Ольга әже Жаһанша атамды шын сүйген

Бисенғали ҚУАНШАЛИЕВ, 
Жаһаншаның немере ағайыны:

«Менің атам Олдан мен әкем Құдес Мәскеудегі Қадеспен хабарласып тұратын. Ольга Константинқызымен де араласып, Мәскеуге барып, үйіне соғып жүрді. Қадес аға қайтарынан бұрын, 1971 жылы мамыр айында атамекенге келіп кетті.

Мен өзім де жасырақ кезімде Ольга Константинқызымен хат жазысып тұрдым. Ол бізге ауылда қат тауарлар – әдемі автоқаламдар, фонариктер, қарттарға – үнді шәйін посылка етіп жіберетін.

1975 жылы ақпанда мен Мәскеуге, Ольга Константинқызының үйіне іздеп бардым. Ол менің келгеніме қатты қуанды. Мен 3-4 күн сол үйде болдым. Оның айтуынша, Жаһанша атам жан-жақты, өте шешен адам болыпты. Өмірінде қанша қиындық көрсе де мойымаған, күйзелмей, көңілді жүреді екен. Мен әңгімелерінен Ольга әжеміздің Жаһаншаны өте ерекше жақсы көргенін байқадым.

Ольга Константинқызы маған сол жолы Жаһаншамен қалай кездескенін айтып берді. Жаһанша жоғары оқу орнын бітірген соң Томск қаласында жұмыс істеген. Сол жерде Ольганың ағасымен достасып кетіпті. Сөйтіп, ағасы Жаһаншаны бірде үйіне ертіп келген. Сол жерде Ольгамен танысыпты...

Ольга Константинқызын мен соңғы рет сол 1975 жылдың тамыз айында, Мәскеуге барған тағы бір сапарымда көрдім...

(Равиль Мәжитовтің «Жаһанша Досмұхамедов» кітабынан)

Қаралым саны 1394

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463