Махамбет толғауларындағы «қара-құстан туған қалықпан» тіркесіндегі «қарақұс» және «қалықпан» көнерген сөздерінің мағынасын білеміз бе? Батыс Қазақстанда «қарақұс» деген жыртқыш құс атауы кеңінен қолданы-лады, яғни ірі келген барлық дерлік жыртқыш құстарды осы сөзбен атайды. Соған қарағанда, «қарақұс» сөзі арха-изм емес. Жол бойында электр баған-дарының басында жиі қонып отыратын бұл құсты А. Ковшарь сияқты білгір ор-нитологтардың «Қазақстан құстары» сериясымен шыққан еңбектерінде «ор-ел-могильник», ал қазақшасы «қара-құс» деп берілген. Еліміздің оңтүстігін-де бұл құсты «мола бүркіт» деп атайды. Бұл туралы жазушы Д. Исабековтың «Гауһартас» атты хикаятынан оқуға бо-лады. Саятшылар бұл құсты «дала бүр-кіті» не «дала қыраны» деп атайтынын байқадық.
Ал «қалықпан» сөзі бүгінде арха-измге айналғандықтан, мүлдем қол-даныстан шығып қалған. «Қалықпан» сөзін академик Рабиға Сыздық өзінің «Сөздер сөйлейді» зерттеуінде тілдік талдауға салып, былай дейді: «Бұл сөз-дің құс атауы екендігі сөз түбірінің ма-ғынасынан да шығады: қалық – көне түр-кі тілдерінде «көк, аспан» мағынасында-ғы сөз. Демек, қалықпан – «аспан көк-те, биікте самғайтын құс» дегенді біл-діретін атау» [111 б.]. Бұл сөз Л.Будагов, В.В.Радлов сөздіктерінде кездеспейді. Бұл сөз Жағда Бабалықұлы, А.Сейдімбеков, А.Тұрдыбаев сияқты этнограф еңбектерін-де де жоқ. Морфологиялық тұлғасын қарасақ, «қалықтау» етістігінен жасал-ған зат есім екені айқын аңғарылады. Соған қарағанда, дала бүркітінің өте әлді, қанатын кеңге жайған, даладағы аңды қиядан шалатын, қуатты жасқа келген түрі болса керек деп топшылай-мыз. Сонымен қатар, «Мен қарақұстан туған қалықпан» деген авторлы мета-фораны жыраулардан кездестірмедік. Бұл авторлы метафора – Махамбет ақынды даралайтын ерекшел.