Менің өмірлік қағидам: «Еңбек ерлікке, ерлік елдікке жеткізер»

Кісенбай АСАБАЕВ,
еңбек ардагері, Атырау облысы

Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» ретінде белгілінген. Төрт жылдан бері аталып келе жатқан күннің дәстүрлі шарасы – республикалық «Мерейлі отбасы» байқауы биыл да жалғасын тапты. Аталған шараны Қазақстан Рес-публикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өткізіп келеді. Биылғы жылы конкурсқа 2879 отбасы қатысып, олардың ішінде 1041 отбасы көпбалалы екені анықталған. Соны-мен қатар өткен жылмен салыс-тырғанда, еңбеккерлер әулеттері өкіл-дерінен құралған отбасылардың саны 6,8%-ға өсіп, биыл 516 отбасы қа-тысқан.

Айта кетейік, Астанадағы «Қа-зақстан» орталық концерт залында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкур-сының финалдық кезеңінің жеңім-пазы анықталды. 2017 жылғы ұлттық байқаудың лауреаты атағын Қа-рағанды облысынан Куриленко от-басы иеленді. 7-15 қыркүйек ара-лығында sms/интернет арқылы дауыс беру нәтижесінде көп дауыс жина- ған бұл отбасы байқау жеңімпазы атанды.
Аталған әулеттің отағасы Николай Семенович – ҰОС ардагері, 45 жыл бойы Теміртаудағы металлургиялық комбинатта қызмет еткен. Бірқатар орденмен және медальдармен наг-радталған. Олардың өмір жолы оңай болған жоқ. Николай Семенович 36- дивизионда гвардиялық жауынгерлік бөлім құрамында айқасты. Күллі Еуропаны жүріп өтіп, Ленинград, Бал-тық теңізін қорғады. Мария Фе-доровна болса, ҰОС кезеңінде тылда еңбек етті. Олардың 5 баласы, 10 немересі, 7 шөбересі бар. Теміртауда ардагерлер арасында Куриленко отбасы 2016 жылғы үздік отбасы атанды. Ерлі-зайыпты Николай Семенович пен Мария Федоровна Куриленко 66 жыл бірге өмір сүрді. ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әб-діқалықова жеңімпаз отбасыға естелік мүсінше мен шағын автобустың кілтін табыстады.
Қойнауы қазынаға толы Атырау – қазақ мұнайының астанасы. Қазақ-стандағы барланған мұнай-газ кен орындарының 70-тен астамы осы облыста орналасқан. Олардың ара-сында Қашаған, Теңіз ел эконо-микасына серпін беріп отыр. Бұл өңірде де өмірімен жұртқа өнеге отбасылар жетерлік. Олардың біразы облыстық «Мерейлі отбасы» бай-қауында бақ сынады.
Естеріңізде болса, Атырау облыс-тық іріктеу кезеңіне жолдама алған 38 отбасының екеуі ақтық мәреде же-ңімпаз атанды. Сөйтіп, ынтымағы жа-расқан, елге де, қоғамға да пайдасы зор Закария Жұмағазиев пен Асабаев Кісенбай ақсақалдардың отбасы республикалық кезеңге жолдама алды. «Мерейлі отбасы» байқауына аталған облыстан биыл 97 отбасы қатысты.
14 ұл-қыз өсіріп, 51 немере, 14 шө-бере сүйіп отырған атыраулық Жұма-ғазиевтер жанұясы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық дең-гейінде жеңімпаз атанды. Елу жылға жуық ғұмырын білім беру саласына арнаған отағасы Закария Жұмағазиев "Ерен еңбегі үшін", "Аға мұғалім" се-кілді бірнеше орденмен марапаттал-ған. Жұбайы Тотанмен 5 ұл, 9 қыз тәрбиелеп, 51 немереден он төрт шөбере сүйген бақытты отбасы. Бүгінде Исатай ауданында тұрады. Мерейлі жанұяның 10 баласы мен 3 немересі де ата жолын қуып, ұстаздық мамандығын таңдапты.
