Бес күн демалыс, наурыз мейрамын да атап өттік. Басқа күні көп қолданылмай, жинаулы тұратын қазақы шапан-камзолдардың да қыртысы сол күні жазылып, үтіктеліп, жұрт алдына жарқырап шығатынына куәміз. Қандай әдемі! Әсіресе, қос етек көйлек киіп, ерекше құлпырып кететін қыздар қандай?! Шіркін, біздің қазақтың ұлттық киімдері керемет қой! Неге бізге бұл киімдерді наурызда ғана емес, жыл бойы кимеске?!

«Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын жер.
Жеті атасын білмеген
Құлағы мен жағын жер»

Халық даналығы

Біз бүгін ата-бабаларымыздың еңбегінің арқасында ұлан байтақ кең жердің иесіміз. Бірақ қазіргі кезде «Қазақта бұрын терең білім, тұрақты кәсіп болмаған, ру-руға бөлініп басы қосылмаған» деп, ата-бабаларымыздың бойынан көптеп кемшіліктер таба бастады. Бүгін кемшілік ретінде айтылып отырған институттардың көбі өз заманында жақсы қызмет етіп, оң нәтижесін берді. Әрине, бұрын бәрі де кем-шіліксіз болды деп айту орынсыз. Әйткенмен бабаларымыз-дың (саны жағынан аз болғанмен) жер көлемінің кеңдігінен әлемдегі алғашқы ондыққа кіретіндей жерді мұра етуі еріксіз таң қалдырады.

Арайлым ҚАЙЫРЖАН – 2009 жылы Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейді бітіріп, ҰБТ-дан 121 ұпай жинаған түлек. Сол жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетіне түскен. Болашақ жапон тілінің маманы, аудармашы.

2011 жылдың мамыр айында экватор сызығының бойында орналасқан мұсылман елі – Малайзия жеріне табаным тиді. Табиғаты таңғажайып, халқы жайлы елде өткен бір ай біз үшін үлкен әсер қалдырды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінің магистранттарға арналған бағдарламасына сәйкес тәжірибе алмасу мақсатында өткен оқу бағдарламасы ел көріп, жер көріп, басқа мемлекеттен достар табуға мүмкіндік берді.

Бабаларымыздың бізге қалдырған өлшеусіз байлығы жер. Әр адамға өзінің туып, өскен жерінен артық жер жоқ. Отансүйгіштік туған жерге деген сүйіспешіліктен басталады. Туған жердің тарихын терең білген адам елінің шынайы жанашыры, адал қызметшісі болады. Біз үшін туған жердің тарихы құрлықтың кіндігінде орналасқан кең аймақ жерімізді қорғап, аманаттап жеткізген тарихи тұлғаларымызбен тығыз байланысты.

Жәнібек ИСМУРЗИН,
тарих ғылымдарының кандидаты

Бірден айта кетейік, тарих шығыршығын тұлғалар айнал-дырады десек, төл тарихымызға қатысы бар қаншама тұлғалар тағдыры тарихи талдауға алынбай, зерттеу назарынан тыс қалып, көмескі күйінде қалып отыр. Оған сол баяғы тарихымыздың жұлын тұтасын құрайтын жазба деректердің жеткіліксіздігі, бар жәдігерлердің өзі тиянақты жүйеленбей, ғылыми айналымға толық тартылмауы себепші болса керек. Осыдан келіп, елі үшін атойлап атқа қонған атпал арыстарымыздың артына қалдырған мол рухани мұрасы мен ғұмырнамасын әлі күнге түгендей алмаудамыз.

Ғұмар Қараш – көрнекті ақын, ойшыл-философ, халқын өнер мен ғылымға, берекелі ел болуға үндеген қайраткер-ағартушы, дін-шариғат, имандылық жолын, араб, парсы, түрік, татар, башқұрт тілдерін жетік білген ғұлама-ахун, өз дәуіріндегі мерзімді баспасөзге қазақ елінің көкейкесті мәселелері хақында үзбей
ой толғаған қаламгер, «Қазақстан», «Дұрыстық жолы» сияқты газеттер мен «Мұғалім» журналын
шығару үшін қызу атсалысқан баспасөз жанашыры.

Әбілсейіт МҰХТАР,
тарих ғылымдарының докторы, профессор,
Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры:

Тұрсынбек ҚАБАТОВ,
«Базар жоқ» көңілді тапқырлар театрының директоры,
Астана қаласы:

Ғұмар Қараштың шөпшегі Дана:

Мұратбек ЕРЖАҚЫПОВ,
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жастар комитеті төрағасы,
облыстық жастар мәслихатының депутаты:

Ереулі атқа ер салып, мұз қарагөк әскер ертіп, хан Жәнгірден ақырып теңдік сұраған алдаспан ақын Махамбеттің көксерек жырлары ауызша қазақ әдеби тілімен айтылып, кейін қағазға түскен. Үлкенге де, кішіге де түсінікті жігерлі шумақтар санаңды сілкіндіретіні – хақ. Алайда сол Махамбет батырдың қаламынан туған хаттарға келетін болсақ, мәтінді оқуда кейбір қиындықтарға тап боламыз. Махамбет өз хаттарын сол замандағы жазбаша сауатты адамдардың бәріне ортақ тілмен жазған.

