәди Есқалиевтің өз қатарласта-рының алды, Ғұмардың мақтаулы шә-кірттерінің бірі болғанын дәлелдейтін бірер мысалды келтіре кетейік:
Орал қаласында татар тілінде шық-қан «Яңа турмыш» («Жаңа тұрмыс») газетінің 1908 жылғы 15 қаңтардағы №10 санында Ахмәди Есқалиевтің «Тә-бәрік» және «Дұға» атты екі өлеңі жа-рияланған:
«Естідук шығыпты деп «Яңа тұрмыш»,

Дауамын туғралықтың нәсіб етіп
Құдайым қылғай еді хайырлы іш.
Йазылып әбунаға әр тарафтан
«Тұрмышдан» ұлығ, кішік алсын үлуш.
«Фікірдай» либералный мәслук тұтып
Файдалы мұсылманға болсын бек қош.
Жиһанның шар тарафын шиыр қылған
Мысалы болсын аның самрұғ құш.
«Тұрмышның» бізге ерісіп хабарлары
Дұға еттік «Иа, алми қылғыл!» деп хош.
«Фікірге» дұшман болған наданлардан
Бұ «Яңа тұрмыш» бірлән алыңуз өч.
Файдесі қар”инге уәсіл уолыб

Бір қызығы, сол кезде Оралда татар тілінде шығып тұрған жаңа бағытты «Фі-кір» газеті туралы жазып, «Яңа турмыш-тың» шыққанына құтты болсын айтып, озық бастамаға ой қосып отырған Ах-мәди өзінің «Астрхан губернасы Ішкі Ордалық Талуфка қисымында ахунд Ғұ-мар әл-Қараш талабасындан» – яғни Астрахан губерниясы Ішкі ордалық Та-ловка бөлігіндегі ахун Ғұмар әл-Қараш-тың шәкірті екендігін атап көрсеткен.
Бұдан бөлек, Ғұмар Қараштың жә-дитшілдік көзқарастарына сәйкес ел ішіндегі молдалармен арада болған сөз-соғыстардың да бел ортасында Ғұ-мар Қарашпен бірге Ахмәдидің есімі жүреді.
«...Арқалауға қалғанда
Қарашев пенен Ахмади,
Жүгің болар мол ғана.
Жүк санасаң айтайын:
«Көксіл», «Шайыр», Қарлығаш –
Үш арба жүк сол ғана.
«Тумыш» «Тұлпар», «Өрнектер»
Бәрін қосып санасам
Шамадан артық ол ғана.
Бұл заттарды аз дейсің
«Бәдел» бенен «Фікірің»
Тағы да тұр ол және.
Көтерер едіңіз амалдап
Сегіз түрлі рисалаң
Әрбір болса бір дана.
Мүмкін емес көтеру,
Жоғалғырдың әрбірі
Бір неше мың рисала.
...Кітаптан өзің көресің:
«Қарлығашпен сөйлесуің
Рас па?» – деп сұраса
Не деп жауап бересің?!.
Рас десең сөйлесуің
Қарлығаштан сұралар.
«Омармен қайда сөйлестің?» - деп
Тергеуге оны да бір алар.
Сөйлеспедім десе Қарлығаш,
Жүйрік болса да Ғұмарың
Сол орында бір сыналар.
Осындай түпсіз өтірікті
Ақыл иесі кім алар...»
Көріп отырғанымыздай, бұл жол-дардың авторы Жұмағали Арыстанов Ғұмар Қарашқа қарсы арнайы жазыл-ған «Раддия» шығармасында Ғұмар-мен бірге шәкірті Ахмәдиді қоса түй-рейді. Сөйтіп, Ғұмарға бағытталған таяқ оның адал шәкірті Ахмәдиді де соғып өтеді.
...1921 жылы қаскөйлер ақынды Құ-наншапқан деген жерде қылышпен ту-рап өлтіріп кеткенде ұстазын жоқтап, зар жылаған да Ахмәди еді. Ол Ғұмар-ды жоқтап екі өлең шығарған:
Бір жұлдыз үстімізден кетті байып,
Жүзінен мынау жалған болды ғайып.
Мысқалы мың ділдалық қайран ерім,
Қалайша сипаттасам болар ылайық.
Кең пейіл, терең ақыл данышпаным
Басыңнан бақыт құсы кетті тайып.
Аз ғана тіршіліктің базарында
Ел үшін еңбек еттің қанат жайып.
Ит дұшпан іліндірді дұзағына,
Жүргенде бір өзіңді мыңға сайып.

...Айдынды адал жүрек, асыл едің,
Хатқа ұста, сөзге жүйрік басым едің.
Тоздырған қарашаның тобын қоймай,
Сияқты алғыр қыран лашын едің.
Сіңіріп миларына надан елдің,
Жарыққа сүйреп көзін ашып едің.
Келмеске кеттің қайта зарласақ та
Жаннатта болғай жаның, асыл ерім...
...Қазақтың талай марғасқа ұлдарын қыршынынан қиып, талайын тентіретіп жіберген Совет билігі Ғұмар Қараштың талантты шәкірті Ахмәди Есқалиевті де аяған жоқ. Үміт күткен ұлынан айырды. Тағдырдың жазуымен жат жерде жабы-ғып, қаңғып кетті. Өмір бойы қалың қа-зақтан «қашып», орыс арасында өмір сүрді. Алайда Ахмәди ағамыздың арма-ны да жоқ екен. Өлмейтін сөзді өшпес-тей етіп қағазға түсірді. Аманатты жет-кізді. Ол, міне, бүгін қолдарыңызда.

Қаралым саны 1223

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463