Шын мәнінде, Қаратөбе съезінің қандай тарихи маңызы бар еді? Не себепті съезд Қаратөбеде ұйымдас-тырылды? Біріншіден – Қаратөбе қазақтың тығыз қоныстанған жері, екіншіден – ол кезде Оралда уақытша әскери казак үкіметі мен революция-лық комитет (рев.ком) қатар билік етіп тұрды. Осы себептен Алаш арыс-тары қаладан қашық жерде съезд өткізуді таңдады. Үшінші (негізгі) се-беп – Қаратөбе тоғыз жолдың тора-бында орналасқан. Мәселен, Ойыл, Ақтөбе, Ырғыз, Қызылқоға, Миялы, Жымпиты, Орал, яғни жан-жақтан ат-шанамен қатынауға бірден-бір қолай-лы жер. Осындай үш себеп тоқайла-сып, Орал облысы қазақтарының III съезі Қаратөбеде өткізілді.
Енді бұл съездің тарихи маңызы қандай? Не себепті осындай қыстың ішінде өткізілді? – дегенге келейік. 1917 жылы желтоқсанда Орынборда екінші Жалпықазақ съезі өткен бола-тын. Бұл съезге Оралдан делега-цияны бастап барған Жаһанша Досмұхамедов баяндама жасап, Алаш автономиясын кешеуілдетпей, тез арада құруды, сөйтіп мемлекеттік билікті қолға алу керектігін айтқан еді. Жаһанша Досмұхамедовтың бұл ұсынысы съезде үлкен айтыс туғыз-ды, айтыс үш күнге созылды, ақы-рында дауысқа салынып, Жаһанша Досмұхамедов жағы жеңіліс табады, автономияны жариялау мерзімі кешіктіріледі.
Осы кезде Түркістан автономия-сын кеңестер талқандайды, Мұстафа Шоқай қуғындалады. Екінші Жалпы-қазақ съезінде ұлттық автономия құ-рамыз деген ой іске аспай қалды. Міне, Қаратөбе съезінің шақырылуы-ның негізгі себебі осы. Енді Жаһанша Досмұхамедов бастаған Алашорда қайраткерлері қайткен күнде де Батыста автономия құру мәселесін қолға алады, ол үшін Қаратөбеде Орал қазақтарының III съезін шақы-рады. Халықтың арасында: «Қазақ өзін-өзі басқаратын болыпты, жері-мізге, суымызға өзіміз қожамыз. Жер – халықтікі. Бай, кедей болып бөлін-бейміз, теңеледі екенбіз», - деген сөз ауыздан-ауызға таралып, ел іші үлкен қозғалысқа түскен кез еді.
Съезде қаралатын негізгі мәселе үшеу болды: Біріншісі – үкімет құру, екіншісі – әскер жасақтау, үшіншісі – үкіметке қаражат жинақтау, яғни са-лық мәселесі.
Съезде қарастырылған екі мәсе-ле – үкімет пен әскер төңірегінде қар-сылық болмай, бірден шешімін тап-ты. Ал ақша жинау, салық мәселесіне келгенде, съезде жиналғандар екіге бөлініп, айтыс қыза түсті. Бір жағы көп, бір жағы аздау болды. Көпшілік – Досмұхамедовтар жағы. Бұлар: «Ақ-шаны әр түндік басынан жүз (100) сомнан салайық» - деді. Азшылық жағы, яғни Әлібекұлы, Ипмағамбетұлы, Қангерейұлы, Жолдыбайұлы, Қасаболатұлы, Кенжеұлы, Қаратілеуұлы, Мырзағалиұлы тағы басқалары: «Байға – байша, кедейге – кедейше салық салайық» - деді.
Айтыстың қаншалықты қызу бол-ғандығын С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» романында өте әсерлі суреттейді. «Съезд мешіт үйінде өту-де. Мешіт халыққа лық толған. Үй іші әбден булыққан, ашу-ыза. Съезге кіре алмағандар анталап мешітті сырттан қоршап, айналып алған. Осы кезде іштегі жастар жағы жаға жыртыса бастады. Съезге келген Сырым батырдың ұрпағы, әлгі белгілі Салық байдың: «Жаһанша, тоқтат мыналар-ды!» - деген сөзі өте қатты естілді. Жаһанша ортаға шықты: «Жамағат! Бұл жиылысты үлкен үмітпен, зор ниетпен жасап отырмыз. Россия ала-сапыран заманға кез болды, үлкен толқынға ұшырады. Олар жік-жікке бөлініп, өзді-өзі соғысып жатыр, бірі-нің қанын бірі судай төгіп жатыр. Бі-реулерге мал қайғы, біреулерге жан қайғы деген кер заманға кез болдық. Кезінде, уақытысында іс қылмасақ, Россияның пәлесі бізді де қосақ ара-сында іліп әкетуі әбден мүмкін!» - деп халықты ауызбіршілікке, ынты-мақтыққа шақырды. Жаһаншаның жалынды сөзі, екпіні, қызу қандылы-ғы халықтың ашуын тез сабасына түсірді.
