Зейнелғабиден Тағиев

Ресей езгісінде жаншылған барша түркі мұсылман қауымының отаршыл-дыққа қарсы саяси және рухани күресі ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басында жаңа сапалық мазмұнда жаңғырды. Қай-раткер Ысмайыл Гаспыралының «Dilde, fikirde, iste birlik!» («Тілде, пікірде және істе бірлік!») ұраны түркі әлемінің жә-дитшілдік пен милләтшілдік ұстанымын-дағы түбірлі мақсат-міндеттерін айқын-дай түсті.

Тамырында ата қаны суымаған түркі сойының елшіл тұлғалары өз ұлтының ғана емес, патша қысымында жаншылған барша қандас туғандары-ның тағдырына бей-жай қарай алмады. Ғалымжан әл-Баруди (1857-1921), Ризаитдин Фахретдинов (1859-1936), Әлимардан бек Топшыбасов (1863-1934), Гайса Еникеев (1864-1931), Мұхниса Буби (1869-1937), Фатих Карими (1870-1937), Мұса Бегиев (1873-1949), Жүсіп Ақшора (1876-1935), Ибинамин Ахтямов (1877-1941), Садри Максуди (1878-1958), Гаяз Исхаки (1878-1954), Заки Уәлиди Тоған (1890-1970) сынды миллатшылдардың бірқатары Ресейдің Мемлекеттік Дума мінбесінен, енді бірі түркі мұсылман басылымдарындағы мақалаларымен қазақтың әлеуметтік мәселелеріне қоғам назарын аудартты.
Түркі мұсылман руханиятының ре-форматор тұлғалары Маржани, Насыри-лердің кемел істері жалғастырған қай-раткерлер отаршылдық жүйе қысымы-ның небір озбырлықтарын өткере жүріп, рухани кемелділікке бастайтын білім ор-даларын ашты. Зия Камали негізін сал-ған «Ғалия» (1872), Ғалымжан Баруди кірпішін қалаған «Мұхаммадия» (1882), Зайнулла Расулаев бастауында тұрған «Расулия» (1883), Хайрулла Гусманов іргесін көтерген «Гусмания» («Осма-ния») (1887), меценат Ахмед және Мах-мұд Хұсайновтардың демеушілігімен шаңырағын тіктеген «Хұсайния» (1891) медреселері кең-байтақ Тұран даласына білім нұрын төкті.
Қазан, Уфа, Орынбор, Санкт-Петер-бург қалаларындағы түркі мұсылман тұлғалары тұтқасын ұстаған баспалар-дан қазақ ақын-жазушыларының кітап-тары басылды.
Ресей империясы Мемлекеттік Ду-масы мәжілістерінің биік мінбесінен сөз алған 20 мұсылман депутат барша түркі тілдес халықтардың толғақты мәселеле-рін көтерді. Мәселен, Ибнамин Ахтямов ІV Мемлекеттік Думада (1912.7.12.) мұ-сылман фракциясы атынан патшалық Ресейдің ұлттық және қоныстандыру саясатындағы қиястықтарды сынға ал-ды. Бүкілресейлік ІІІ мұсылмандар сие-зінде қарастырылған діни бостандық, мәдени-ағартушылықтағы ұлттық дер-бестік, жергілікті өзін-өзі басқарудағы шектеушіліктерді алып тастау сипатын-дағы бағдарламалық шешімдерді қа-дап-қадап көрсетті. Ал 1914 жылдың 15-25 сәуірінде болып өткен Бүкілресейлік ІV мұсылмандар сиезінде түркі мұсыл-ман жұртының қырыққа жуық белді өкі-лі бас қосты. Оған ІV Думаның 6, бұрын-ғы шақырылымдағы Думаның 9 депута-ты қатысты. Олардың арасында қыр пер-зенттері Әлихан Бөкейхан, Бақытжан Қаратаевтар болды.
Зейнелғабиден Тағиев (1823-1924), Моллағали Яушев (1864-1926), Мұстафа Лутфи Измайлов (1880) тұрпатты түркі мұсылман жұртының сом тұлғалары қа-зақ басылымдарын қаржылай демеді.
