Асан қайғының айтқандары

Ғаламтордан «DANA.kaz» атты тарихи-танымдық журнал шығып жатыр деген ақпаратты көріп, редакцияға хабарластым. Журналдың үш санын поштамен алдырып, қызыға оқыдым. Өте құнды, керекті бастама екен. Асан қайғы бабамыздың қазақтың әр пұшпағына байланысты айт-қан сөздерін көптен бері жинайтынмын. Өкініштісі, дереккөздерді мезгілінде жазып алмаппын. Журнал оқырмандарының бір қажетіне жарар деген оймен жолдап отырмын.

Маңғыстау өңіріне айтқаны: Жерінде суы жоқ, шыңында шөбі жоқ, құла дүз екен. Жұт жылдары қандай тіршілік болады? Сусыз құла дүз болса да, бір жері ойлы, бір жері қырлы екен. Қырында жұт болса да, ойының қоңы ортаймас.

Үстірттен Маңғыстау ойына қарап тұрып айтқа-ны: Тасы – алтын, құмы – күміс, қойны толған қазына екен. Бірақ, жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен қазы-насынан халқы қайыр көрмейтін, байлығы талауға түсер жер екен.

Отпанда желмаясының үстінде тұрып айтқаны: Ай-хай, биіктігіңе болайын, самалының иісі-жұпар, етегің ел болатын, гулеген сөз болатын жер екен!

Бір төбеге келіп, жылап тұрып айтыпты: Ай, Жанарыстан, жарымдай суға бола, шетте қалдың-ау, есіл ерім-ай! (ол өзі Бекарыс, Орта Жүзден болса керек).

Батыс Қазақстандағы Қалдығайты, Бұлдырты, Өлеңті, Шідерті өзендеріне айтқаны: Бос жүрген жылқысы шідерлеулі аттай ұзамайтын, нағыз жыл-қының қонысы екен. Өлеңтінің суы май, Шідертінің шөбі май.

Үшқара тауына айтқаны: Әр жотасынан қора-қо-ра қой өретін тау екен, шіркін.

Сыр бойына айтқаны: Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. Қаратауды жайласаң, Сырдың бойын қыстасаң – сонда ғана дұрыс екен.

Ертіс өңіріне айтқаны: Мына өңірдің баласы той-дым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас, Жағалауындағы адамның өзегі талмас, суын ішкен адам бұл өзенді қиып кете алмас.

Алматы өңіріне айтқаны: Бүлдіргені бүйректей, ал-малары жүректей, бұл шіркінді қалай қиып кетерсің.

Баянауыл тауына айтқаны: Бір күн түнемекші адам бір апта жатады екен. Ойлы жері отты, тепсең жері тұзды – рақатқа батады екен.

Жиделі-Байсынға айтқаны: Әттең, атым көтере ал-майды-ау, әйтпесе артыма бөктеріп-ақ кете берер едім (қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған аймақ дегені).

Нұра бойына айтқаны: Шіркін-ай, аз күнде ат шайлап қалатын жер екен-ау.

Сайрамға айтқаны: Екі басса – бір базар, малда береке болмайтын, екі басса – бір мазар, баста бере-ке болмайтын жер екен.

Шу өзені бойына айтқаны: Еркегі ат болатын, ұр-ғашысы жат болатын жер екен. Екі жағы борбас екен, өне бойы қара қамыс, іші толған жолбарыс екен. Ба-ланың іші қуырылмайтұғын, пышағы қынабынан суырылмайтұғын, көкектен басқа құсы жоқ, көк шөптен басқа иісі жоқ – жер азғыны мұнда екен.

Ұлы Ертіске айтқаны: Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, сиырдың мүйізі, кәпір-дің құлағы үрпиіп көрініп тұрған жер екен. Күнінде кәпірден жылайды-ау!

