Шариғатты білген жан,
Тура жолдан азар ма?
Ахиретті ойлаған
Шариғаттың жолына
Белін бекем байлаған.
Жалқаулық етіп жүрер ме
Зекет бірлән рузаға.
Тариқатты татқан жан
Жеңілдік етіп жүрер ме
Уақытындағы намазға.
Көз-құлағын салмас па
Дүниені фәни білгендер
Құрандағы ауазға.
Ахирет бақи білгендер
Құлақтарын тікпей ме
Әр уақыт айтқан азанға.
Он бір айтты Алла деп,
Екі мәртебе шақырды
Тезірек кел мұнда деп.
Екі кере тағы айтты
От ішінде қалма деп.
Тез құтыл деп азанда.
Бір Алланың өзі айтты
Әзелдегі Құранда.
Жиі қылып жүр деді
Нидалансаң намазға.
Сауда-сату қой деді
Жүрген болсаң базарда.
Намаз уақыты болған соң,
Талап етіп жүр деді
Өзімнен фазыл орамда.
Мұғаз БАТЫРҒАЛИҰЛЫ