Қазақтың алғашқы ұлттық басылым-дарының бірі – «Қазақстанда» жариялан-ған «Газет деген не зат?» мақаласында Ғұмар Қараш «...Бізді бір ниет, бір тілек-ке жиятұғын зат – казит, со себепті казит – біздің басшымыз, казит – біздің достар алдындағы көркіміз. Дұспандарға қарсы құралымыз, казит – біздің білмегеніміз-ді көрсететін ұстазымыз, казит – біздің қараңғыда жарық беріп, тура жолға са-латын шамшырағымыз» деп жазғанын-дай, Алаш үні болған газеттің жарық көруіне қаржылай көмегін көрсеткен әзірбайжан елінің атақты перзенті Зей-нелғабиден Тағиев өнегесі ала бөтен.
Есімі исі түркі әлеміне мәшһүр тұлға-ның ақ адал маңдай тері сіңген кенен қаржы-қаражаты туған халқының руха-ни жаңаруы мен кемелденуіне өлшеусіз үлес болып қосылды. Қатардағы тас қа-лаушыдан бірегей мұнай алпауытына дейінгі асқарлы белестерден өткен ақ-жүрек ер қолдау мен демеуге зәру бол-ған талай дарынның жолын ашты. Оқуға құлаш ұрған жастардың әлемнің белді де беделді оқу орындарында білім алуына демеушілік етті. Қандастарының ел мен жер алдындағы перзенттік парызына жауапкершілікпен қарауына «Қайтпас табандылықпен оқып, қажырлы із-деніспен тыңғылықты білім алғандары-ңызды қалаймын. Бақыт кілті ілім-бі-лімде екенін естен шығармағандарыңыз абзал!» деген аталы сөзін арнады. Олар-дың Отанына оралып, еңбек етуі әрі тек діндес қарындасына үйлену туралы қол-хат алуы Тағиев тұлғасында тоғысқан ілкі қасиеттерді даралайды.
«Оң қолымдағы Құран ата дәстүрге адалдығымды білдірсе, сол қолымдағы газет тек қана алға ұмтылу керектігін ұғындырады. Сіздер де иман (сенім) жә-не ілгерілеу (прогресс) жолын ұстаныңыз-дар» деп білген санаткер ұлттық серпі-ліске ықпал еткен «Хаят», «Каспий» га-зеттерін қаржыландырды.
Кедей-кепшік отбасынан шыққан ол қарапайым жандардың әлеуметтік мұң-мұқтажын жақсы сезінетін. Содан да болар, өзіне қарасты кәсіпорнындағы жұмысшылардың еңбекақысын көтер-мелеп отыруды бір сәт қаперінен шы-ғармайтын. Жұмысшыларды иманды-лыққа ұйыстыратын мешіт көтеріп, ба-лаларын оқытатын мектеп салғызудан аянып қалғаны жоқ. Дәріхана мен дәрі-герлік көмек пункттерін аштыруымен де сарабдалдық танытты.
Ұлтының өркениет жолымен өркен-деуін көздеген санаткер қаржысына 1883 жылы драма театрының зәулім ғимараты бой көтеріп, 1893 жылы өнер шаңырағы кеңейтілді. 1909 жылы қаскөй кер-тартпалар тарапынан қасақана өртелген театрды қайтадан салғызды.
Әзірбайжандағы алғашқы кітап бас-тыру, қасиетті Құран Кәрімнің әзірбай-жан тіліне аударылуындағы кемел істер-дің алғаш қолға алынуы Тағиев есімімен байланысты. Қасиетті кітапты аударуға ресми рұқсат алу мақсатында қазы Мир-могамед Кермиді Бағдатқа арнайы са-пармен аттандырады. Лейпцигтен араб шрифтісін тапсырыспен алдыртып, әзір-байжан тіліне аударылған Құран Кәрімді бастырып шығарады.
Ұлтының ұлы перзенттерін ұлықтау-ды бір сәт есінен шығармай, Сеид Азим Ширвани, Мұхаммед Хади кітаптарын бастырады.
Кең пейіл меценат шапағатымен әзір-байжан топырағында зайырлы білім бе-ретін небір іргелі оқу орындары бой кө-терді. Халқының өркениет жолымен іл-герілеуін діттеген ол мұсылман қыздары-на арналған тұңғыш мектеп салуға мұ-рындық болды. Қайраткердің қаржылай қолдауымен 1901 жылы Бакуде әйелдер-ге арналған алғашқы мектеп ашылды. Ол тек Әзірбайжандағы емес, барша мұ-сылман әлеміндегі еуропалық үлгідегі бірден-бір жалғыз мектеп болатын. Білім ордасының салтанатты ашылуында сөз сөйлеген қайраткер «Біз болашақ күндері бұл әйелдер мектебін гимназия-ға айналдыруымыз керек. Ол – менің қа-шанғы арманым» - деген ақжарма тілегін білдірді.
