Айгүл ИМАНБАЕВА,
халықаралық «Азия дауысы» конкурсының «Қазақ әндері» конкурсындағы Бас жүлдегері, Ә.Мәмбетов атындағы, «Дарын» сыйлығының лауреаты, 2010 жылдың үздік әншісі:
– Әртістің, өнер адамының етек-жеңінде ғана жүретін басылымға ұқсамайды. Атының өзі, алғаш санының өзі, үлкен тақырыптан, үлкен дүниеден бастау алып отыр екен. Осындай терең де салмақты салаларды қамтитын журналдың әр санын жарыққа әкелу үшін қаншама журналистің маңдай терін төгіп, көз майын тауысатыны айтпай-ақ та түсінікті. Саналы, еңселі, салауатты, зиялы қауым оқитын осындай басылымдар көп болсын! Қаламдарыңыз ұштала берсін! «Дана» журналына тек сәттілік, ақжол тілеймін!
Аида ЖАНТІЛЕУОВА,
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі, әнші, жүргізуші, киноактриса:
– «Дана» журналының алғашқы саны жарық көруімен құттықтаймын! Іші тұлғаларға толы, айтқан әңгімелерінің барлығы мәнді де мағыналы болуына шын жүректен тілектеспін. Ұлағатты, тұғыры биік тұлғаларымыз көп болсын! Сол тұлғаларымызды сіздер осы «Дана» журналына жарқыратып жаза беріңіздер. Толағай табыс тілеймін!
Ақтоты ҚАБИЕВА,
Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың физика-математика факультеті бойынша 1- курс магистранты:
– Өзім Ресей Федерациясында туып-өстім. Қазір атамекенге оралып, білім алып жүрмін.
Біріншіден, ана тілімізде осындай журналдың біздің өңірден шыққанына, екіншіден, түрлі тарихи деректерді жинақтап, бір журналдың ішіне енгізгенде-ріңізге өте ризамын. Өз басым осы кезге дейін Қазақ халқын қорғаушылар одағы жайлы, оның төрағасы Ғұбайдолла Әнесов туралы естімеген едім. Осын-дай журналдың жарық көруіне атсалысқандардың бәріне алғысым шексіз.