Шыңғыс пен Семей тауларын көргенде айтқаны: Мына шіркіннің топырағы құтырған екен, оған шық-қан шөп құтырады. Оны жеген мал құтырады.Оның етін жеп, сүтін ішкен адам құтырады екен. Кісі өлтіру, ұрыс, төбелес көп болатын жер екен.

Түндікті өзенін көргенде айтқаны: Он екі тұтам қазылық үй түндік, маңырап жатқан қой түндік, қой-дың құлағы шығып жатқан жер екен (Асан қайғы қи-май артына үш қарағандықтан «Үшқара» атаныпты).

Қызылтау деген жерге айтқаны: Тау-тасы кеш болғанда, қой болып ыңыранып жатады екен, тоқты-сы қысыр қалмайтұғын жер екен.

Баянаула тауына айтқаны: Ат ерін алуға жарамай-тұғын жер екен. Шіркінді жұрт қалай қоныс қылып отырған?! Бір көрген кісі – Кәпір-ай, сені желкемнің шұқыры көрсін дейді екен. Бауырында бір қара тікен тұзы бар екен. Бір күн түнеп кетемін деген кісі бір жұма айналып қалады екен. Тұзы жібермейді екен.

Ащы жер деген жерге айтқаны: Баянаула, сенің қоныс болып тұрғаның – мына Ащының арқасы екен. Мал жазғытұры бір апта ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен. Олай болмағанда Баянаула қоныс болуға жарамайтын жер екен.

Бөгембай төбеге айтқаны: Анау Баянаула тауы-нан мына Бөгембайдың қырық кез биіктігі бар екен.

Сілетіден өтіп, Жалаңаштың тұсына барғанда айтқаны: Аттың төбеліндей Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама жаратайын? Айналаң – аз, онан басқа мінің жоқ, табылмайтын жер екенсің.

Есіл өзенін көргенде айтқаны: Жары менен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер екен.

Торғай өзенін көргенде айтқаны: Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен.

Терісаққан деген жерге айтқаны: Сарыарқаның тұздығы екен. Тек анда-санда обып қоятын жұты бар екен, бі-рақ артынан тез өсетін жер екен.

Жеті қоңырды көргенде айтқа-ны: Сарыарқаның маусымы екен.

Сулы Келес, Құрлы Келес өзен-деріне айтқаны: Мөңіреуін, сиыр бо-лып мөңіреуін, сиыр тұқымы үзілмей-тін жер екен.

Яссы қаласын көргенде айтқаны: Ай, қарыс жері бір арық, жер сорлы-сы мұнда екен, Әйелі семіз, ері арық, жұрт сорлысы мұнда екен.

Шыңғырлауды көргенде айтқа-ны: Ай, Шыңғырлау! Жылқы өзі өскен жоқ, Шыңғырлау, сен өсірдің. Шыңғырлау өкпелер, аттың ерін ал, ат суарып, аунап-қунап кетейік.

Мерке жеріндегі Аспараға айтқа-ны: Эй, Аспара! Көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер.

Әулиеатаның батысындағы Жуалы жеріне айтқаны: Жерің – се-міз, шөбің – шүйгін, қарың мол, топы-рағың май екен. Қадіріңді егін салған ел білер.

Қарсақпай аймағына айтқаны: Айналаң жалаң түз екен. Тауыңның асты жез екен. Жұртың ашықпас.

Ерейментауды көргенде айтқа-ны: Желдің жеті есігі бар екен. Қыс болмаса жылқы тұрмас, жылқы тұрса, ішінде құлын тұрмас. Ораздының жайлауы, Жиырлының қыстауы екен. Екі жағындағы ел бай болар да, орта-сын қоныс қылған ел кедей болар. Бі-тісі жаман екен, бірімен-бірі төбеле-сетін кісі сықылды едірейіп тұрған, панасы жоқ дала секілді тау екен.

Сұлтан ҚАДЫР,
Бейнеу кенті,
Маңғыстау облысы

Қаралым саны 3155

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463