Мектепті бітіруші түлектерге әзірбай-жан тіліне аударылған қасиетті Құран Кәрім кітабын тарту етеді. Әлем әде-биетінің классиктері Толстой, Пушкин, Лермонтов кітаптарын сыйлайды. Жаңа киім-кешектер мен құнды кәдесыйлар үлестіреді.
Туған жер топырағынан қуат алған тау тұлға өсіп-өнген өлке табиғатының гүл-денуі мен көркеюіне қажетті қаржы бөлуден да аянып қалғаны жоқ. Баку қаласы маңындағы Мардакян елді мекенінде бау-бақша және гүл өсіру-шілер мектебінің негізін қалады. Құм-дауық жерлерге шоқ тоғай егіп, Баку қаласының көгалдануы мен абатта-нуында өзіндік қолтаңбасын қалдырды.
Қуаңшылық пен табиғат апатынан төнетін жұт, аштық зардаптарының ал-дын алу үшін су бөгеттері мен су құ-бырының құрылысын қолға алып, ел игілігіне жа-ратты. Белгілі инженер Вильям Линдлеяны Майндағы Франк-фурттан арна-йы алдыр-тып, су құбыры кәріздерін тартуды жүзеге асырды.
Шуша қаласындағы аштыққа ұшыра-ған қандастарына көмек қолын созып, керуен-керуен азық-түлік аттандырды.
Атымтай жомарттығымен ұлтының құрметіне бөленген дегдардың Еуразия кеңістігін қамтыған қайырымдылық кө-мегі ерекше тағылымға толы. Петер-бургтегі мешіт құрылысына 1100, Қап тауы мен Дағыстан мешіттерін жөндеуге 5000, Баку зиратын абаттандыруға 5000, Астарахан мешітін қайта қалпына келті-руге 5000, Тегерандағы медресе құры-лысына 55 000, «Саадат» мектебіне кө-мек ретінде 5000, жетім-жесір, ауру-сырқау жандарды қолдау мақсатында 8500, коммерциялық училище мен мұ-сылман балаларының оқуына 50 000 сом (рубль) көлемінде демеушілік жасады.
Имани қасиеттерге толы қайырым-дылық шапағатынан Алаш баласы да шет қалғаны жоқ. Меценаттың қазақ то-пырағында 1911 жылдың 10 наурызы-нан 1913 жылдың 15 қарашасына дейін жарық көрген алғашқы ұлттық басы-лымдарының бірі – «Қазақстан» газетіне сүйеу болудағы кесек мінезі сүйсіндіре-ді. Басылымды шығарудағы қаржы мәсе-лесі тығырыққа тірелген кезде Зейнел-Ғабиден Тағиевке Шәңгерей Бөкейұлы Ғұмар Қараш пен Елеусін Бұйраұлын жіберіп, көмек қо-лын ұсынуды өті-ніп, хат жол-дайды.
«Шәңгерейдің Тағиевке өз қолынан хат жазып беріп жібергенін Ғұмар да сұл-танның алдында айтқан марсия жырын-да: Екі ауыз жазған сөзімен, Жер шетіне кеткен жан, Іздегені тап болмай, Мұңа-йып елге бос келмес, Бос келмеудің се-бебі: Түрлі жөнді білесің, Жөнін тауып лайықты, Сөздер жазып бересің. Жөнін тапқан жұмысты, Қайт етуге хош алмай, Нендей адам сескенбес, - деп аңғартқан ғой» (қараңыз. М. Тәж-Мұрат. Ғұмар Қа-раш: өмірі мен шығармашылығы. – Ақтө-бе: «А-Полиграфия» ЖШС, 2004. 72-бет).
«Қазақстан» газетін шығаруда Шәң-герей Бөкейұлы, Ғұмар Қараш, Елеусін Бұйраұлы (Бұйрин), Бақытжан Қаратаев, Ғұбайдолла Бердиевтер қайтпас қайсар-лық танытты. «Ала ту Абылайдың ала ат-тансаң, Аламан артыңдағы біреуі мен» деп білген ғажайып өнер иесі Шәңгерей газетке қаржылай көмек берді, демеу-шілік жасады. Бүгінгі ұғымға жанастыра айтсақ, ел игілігі үшін қазақ топырағын-да Есенқұл қажы Маман, Ахмет ишан Оразай қатарында ұлттық меценаттық-тың негізін қалады.
