Соңғы кездері Қазақстанның жалпыұлттық 100 киелі нысанын, одан кейін әр өңірдің өз деңгейіндегі киелі жерлерді анықтау, есепке алу жұмыстары қызу жүргізілуде. Өздеріңіз естігендей, 100 нысан тізіміне Батыс Қазақстан облысынан 6 нысан енді.

Шынайы тарихи оқиғаға негізделген, ұлттық рухты оятатын жаңа тарихи роман жарық көрді. Көптен күткеніміз. Сең қозғалғандай. Бұрынғы Кеңес заманының салқын саясатынан ада, тəуелсіздікке адал қызмет ететін жаңа буын қалыптасып келеді. Бұлар мұзжарғыштар іспеттес. Міне, бүгінгі романның авторы осылардың бел ортасынан. Ақиқатты арқау еткен шығарманың құнды болатындығы уақытпен дəлелденген. «DANAqaz» журналының алғашқы нөмірін шығарарда мақсатымызды көрсете алатын, мазмұнын ашатын салмақты тақырып іздегенбіз. Сонда Жаңабек Жақсығалиевтің осы Ғұбайдолла Əнес туралы жазған мақаласын таңдағанбыз. Енді Мұнайдар Балмолданың «Он төрт» тарихи романы халыққа жол тартты. Бұл кітаптың шығуына аз-кем тоқталсам. 

Аида МЫРЗАБОЛАТОВА, 

Қытайдағы Цзянсу технологиялық университетінің студенті,
Орал қаласындағы №44 жалпы орта білім беретін мектептің түлегі.
Бос уақытында кітап оқығанды ұнатады.
Бірнеше шет тілін меңгерген.

- Аида, шетелде, соның ішінде Қы-тайда білім алу туралы ой қалай келді?

Қазыбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

журналист

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының орталығы – Чапаев кентінде Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай ғылыми-танымдық конференция өтті. Жиынға Алматы, Атырау және Орал қаласынан белгілі алаштанушы ғалымдар қатысты.

Әлеуметтік желілерде құлсарылық Мәрлен мен Әнел есімді жұп туралы жиі жазылып, айтылып жүр. Біз де журналымыздың оқырмандарына екі жастың махаббат хикаясын баяндап, үлгі еткіміз келеді.
Әнел – 2009 жылдан бастап дертке шалдыққан ару. Ал Мәрлен – оның жанынан ажырамаған сүйіктісі. Мәрлен мен Әнелдің достығы 16 жастан басталыпты. Екеуі Атырау облысы Құлсары қала-сында бір мектепте оқыған екен. Алғашында телефонмен араласып жүрген жастардың ойына жұп боламыз деген ой келмепті. Мәрлен 9-сыныпты бітіріп, Ақтөбе қаласындағы колледжге оқуға түседі. Ал Әнел Құлсарыда оқуын жалғастырады.

Кісенбай АСАБАЕВ,
еңбек ардагері, Атырау облысы

Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» ретінде белгілінген. Төрт жылдан бері аталып келе жатқан күннің дәстүрлі шарасы – республикалық «Мерейлі отбасы» байқауы биыл да жалғасын тапты. Аталған шараны Қазақстан Рес-публикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өткізіп келеді. Биылғы жылы конкурсқа 2879 отбасы қатысып, олардың ішінде 1041 отбасы көпбалалы екені анықталған. Соны-мен қатар өткен жылмен салыс-тырғанда, еңбеккерлер әулеттері өкіл-дерінен құралған отбасылардың саны 6,8%-ға өсіп, биыл 516 отбасы қа-тысқан.

«Жұмақ ананың табанының астында» дейді қасиетті хадис. Парасатымен патшаны таң қалдырып, ақылымен алты алашты алдына келтірген осындай Аналар, Аллаға шүкір, қазақта аз болмаған. Төменде күллі қазаққа ортақ ұл-қыз тәрбиелеген мықты аналарымыз туралы топтама ұсынып отырмыз.

Кезінде Марат Тәжин Мемлекеттік хатшы болып тұрған кезінде «Тарихты сақтап қалу – ұлтты сақтап қалудың жалғыз жолы» деген тақырыппен елі-міздің ең мықты тарихшыларының басын қосып, ішінде ғылым докторлары, академиктер бар, үлкен жиын өткізген болатын.

Бұл жеңіл дайындалатын стейк-тің үлкендігі сонша, оны екі адам-ға ұсынуға болады. Сырты қоңыр қабыршақтанғанша қуырылатын, ал іші шикі дәстүрлі ет.

Ресей езгісінде жаншылған барша түркі мұсылман қауымының отаршыл-дыққа қарсы саяси және рухани күресі ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басында жаңа сапалық мазмұнда жаңғырды. Қай-раткер Ысмайыл Гаспыралының «Dilde, fikirde, iste birlik!» («Тілде, пікірде және істе бірлік!») ұраны түркі әлемінің жә-дитшілдік пен милләтшілдік ұстанымын-дағы түбірлі мақсат-міндеттерін айқын-дай түсті.

Шамам келгенше, жылына еліміздің бір аймағына немесе көршілес елге жеке шаруаммен бірге саяхаттап, сапар-лап қайтуды әдет қылғанмын. Былтыр зайыбыммен Башқұртстанға барғанбыз. Биыл Татарстанға барамыз деп шештік. Барар жолда Ресейдің Самар облысы, Ульяновск облысы арқылы Қазанға жетуді жоспарласақ, қайтарда Набережно-Челны, Уфа, Орынбор арқылы өтуді таңдадық.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Строитель шағын ауданы, 35 үй

Телефон:

8 (711 2) 23-22-06

8 777 194 44 77