Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
Журналымыздың жарық көре бастағанына бір жыл болды. Тұрақты демеушісі, қалталы қолдаушысы болмаса да, ниеті түзу, пікірі бір санаулы топтың жанкештілігімен осы кезге дейін «DANA.kaz» журналының 10 саны шығыпты. Қал-қадерімізше бар болып, елге пайдасы тиген, батыр болып, дұшпанға найзасы тиген ата-бабаның ерлік ісін елге көрсеттік. Заманның алай-дүлей аласапыранында елі үшін арпалысқан Алаш арыстарының аманатын жеткіздік. 300 жыл патшалық Ресейдің, 70 жыл КСРО-ның табанында тапталып, құлдық психология әбден сіңген санамызды сілкілеп, бір кездері Бар болғанымызды, Нар болғанымызды айттық. Өйткені біз өткенімізбен мақтана алмасақ, кейінгі ұрпақ бізбен мақтана ала ма?
Тамыры тереңге жайылған тарихымыз, тіліміз, салт-дәстүріміз, ұлттық құндылықтарымыз арқылы ержүрек батырларымыз бен дана ел басқарушыларымыздың арқасында кең байтақ жерімізге көз алартқан әлемдегі алып мемлекеттерге алдырмадық. Себебі біздің басымызды, ақыл-ойымызды біріктіретін бай рухани құндылықтарымыз болды. Абай атамыз алтыншы қара сөзінде «...Қазақ ойлайды: бірлік – ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес...?» деп, нағыз бірлік тек ақылда екендігін айтады. Бүгінде ел бірлігінің өзегі – қазақтың рухани құндылықтары болуы тиіс.
Ақылбек КЕНЖЕҒАЛИЕВ – Ұлыбританиядағы Манчестер университетінің І курс студенті. «Болашақ» бағдарламасы негізінде оқып жатқан қазақ жастарының бірі. Қазақы болмысынан қарапайым ауыл баласы екендігін айқындап тұрған иманжүзді жігіт білім бәйгесіне ат қосып, маңдай терімен біраз жетістікке жетіпті.
2012 жылы күзде Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының археологтары Теректі ауданынан «Алтын адам» тапқаны хабарланған болатын. «Тақсай» кешенінде жүргізілген қазба жұмыстары барысында ежелгі сармат кезеңіне жататын ақсүйек бай әйелдің жерленген орны табылған. Қабірде әйел адамның алтын әшекей бұйымдары, ерекше шошақ төбелі алтындаған баскиім қалдығы, соғыс көрінісі бейнеленген тарақша (гребень) т.б. көптеген зат болған екен. Табылған алтын бұйымдардың салмағы 3 келіге жуық!
Батыс Қазақстан өлкесі Қазақстан тарихында ерекше орынға ие. Аймақ-тың өзіне тән географиясы, ерекше табиғи-экологиялық орта тарихи-мәдени процестердің бағыты мен сипатын анықтады. Біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдықтың басында осы аймақтың тарихи даму бағытын анықтаған көшпелі мал шаруашылы-ғы еді. Бұл жер көптеген халық пен мемлекетті бағындырған жауынгер һәм тәкаппар көшпенділерден тұра-тын бірқатар дала империяларының құрамында болды.
Жақында қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы, 1911-1913 жылдар аралығында алдымен Бөкейордасы, кейін Орал қаласынан шыққан «Қазақстан» газеті туралы деректі фильм жарық көрді.
Қазақ қашан да өнерге, соның ішінде ақын мен жыршыға бай халық десек те, жыраулық өнердің бүгінін бір кезеңдерде өмір сүріп, кейін мүл-де құрып кеткен динозаврлардың та-рихымен салыстырғандай кепке енге-німіз жасырын емес. Өйткені жалпақ жұртымыздың ішінен бұрынғының хиссасын, батырлар жырын таңды таңға ұрып жырлайтын жыршыны таппай қалғанымыз шындық. Оны айтасыз, қазіргі кезде бір ғана жыр, мәселен, «Қобыланды батыр», «Ал-памыс батыр» немесе «Қыз Жібекті» басынан аяғына дейін толық жырлай-тын жанды кезіктіру оңайға соға қояр ма екен? Ал ұлттық салт-сананың, тәрбиенің ең асыл көзі, мәйегі сол жыр-дастандарда емес пе?
«DANA.kaz» журналының өткен №6 (7) санында «Байбақтыда Наушадай батыр өткен...» атты Қазбек Құттымұратұлының мақаласы басылып, азаттықты ту еткен тұлға төңірегіндегі біраз мәлімет оқырман қауымға жеткен еді. Осыған орай батыр тарихынан сыр шертетін қолда бар деректер негізінде ой қосып, пікір бөлісуді жөн көрдік.