Міне, Ғұмар Қараштың «Қазақстан» басылымында жарияланған «Баку» очер-кіне әзірбайжан сапарының барысы ар-қау болды. «Былтыр 1911 жыл жауза жұлдызының бас күнінде «Қазақстан» газитін атқа мінгізіп, адам ету қайғысын-да адамдар арасында етілген бір қаулы бойынша Алла деп аттанып, Баку қала-сындағы хажы Зинелғабиден Тағиевті іздеп, елден екеу шықтық. «Еріккен екі тентек елден шығып кетті» деушілер көп болса да, жан-тән көңілдерінен «хайыр-лы сафарлы болып, жеңіл барып, ауыр қайтқай» деп дұға етуші хайыр хуаһлері-міз болуын да білетін едік. Ақ ниетіміз хұрметіне Алла тізгінімізді оңғарып, бар-ған хажымыз хош алды. «Қазақстанға» мың сом жәрдем берді. Аталық шафхаты-нан ағып шыққан сөздерін айтты. Барлық қазақ атағына 3 жәлид тәфсірлі Құран шәриф һәдиа қылды. Амандасып, ай-рылар жерде «Қазақ баласына менен сәлем – дәулет менікі емес, милләттікі» деген сөзін айтып, көзіне жас алды. Жәй-түйімізді түсіндіру турасында мәшһүр Ғали Мардан Бек Топшыбасовдың жәр-демі тиді. Хұдай тағала ғұмырларын ұзақ етіп, ондай адамдарымызды көбейтсін» (қараңыз: Қазақстан. – Орал, 2012. 177-бет). Ғұмартанушы Мақсат Тәжмұрат атап көрсеткеніндей, «Әне, ол заманға милләт, ұлт желімі сондай болған!».
Кісілік қасиетімен қалың қазақтың риясыз құрметіне бөленген милләтшіл тұлғаға деген елдің шексіз алғысы ұлт-тың үні болған «Қазақстан» газетінің әр санында көрініс тауып жатты. Мәселен, басылымының екінші санындағы «Хұр-матлу оқушыларымызға» редакциялық мақалада «Қазақстанның» екінші нөмірі кешігіп шықты, шығарушылардың не хәлде болғаны бір Аллаға, екінші өзде-ріне айан. Қайғылы күндердің, ұйқысыз түндердің талайы бастан кешті, алда-рында да тар жерлер, тайғақ кешулер жатыр, алайда шығарушылардың ке-лешектегі қиындықтардан қашуға ой-лары жоқ, Алла саламатшылық берсе, машһүр генерал Зайн ал Ғабидин Тақиуф жанаблары ейкден бір көтеріп жіберді, йағни бір мың сом казитіміз файдасына жәрдем етті.
Бұ кісі – орыс мұсылманға ортақ кісі, «бір падшалықта тұрған адам, «сен орыс» деп, «сен қазақ» деп, бірін-бірі жат көрмеске керек» деген фікірлі кісі» деп Тағиев іскерлігін жарқырата көрсетті.
«Азаматтарға және бір-екі ауыз сөз» мақаласында Бақытжан Қаратаев қа-зақтың алғашқы газет-журналын қар-жылай қолдауда азаматтық танытқан З. Тағиев, Яушевтердің (Иаушев) берен-дігін сүйіншіледі.
«Троитскі шаһарында қазақ тілінде «Айқап» журналы шықты деп, Оралскі шаһарында «Қазақстан» ғазитасы шық-ты деп қазақ азаматтары қуанысып жат-қан көрінеді. Мұны біліп, азаматтарға айтатұғын аз ғана сөзім бар: «Айқап» журналының шығуына расход шығарып, себеп болған Троистскі мұсылманы Иаушев болады, «Қазақстанның» шы-ғуына себеп болған Баку шаһарының мұсылманы, генерал Зейналғабиден Тағиев һәм Жаһангир ханның немересі сұлтан Шаһангерей деген мұсылман болады. Тағиев мың сом берді, сұлтан Шаһангерей бес жүз сом берді» (қара-ңыз: Қазақстан. – Орал, 2012. 118-бет).
Газетте басылған Жұбакен Тілеубер-геновтің «Бес азаматқа тәшкүр», Ғабдол-ла Көбжасаровтың «Қара халық тарафы-нан бір-екі ауыз сөз» мақалаларында да Зейнелғабиден Тағиев, Моллағали Яу-шев, Шәңгерей Сейіткерейұлының аза-маттығы лайықты бағасын алды.