С.Сейфуллин оны былай сурет-тейді: «Сүйтіп, Жаһанша қызып, ек-піндеп сөйледі. Толқып отырған съезд жым болды. Теп-тегіс қимыл-дамай қатып қалды. Бәрі бір кісідей көздерін Жаһаншаға қадады. Ұшқын атқан көздерін Жаһанша да айнала, әр көзге бір қадап, съезді билеп ал-ды. Қайрат беретін жерде буындары сықырлап, жұдырықтары түйілді. Нандыратын жерде – сілкініп, қол-дары созылып жайылды. Ұғындыра-тын, түсіндіретін жерде – қолдарын қанатша жұмсақ қағып, бір қолын бір қолына қаттады. Керекті жерде қолын айбалташа жарқылдатып орап сілтеді. Телміріп қадалып отырған жұртқа ұшқын атқан көзімен жағалай қарап, «әпсін» оқығандай, айтып тұр-ған сөзін, ойын, жүректегі сезімін жа-ғалай құйды. Беті неше түрлі құбыл-ды, даусы неше түрлі өзгерді. Айтып тұрған сөздерінің керекті жеріне қа-рай барлық денесі сөйледі. Съезд әбден Жаһаншамен бірге еріп кетті. Тегіс рухтанды. Жұрт Жаһаншаның соңынан отқа да, суға да түсуге әзір болды. «Жаһаншадай ұл жоқ, Жаһаншадай ер жоқ. Алаштың туын көтерген Жаһанша, ислам дінін қор-ғайтын Жаһанша. Алаш үшін бір жа-нын бәйгеге тіккен Жаһанша. Тар жол тайғақ кешуде алаш баласын аман алып өтетін ЖаҺанша» - деп азғана уақытта съезді Жаһанша осындай иманға келтірді. Сөзінің ақырында Жаһанша халықты бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығаратындай бір-лікке шақырды.
«Ойыл уәлаяты» деп аталатын үкімет Қаратөбе съезінде құрылып та кететін еді. Оның барлық мүмкіндігі болды. Оған Орал қаласындағы рев-ком мүшелері Бақытжан Қаратаев, Әбдірахман Әйтиев, Сейітқали Меңдешов сынды кеңес адамдары-ның астыртын қимылы кедергі бол-ды. Ол жайында Алматыдағы респуб-ликалық Президент архивіндегі 811 қордағы мәліметте Бақытжан Қаратаев екі адамның Орал қаласынан Қаратөбе съезіне жансыз ретінде жіберілгенін баяндайды. Бұл мәлімет сол жансыз-дардың бірі болып барған реалды әскери училищенің студенті Жантілеуовтың естелігінде және өзге деректерде де ұшырасады. Жансыз-дардың мақсаты – съезге қатысып, оқиғаны өз көзімен көру, мүмкіндік болған жағдайда оның жұмысының толыққанды жүзеге асуына іріткі салу. Міне, бұл ірікті салу «Тар жол, тайғақ кешуде» жазылғандай тап сол жерде ұйымдастырылды. Қаратөбе жиынында үкімет құрылмай, кейінге қалдырылды. Н.Ипмағамбетов, А.Кенжин, С.Қаратілеуов, Ғ.Есенғұлов, Е.Қасаболатов, М-Х.Мырзағалиев, Ә.Әлібековтар съезден шығып кетті. Оралға барып, большевиктер жағына шығып, «Ақ жол» партиясын құрды. Сөйтіп қазақ автономиясы үшін кү-рескен қазақтардың өзара келіспеу-шілігінен ең басты кедергіге осы съезде тап болды. Бұл «Ойыл уәлая-ты» уақытша үкіметін құрудың алғы-шарттары еді.
Биыл Батыс Алашорданың құ-рылғанына 95 жыл, Қаратөбе мен Жымпитыда өткен Орал қазақтары съезіне 95 жыл, Батыс Алашорда үкі-метінің мүшесі, дәрігер Халел Досмұхаметовке 130 жыл және Қаратөбе ауданының құрылғанына – 85 жыл. Осындай мерейлі мерекеге арнап, Қаратөбе ауданында 2013 жы-лы 8 қарашада «Өренді-өнерлі Қаратөбе» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдас-тырылды және Қаратөбедегі съезд өткен мешіт орнына көрнекті ескерт-кіш гранит тас қойылды.
Бұл жиынға халық көп жиналды, осылайша ел ерлерін, ерлері елінің атын тарихқа өшпестей етіп қалдыр-ды десек артық болмас.
Қаратөбе әкімшілігі ұйымдастыр-ған бұл шара халықты бір серпілтіп тастады. Себебі тарих біздің өткеніміз ғана емес, ол біздің айқын болашағымыз. Жас ұрпақты елімізге деген сү-йіспеншілікке тәрбиелесек, ол ертеңі-мізге деген сеніміміз.
Қазақ халқында «Жас келсе, іске» деген мақал бар. Халқына деген игі ісін осындай бастамамен бастаған аудан әкімі Асхат Шаһаровқа аудан халқы бек риза.
Алда Алаш қозғалысының 100 жылдық мерейтойы жақындап келе-ді. Атқарылатын істер баршылық. Со-ның бірі – Орал қаласында Алаш зия-лыларына арналған ескерткіш ашу.