Бұл суреттегі Мұхамеджан Сарықожин 1844 жылы дү-ниеге келген. 1886 жылдан 1916 жылға, өмірінің соңына дейін Соналы болысының басқарушысы болған. Патшаның бірнеше медалдарымен марапатталған. Сенат жарлығымен дворяндық дәрежемен тепе-тең келетін «Россия империя-сының мирасқор құрметті азаматы» деген титул алған. Мұхамеджан Сарықожин Оралдағы реальдық училищеде оқып жүрген қазақ жастары үшін стипендия беріп отырған. Сарықожиннің қамқорлығын көрген қазақ жастарының қа-тарында Жаһанша Досмұхамедұлы, Молданияз Бекімов, Сабыржан Сарықожиндер бар.
1891 жылы Теке қаласына болашақ патша, ол кезде ми-расқоры Николай Романов келіп, оған Орал өңірінің барлық уездері мен болыстары шақырылады. Үлкен жиын өтеді. Бәйге болып, сол аламан бәйгеде аты озып келген Мұхамеджанға Романов сыйлық тапсырады. Құрметті қонақтың келу құр-метіне Хан тоғайда қазақ байлары алтындаған киіз үйлер тұрғызып, кең дастархан жаяды. Осындай көрнекі жұмысты ұйымдастырған Мұхамеджанға Николай патша риза болып, Петерборға қонаққа шақырады. Сөйтіп, ол 1894 жылы ар-найы шақыртумен ІІ Николай Романовтың таққа отыру рәсіміне Мұхамеджан Сарықожин қатысады. Осы жолы патша бұйрығы бойынша фабрикадан Мұхамеджанның суреті салынған қаңылтыр қалбырлы шәй шығаруға тәртіп беріледі. Кейін бұл шайды қазақтар «Ақ-шуйкола» деп атап, ұнатқаны соншалық отыз жылдай ішіпті. 30 жылдай Соналы болысын билеген, патшадан бірнеше орден, медаль алған Ақшолақ (Мұхамеджан) Сарықожин 72 жасында ауыр науқастан 1916 жылы қайтыс болыпты. Қалдығайты өзені бойында Айша ауылы атанған Шоңқайлыкөл алқабындағы қорымға жерленген.
Ержан Шолақов (1818-1905) Орынбор кадет корпусында оқыған, көп жыл Қарашығанақ болысының басқарушысы болған. Батыс өңірде жиі айтылатын «Дәукенің әніндегі»: «Шолақтан Ержан, Нұржан, туып Дәуке, Үшеуі үш болысты билеген күн» деп келетін жолдар – дәл осы Ержан, Нұржан, Дәуке Шолақұлдары туралы.
Сабыр Сарықожин –Ақшолақтың інісі Тапайдың баласы. Орал реальдық училищесін, Мәскеу жоғары әскери мекте-бін бітірген. Көп жыл Ресей армиясында қызмет еткен. 1918-1919 жылдары Жымпитыдағы Батыс Алашорданың әскери қолбасшысы болған. 1919 жылдың соңында отбасымен Қара теңіз арқылы Англияға өтіп кетіп, 1925 жылы Лондонда қайтыс болған.
Молданияз Бекімов (12.09.1882-ө.ж.б.) – арнаулы білім-ді алғашқы қазақ офицерлерінің бірі, этнограф, фольклор-шы, аудармашы. Орал реалды әскери училищесін, Қазан жаяу әскер юнкерлері училищесін бітірген. Штабс-капитан. А.Пушкиннің «Капитан қызы» романын алғаш қазақша ауда-рып, 1903 жылы Қазаннан араб әрпімен жеке кітап етіп басып шығарған.