Облыстық «Мерейлі отбасы» бай-қауының келесі жеңімпазы – Жылыой ауданынан қатысқан Асабаевтар от-басы да 11 перзенттен 41 немере, 26 шөбере сүйіп отырған жайы бар. Отағасы Кісенбай Асабаев бүгінде сексен екіде. Екі мәрте «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. Өмір жолын ауыл шаруашылығына арнаған отағасы – Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісінің иегері. Бүгінде ата жолын немерелері жалғастыруда. Жұбайы Дәметкен Асабаева – мал шаруа-шылығының ыстық-суығын бірге бөліскен «Батыр ана», «Алтын алқа» иегері. Жарасымды жанұя мүше-лерімен телефон арқылы тілдесудің сәті түскен еді.
Кісенбай АСАБАЕВ, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпазы:
- 1935 жылы дүние есігін аштым. Балалық шағым сұм соғыспен қатар келгендіктен, ерте есейдім. Тұрмыс-тың ауырлығы ғой. Әкеме ілесіп, жастай мал шаруашылығына ара-ластым. «Мал баққанға бітеді» деген рас. Бейнет көрдім. Алайда өзімнің ынтам ба, табиғаттың заңына бағынғандығым ба, бұл істен ешқашан жалықпадым. Аптап ыстықта да, қақаған қыста да отаудан шашау шығармай, мал басын аман алып қалған кездер болды. Шопандық қызметті 1964 жылы бастадым. Сол жылдары жеті жүздей Еділбай қойын бақтық. Төл алудан кеңшарымыз жақсы көрсеткішке жетіп, бір жылдан соң «Еңбек Қызыл Ту» орденін иелендім. Зейнет жасына шыққан соң «таяғымды» ұлыма беріп, өзім де қолғабыс еттім. Қазір жеке шаруа-шылығымызда жүз елудей қой бар. Кәсібімді ұлым жалғастырып келеді. Талай түз тағыларымен арпалыстық. Қасқырмен бетпе-бет келген кездер болды. «Еңбек ерлікке, ерлік елдікке жеткізер» деген бар. Сол қағида – менің өмірлік ұраным.
Егеубай Асабаев, Кісенбай Аса-баевтың ұлы:
- 1993 жылы бүкіл Қазақстан бо-йынша қыс қатты болды. 8 қарашада басталған қар наурыздың ортасына дейін жалғасты. Қар ерімеді. Мал өріс-ке шыға алмай қалды. Кеңшар бойын-ша мал шығыны көп болды. Сол кезде әкемнің ақылымен қиын кезден шық-тық.
Кісенбай ақсақалдың ата жолын қуған ұлдары мал шаруашылығымен айналысса, енді бірі мұнай-газ са-ласында еңбек етеді. Ал әулеттің қызы Зинаида Асабаеваның айтуынша, алаша тоқу, жіп иіру, жүн түту бұл от-басының әр қыз-келінінің қолынан келеді.
Дастан Асабаев, әулеттің кенжесі:
-Біздер «Мерейлі отбасы» байқа-уына барып келгенімізге қуанышты-мыз. Астана қаласында алғаш болуым. Үлкен әсер қалдырды. Конкурсты ұйымдастырушыларға алғысым шек-сіз. Жалпы біздің әулеттегі басты қағида – адал еңбек ету, ешкімнің ала жібін аттамау. Ес білгелі атқа мініп, мал қайтардық. Өзімнің әзірге үш балам бар. Олардың қазіргі еңбегі – сабақ оқу ғой. Соны талап етемін. Еңбекке араластыруға тырысамын. Әке-ше-шемнен алған өнегені балаларыма сіңіре білсем, арманым жоқ.
Отбасы – дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәс-түрлердің сақтаушысы. «Отан отба-сынан басталады» деп қазақ дөп айт-қан. Осындай мерейлі отбасылар – еліміздің сәні, ұйытқысы.
Айдана ХАМИДУЛЛИНА

Қаралым саны 1778

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463