«Махамбет Өтемісұлы шығар-маларындағы кейбір көнерген сөз-дердің мағынасын бізге филология ғылымдарының докторы Ғабит Хасанов түсіндіреді. 

«Мен әкемді таныдым!» –дейді оқырманымыз

Журналымыздың тұңғыш санында («DANA.kaz», №1, желтоқсан, 2012) «Көне сурет» айдарымен 1934 жылы Орал педагогикалық институтында оқыған және қызмет еткен бір топ адамның суретін басқан едік.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің сирек қорынан алынған осы суретті жариялай отырып, оқырман қауымнан суретте бейнеленген аға-апаларымыз туралы тың дерек білсе, редакцияға хабарласуын сұрағанбыз. Жақында Орал қаласында тұратын Әлия Жанбаева аталмыш суреттен әкесі Хайрош Едігиннің бейнесін танығанын айтып, журнал редакциясына алғыс айтты.

Журналдың бұл айдарында бүгінде қолданыста жүрген, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын, бірақ шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын, Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.

Сырттан ұлыған желдің дауысы естіліп жатыр. Әлі келер қиқымды оңды-солды ұшырып әлек. Көшеде жан жоқ. Адамдарды да үйлеріне қуып тыққандай. 

Жолдар...

Жаңбырлы түн

Қадыржан НЫҒМЕТОВ 1957 жылы 10 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Қайыңды ауылында дүниеге келді.

1-қатарда отырғандар (оңнан солға қарай):
1. Әндіжан Жұбанышұлы – Шыңғырлау болысының аға сұлтаны;
2. Мұхамеджан (Ақшолақ) Сарықожаұлы – «Россия империясының мирасқор азаматы», Соналы болысының аға сұлтаны;
3. Омар Қазыұлы – әйгілі Сырым Датұлының немересі;
4. Ержан Шолақұлы – Орал уезі басқарушысының көмекшісі;

2-қатарда
(оңнан солға қарай):
5. Сабыржан Сарығожин – Оралдағы реальды училищенің курсанты;
6. Молданияз Бекімов – Оралдағы реальды училищенің курсанты.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұража-йының сирек қорында сақталған тағы бір фото-шежірені оқырмандарымызға таныстырмақпыз. 1901 жылы Орал қаласында түсірілген бұл суретте өз заманының шынжыр балақ, шұбар төс жақсы-жайсаңдарының бір тобы және екі жас студент бейнеленген. Белгілі өлкетанушы Қайыржан Хасанов ағамыздың пікірінше, ел ағалары Орал реальды училищесінде оқып жүрген қазақ жастарының жағдайымен танысуға келіп, ескерткішке суретке түскен.

Нарынның ар жағына барғаным жоқ,
Бұл жалған өтер десе нанғаным жоқ.
Құрбыммен өзім теңдес өстім қатар,
Сын артар ата-анама арманым жоқ!

Біздің қазақ ақын-жазушыларының арасында аңызға айналған үш Ана бар: бірі – Әбіш Кекілбайдың анасы Айсәуле, екіншісі – Асқар Сүлейменовтың анасы Айтоты, енді бірі – Қайрат Жұмағалиевтің анасы Жаңылғаным. Қазақ жерінің әр пұшпағынан келсе де, Алматыдағы қаламгер қауымның ортақ Анасына, қамқор да қадірлі қазына-қариясына айналған осы бір жандар туралы қанша айтса да артық емес.

Сонымен, бүгінгі әңгіме Құм Нарынның қайсар қызы, отызға толар толмас жасында жесір қалып, Құдайдан сұрап алған Жалғызын жетілдіргенше жарғақ құлағы жастыққа тимеген; отағасынан өлі айырылса, кір жуып, кіндік кескен Отанынан тірідей айырылған; 1952 жылы туған жерін ту-талақай еткен әскерилердің тепкісіне қалдырып, Оңтүстік Қазақстан өлкесіне жер аударылған; жалғыз-жарым жалаңаяқ жылап-еңіреп кетіп, шолақ белсенді басшыларға өкпелеп жүрген Ұлын ғана емес, жеті бірдей немересін Нарынға қайта табыстырып, атамекенге сүйіспеншілікке баулып кеткен Жаңылғаным Өкенқызы туралы болмақ.

Ақ Мамасы, Анасындай болған Аяулы Жан туралы келіні, Қайрат Жұмағалиевтің жары София Нығметоллақызы ой толғайды.

Ерлан ҚАРИН,
“Нұр Отан” халықтық-демократиялық
партиясының хатшысы

Қазіргі заман – алқынған ақпараттардың ғасыры. Желдей жүйткіген арғымақ – жаңа технологияның жалынан ұстауға бүгінгі жас әзір ме? «DANA.kaz» журналы бүгінгі санынан бастап «IT-tirlik» ақпараттық-танымдық журналымен келісіп, осы тақырыпта жарияланған озық мақалаларды ұсынбақ.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463