1891 Теке (Орал) қаласына орыс патшасының мирасқоры Николай Романовтың келуі құрметіне салтанат – ат жарысы, күрес, түрлі спорт ойындары ұйымдастырылады.
Жақында Ресей Федерациясында-ғы Қазан қаласына жол шығып, ондағы қазақ зиялы қауымы өкілдерімен жүз-десудің сәті түсті. Алдымен елден апар-ған жаңа басылымдар мен кітаптардан тарту жасадым. Татарстандағы қазақ-тардың ұлттық мәдени автономия ор-талығы Қазан қаласында 1989 жылы құрылған екен. Оның құрамына білім-ғылым жолындағы екі мыңға жуық сту-дент пен аспирант Қазақ жастары кіріп-ті. Батыржан Кенжетаев, Далихан Таубаев, Мәди Бексұлтанов бастаған жастар Қазан авиация институтының зертхана меңгерушісі Сағит Жақсыбаев-қа қазақ жастарына төраға болу ұсыны-сын білдіреді. Міне, 1991 жылдан бері Татарстандағы қазақ ұлттық мәдени автономия орталығын Сағит Көдебай-ұлы басқарып келеді екен.
Сымбат САМИҒОЛЛИНА,
Орал «Сервис» технологиялық колледжінің студенті
Батыс Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Батыс Қазақстан облыстық жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Орал қаласындағы жоғары және арнаулы оқу орындары студенттері арасында «Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы: зорлық бар жерде отбасы жоқ» атты тақырыпта шығарма байқауын өткізген екен. Төменде сол байқаудың жүлдегері Сымбат Самиғоллинаның шағын әңгімесін ұсынып отырмыз.
Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,
Ж.Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті, тарих ғылымдарының кандидаты
1917-1919 жылдары Батыс Қазақстан өңірінде Орал қазақтары-ның бес съезі өткен. Оның алғашқысы – 1917 жылы 19-22 сәуірде Орал қаласында, екіншісі – 1917 жылы 2-6 шілде аралығында Ойылда, үшіншісі – 1918 жылы 18 ақпанда Қаратөбеде, төртіншісі – 1918 жылы 18 мамырда Жымпитыда, бесіншісі – 1919 жылы 19 қарашада Жымпитыда (кей деректе Қызылқоғада деп көрсетеді – авторы Д.Сүлейменова)
Журналдың бұл айдарында бүгінде қолданыста жүрген, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын, бірақ шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде баспасөз қызметінің бас маманы Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.
Ел ішінде ата-бабасынан қалған кітап, көне жазба, тарихи жәдігерлерді көзінің қарашығындай сақтап отырғандар көп. Әулеттің ең құнды мұрасы саналып, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіліп отыратын мұндай жәдігерлерді көпшілікке таныстыру мақсатында «DANA.kaz» журналы жаңа айдар ашып отыр. Айдардың алғашқы қонағы – ақын Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА.
Батыс Қазақстан өңірінде «Есенгелдіден бір тайы кем» деген бір мәтел бар. Бай, қағанағы қарық, сағанағы сарық, «төбесі көкке бір елі жетпей қалған» деген мағына айтылады. Шын мәнінде, Есенгелді – тарихта болған адам, XVIII ғасырдың соңы, ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген. Заманында өте танымал, 12 мың жылқы айдаған өте ауқатты бай болған делінеді.
БҚО Қаратөбе ауданы орталығына таяу маңда Шымбойы деп аталатын көне қоныс бар. Бұл жерде ертеректе едәуір үлкен елдімекен болғаны жөнінде көнекөз қариялар болмаса, ешкім білмейді. Тіпті ауыл маңындағы көне зиратты да көшкен құм басып, мүлде байқалмайтындай еткен.
Теректі ауданында ел-жұрт шипалы санап, ыстықта тұзды балшығына шомылатын Әлжан сордың күнбатыс жағындағы көне қорымнан түсірілген. Осы қауымда жерге аты берілген Әлжан Есіргемесұлының да құлпытасы бар. Төмендегі құлпытастың ең жоғарғы, дөңгелек бөлігінде: «Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, Әли ради Аллаһу тағала ғанһу» - Пайғамбарымыз Мұхамед с.ғ.с.-ның Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман және Әли есімді серіктеріне Алла тағала разы болсын» деген жазу бедерленген.
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Жусандыой ауылдық округіне қарасты Ханкөл ауылының маңындағы Құтымбет қауымында негізінен Кіші жүз Сұлтансиық атасының Қызылқұрт руына жататын адамдар жерленген. Төмендегі құлпытасты бізге көрсеткен – ауыл тұрғыны, зейнеткер Бақытжан Жәлелов.
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463