Бакуге арнайы аттанған Алаш азамат-тарын Тағиевпен жолықтыруға дәнер-кер болған Ғали Мардан Бек Топшыба-сов эмиграцияда жүріп, 1934 жылы өмір-ден өткенде Мұстафа Шоқай жерлеу рә-сіміне қатысып, сөз сөйледі. «1918 жылы Әзірбайжан ұлттық тәуелсіздігін жария-лағанда Әлимардан бекті әзірбайжан Ұлттық Парламентінің төрағалығына сайлады.
Рақымсыз тағдыр өз дегенін істеді. Әзірбайжан тәуелсіздігінен айрылып, қызыл империяның бұғауына қайта түс-ті. Бұл кезде Әзірбайжанның Еуропада-ғы ұлттық өкілдігінің төрағасы міндетін атқарып отырған Әлимардан бек әзір-байжанның мұғыжары болып қала бер-ді. Ол қайда жүрсе де, ұлты мен атаме-кенінен басқа ештеңені ойламаған аса күрескер адам еді.
...Біз, Түркістан түріктері, Әлимардан бекті аса көрнекті түрік қайраткері ретін-де құрметтейміз. Әлимардандарға түр-кістандық түрік те, қазандық түрік те, қырымдық түрік те өзінің әзери түрікте-рімен бірдей еді..» деп барша түркі ба-ласының айрықша құрметін жеткізді.
Түркі мұсылман қауымындағы дәу-летті азаматтардың қазаққа қолұшын созудағы меценаттығы ұлт зиялыларын ойландырмай қоймады. Міржақып Ду-латұлы «Оқушыларға жәрдем» мақала-сында «Басқа жұрттарды айтпай-ақ, өзi-мiзге жақын ноғай ағайындарымыздың байларына көз жiберелiк. Орынбордағы Ахмет, Махсұт Хасеновтар, Кавказдағы Тағиев, Сейдоллаевтардың жүз мыңда-рымен ноғай халқының он мыңдаған жасөспiрiм жастары гүлденiп шешек атып, ғылым нұрына қанып келедi. Орынбордағы медресе «Хусаиния», Уфа-дағы медресе «Ғалия», Қазандағы мед-ресе «Махмудия» һәм сол секiлдi зор медреселердiң бәрi де ноғай байлары-ның ақшасымен салынған һәм бұл күнге шейiн оқушылардың тәрбиесi, оқытушы-лардың жалованиесi солардан. Мұнан кейiнгi ноғайдың екiншi, үшiншi дәре-желi байлары әрқайсысы өз жерiнде оқу жолына жомарттық қылып, мешiт, мек-теп, медреселерiн тәрбиелеп тұр...» деп өз қаржы-қаражатына мектеп-медресе ашып, оқуға ынталы жастарға жәрдем-десудегі түбі бір туысқан ағайындардың кемел істерінен қандастарының өнеге алуын құп көрді.
«Былтыр Оралда «Қазақстан» газетi шыққанда Баку байы Зейнелғабиден Тағиев бiр мың сом жәрдем бердi. Мұны көрiп тұрған қазақ байларының санасы, намысы деген нәрсенiң ұшқыны, тамыр-ларында бiр тамшы қазақ қаны болса, ұяларға керек едi. Мыңды айдаған қазақ байларының қолынан мұндай орынға 5-10 сомның шығуы қиын болып тұрғанда, қайдағы бiр шеркестiң мың сом суырып беруi қалай!...» деп Тағиев ғибратымен қазақтың дәулетті азаматтарының на-мысын қамшылады (қараңыз: «Алты томдық шығармалар жинағы. 2-том: Кө-семсөз, әдеби-сын және зерттеу мақала-лары /Құраст: Г. Дулатова, С. Иманбаева. - Алматы: Мектеп, 2013. 131-132-бет).
«Қазақстан» газетін Ғабд әл-Хамид Хусаинов 25 соммен демесе, осынау игі-лікті қадамдардан қандастарымыз да шет қалмады. Атап айтқанда, қазақ дала-сын білім нұрына бөлеген Маман әулеті, яғни Сейітбаттал қажы Маманов, Хұдайберген Тұрысбеков, Ишанғали қа-жы Маманов, Ғайдмахмуд Тұрысбеков-тер қаржылай жәрдемдесті.
