«Дана.kaz» журналы осы мерейтойға тарту ретінде ерекше сурет жариялап отыр: Бұл көне сурет Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің сирек қорынан алынды. Көне жәдігерді баспаға арнайы ұсынған музей директоры Әбіл Жоламан мырзаға алғыс білдіреміз. Сурет баспасөз бетінде тұңғыш рет жарияланып отыр. Оқырман қауымнан, көзі қарақты ғалымдардан өтініп сұрайтынымыз – суретте бейнеленген аға-апаларымыз туралы тың дерек білсеңіз, редакцияға хабарлассаңыз екен. Сонымен бірге өз қолдарыңызда сақталған тарихи суреттерді де осы «Көне сурет» айдары аясында жариялауға әзір екенімізді ескертеміз.
1. Лукьянец
2. Васильев
3. Джамалиев (Қажым Жұмалиев (Қажығали) – ғалым, филология ғылым докторы (1947), профессор (1950), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961), Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1967, 1946 жылдан корреспондент мүшесі). 1923-25 жылы Орынбор ересектер мектебінде, Шымкент ауыл шаруашылығы техникумында оқыған. 1932 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі АлМУ) бітірген. 1932-37 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті), 1937-68 жылдары ҚазПИ-де сабақ беріп, қазақ әдебиеті кафедрасын басқарды.
4. Альжанов (Әлжанов)
5. Якимович
6. Шайхин
7. Волков
8. Темиркенов (Теміркенов)
9. Нарыбаев (Карыбаев?!)
Жоғарыдағы тоғыз адам оқытушы құрамы болса керек.
Жоғарғы қатарда (солдан оңға қарай):
10. Тспаева (Тысбаева – Топаева?!)
11. Нургалиев (Нұрғалиев)
12. Хамзин – (тарих ғылымдарының кандидаты Дәметкен Сүлейменованың айтуынша, Хамзин деген оқытушы Орал пединститутында жұмыс істеп, 1971-1976 жылдар аралығында психологиядан сабақ берген. Сол кезде ол кісінің жасы 60-қа таяп қалған.
13. Валиев (Уәлиев)
14. **ндыгалиев (Меңдіғалиев?!)
15. Джумашева (Жұмашева)
Екінші қатарда (солдан оңға қарай):
16. Сархитов
17. Исхангалиев (Ықсанғалиев)
18. Кукубаев (Көкібаев)
19. Джапаков (Жапақов)
20. Еркенов
21. Джусибалиев (Жүсібалиев)
Үшінші қатарда (солдан оңға қарай):
22. Едгин (Едігин)
23. Акчурина
24. Актаев (Ақтаев)
25. Исмагулов (Исмағұлов)
26. Азмуканова (Әзмұқанова)
27. Джумагалиев (Абдолла Жұмағалиев) - ақын. 1934-36 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі БҚМУ), 1936-38 жылы ҚазПИ-де (қазіргі АлМУ) оқыған. 1938-39 жылдары Қызылорда сауда техникумында оқытушы, 1939-41 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор болған. 1941 жылы шілдеде әскерге шақырылып, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапты (1941, 26 қазан). Жұмағалиевтың ерлігіне арнап Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын жазды (1943).
Төртінші қатарда (солдан оңға қарай):
28. Алимбаев (Әлімбаев)
29. Айбасова
30. Мурзашев (Мырзашев)
31. Нарбеева
32. Исбасарова (Ізбасарова)
33. Ашенов (Әшенов)
34. Аюпов
35. Камитов (Хамитов)
Сол жақ шеттегі екі адам (бірінің астында бірі):
36. Утемисов (Өтемісов)
37. *** (көрінбейді)
Ортада (ең төменде, дәл ортада):
38. Бакишев
Оң жақ шеттегі екі адам (бірінің астында бірі):
39. Сагингалиев (Сағынғалиев)
40. Тайманов – Тайманов Асан Дабысұлы (7.11.1917 жылы туған, Орда ауданы, Бисен ауылы) – ғалым, физика-математика ғылымдары-ның докторы (1961), профессор (1961), Қазақстан Ғалым академия-сының академигі (1962). 1936 жылы Орал пединститутын бітірген. 1936-1938 жылдары - Орал педагогикалық институты кафедрасының ассистен-ті. 1938-1941, 1945-1947 жылдары - Мәскеу педагогикалық институты-ның аспиранты. Ұлы Отан соғысы-ның ардагері. 1947-1954 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында, 1954-1960 жылдары Иваново және Щуи педагогикалық институтында доцент, 1960-67 және 1971 жылы КСРО-ның Сібір бөлімшесінің Математика институтында аға ғылыми қызметкер, 1961-1965 жылда-ры Новосібір университетінің геометрия кафедрасының меңгерушісі. 1968-70 жылдары Қазақстан FA физика-математика бөлімінің академик-хатшысы. 1970 жылы Қазақстан FA Математика және механика институтының директоры. Ол – 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Қазақстан үшін математик кадрлар даярлауға үлкен үлес қосқан. Еңбек Қызыл Ту ордені және бірнеше медальмен марапатталған.