«Мамания» мектебінде ұстаздық ет-кен қайраткерлер Ғабдолғазиз Мұсаға-ли, Мұстақым Малдыбайұлы «Қазақ-стан» газетінің жұмысына ат салысты. Ишанғали Меңдіғалиев, Билаш Шолты-ровтар қалың қауымды басылымды жаздыруға тартуда тер төкті, қаржы жа-ғынан қарайласты.
Мұстақым Малдыбайұлы «Хайырлы сағат» мақаласында «Иә, Қазақ балала-ры! Істі бастаушы табылды, енді сіздер қоштаңыздар! «Айқап» менен «Қазақ-станның» екеуі жиылғанда бір қозының құны ғой... Ойлаңыз! Әлбетте, санасы, намысы бар адамдар, осындай жарлы күнде жәрдем етер. Қазақ арасында білікті адамдар, моллалар, мұғалімлер, халыққа айтсаңыз, халық тілегіңізді алады» деп ұлт басылымдарын қолдауға шақырды.
1904 жылдың 7 қазанында С.-Петер-бургтен Қазан қаласындағы ветеринар институтының студенті Ғұбайдолла Бер-диевке жазған хатында Алаш арысы Ха-лел Досмұхамедұлы «...Сенен басқа жүздеген, мыңдаған қазақтар жоғарғы дәрежелі білімдер алып жатқанын ойы-ңызға алсаңыз, сол кезде бұл халық та еңбекке, алға басуға қабілетті деп есептейсің. Ол «Бір кезде дүние жүзінде алдыңғы қатарлы құрметті орындардың бірін алады, ол екінші Жапонияға айналады», деген сөз» деп ұлт жасам-паздығына сеніммен қараған еді (қара-ңыз: Т. Жаңабайұлы. Халедің бір хаты хақында // www.madenimura.kz /kk / materials /publications/haleldin-hati/-). Міне, Ғұбайдолла Бердиев «Қазақстан» басылымының ел өміріндегі маңызын «Хұрматлу басқарушы» мақаласында «Өлген кісі болмаса, тірі кісі оянса ке-рек. Түңілу жол емес, үміт көп. Ел көзсіз емес, аз да болса, көзі бар. Ел елдігін етер. Халықты оятушы – газет» деп айқын-даса, Мұхамедғали бин Ғабдрахман Оразбаев «Алаштың азаматтары!» мақа-ласында «Мұсылманша оқы, орысша оқы, йапонша оқы, әйтеуір, оқы, ғұмыр-ды бос өткізбе, тек жату жарамайды» деген пікірімен ұлттық өркендеуде Алаш зиялылары үлгі етіп алған Жапо-ния жолын ұстану бағытына қолдау біл-дірді.
Жаңалық жаршысы болған басы-лым – «Қазақ» газетінің жарық көруін «Орынбордан нағыз қазақ тілінде «Қа-зақ» атты казит шықты. Бас жазушысы – «Қырық мысалды» шығарған атақты ақынымыз Ахмет Байтұрсынов, ақша шығарып бастырушы Мұстафа Оразаев деген азамат. Газеттің мақсұты, қысқа айтқанда, қазаққа көз, құлақ болу» деп алты Алашқа алабөтен қуанышпен жеткізді.
Басылымда жарияланған «Ұмтыл», «Қазақтың кешегі күйі», «Қазақ халқы-на» өлеңдерімен Ахметғали Мәметұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Ишанғали Би-сенұлы ояну дәуірі әдебиетінің көркем-дік даму үрдісіне үн қосты.
Түйіндей айтқанда, алғашқы ұлт ба-сылымдарының бірі – «Қазақстан» газетін қаржылай қолдауда азаматтық таныт-қан түркі әлемінің тарлан тұлғасы Зей-налғабиден Тағиевке деген қазақ бала-сының құрметі шексіз. ХХ ғасыр бас ке-зіндегі түркі халықтарының жәдитшіл-дік, милләтшілдік мұратындағы рухани ұйысуының осынау бір ғана жарқын үлгісі тарих тағылымына жетелейді. Қашанда түркі мұсылман қауымының елдік қасиет-тегі береке-бірлігі мығым, рухани даму-дағы ықпалдастығы асқарлы болғай!
Сағымбай ЖҰМАҒҰЛ,
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының ғылыми қызметкері,
Астана қаласы

Қаралым саны 1569

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463