Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
Кез келген басылымның басты жанашыры – оның оқырманы десек қателеспейміз. «Киюсіз тозған бөз – жетім, аққу-қазсыз көл – жетім, тыңдалмаған сөз – жетім» дегендей, оқырмансыз – басылым да жетім болар еді.
Осымен бесінші саны ғана жарық көріп отырған «DANA.kaz» журналының әр жаңа санын қазірдің өзінде асыға күтетін оқырман шоғыры қалыптасып үлгергеніне қуаныштымыз. Мұны поштамызға түскен хат-хабар, телефон қоңыраулары айғақтайды. Бұл біздің, журнал редакциясы қызметкерлерінің кеудесіне жылу сыйлайтыны рас.
Біздің басты мұратымыз – мәңгілік ел болу. Ата-бабаларымыз бұның табан тірер түп қазығын қадап берді. Енді сапалы етіп іргетасын қалауымыз қажет. Әр ұрпақ өкілі осы бағытта аянбай қызмет етуі тиіс. Әри-не, ең басты үміт пен сенім жастарда. Осы жастарға терең білім, дұрыс тәлім тәрбие, бағыт-бағдар берілсе көздеген мақсаттар-ға жетеріміз анық. Ал бұның негізін балаға ата-ана және кітап береді. Ата-ананың ба-лаға тәрбие беру мәселесі өзекті мәселе болса, кітап оқу мәдениеті де аса маңыз-дылардың бірі. Әйткенмен, бүгінгі жастар кітапқа қарағанда ғаламторда көп отыра-ды. Сондықтан жастарға кітап оқыту мәде-ниетін жаңа технологияның мүмкіншілігін пайдалану арқылы қалыптастыру туралы ойыммен бөліспекпін.
Елдос САФУЛЛИН,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша біліктілікті арттыру институты директорының орынбасары
24 сәуір күні Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында «Е-learning және Smart-learning үдерістерін енгізу жағдайларында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру» атты халықаралық оn-lіnе семинар өтті. Мақсаты елімізде электрондық оқытуды енгізу бағытында жүйелі, тындырымды істер атқарып жүрген Г.Ахметова, Ж.Қараев және С.Мұханбетжановтардың еңбектерін түсіндіру болды.
Шытырлаған ақша шетелге кетуде
«Жүз рет естігеннен, бір рет көргенің артық» деген-дей, қолың қалт еткенде демалып, туған жердің табиғатына сүйсініп, өлкеміздің шырайлы жерлерін барып көргенге не жетсін. Алысқа бармай-ақ, облысымыздың аумағындағы тарихи орындар (ескі қалашық, қорғандар, мешіттер, т.б.) мен тарихтағы ірі тұлғалардың туып-өскен, жерленген жерін көруді немесе табиғи көрікті орындарға баруды қаласам, маған кім жол сілтейді? Ол жерлерге қажетті инфрақұры-лымдар жеткізілген бе? Тамақтануға, қонуға жағдай жасал-ған ба? Әрине, жоқ. Тіпті кімнен ақыл сұрарыңды білмей, апарып көрсететін адамды таба алмай, дал боласың.
Ғаламтордан «DANA.kaz» атты тарихи-танымдық журнал шығып жатыр деген ақпаратты көріп, редакцияға хабарластым. Журналдың үш санын поштамен алдырып, қызыға оқыдым. Өте құнды, керекті бастама екен. Асан қайғы бабамыздың қазақтың әр пұшпағына байланысты айт-қан сөздерін көптен бері жинайтынмын. Өкініштісі, дереккөздерді мезгілінде жазып алмаппын. Журнал оқырмандарының бір қажетіне жарар деген оймен жолдап отырмын.
Кремльде Л.Брежневтің жеке дәрігері болған аса білікті маман Ғафу Оспанов 1915 жылы 20 қыр-күйекте Гурьев облысы Теңіз ауданы Сүйіндік ауылында дүние-ге келген. Мәскеу қаласында тұратын қызы Марина Оспанова-ның айтуынша, әкесінің жастық шағы Саратов қаласының ірге-сінде Еділ өзенінің жағасында өткен.
Ұлы Отан соғысы тақырыбында ізденіп жүргенбіз. Бірде қолымызға әскери киінген, кеудесінде «Қызыл Жұлдыз» бар қазақтың суреті түсті. Кейін оның әскери дәрігер Әпен Текебаев екенін анықтадық.
Хамза Сафин 1925 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Биыл Ұлы Жеңістің 68-ші көктемін қарсылап отырған қарт майдангер, сол сұрапыл соғыс жылдарындағы қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы атамызды көрген сәтін былайша әңгіме қылады:
«DANA.каz» журналының сүйінші (желтоқсан, 2012 жыл, №1) санында жалпақталдық жастардың кеңестік тотаритарлық билікке қарсы құрылған «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» ұйымы және оның мүшелері туралы тың деректер жарық көрді.
«Ер Тарғын» жыры оқиғасына қатысатын тұлғаларға қарағанда, XVI-XVII ғасырлар арасында шыққан батырлар жырларының тобына жатады. Жырдың мазмұн оқиғасы, бір жағынан, Астрахан хандығының құлауымен, екінші жағынан, қалмақтардың Еділ, Жайық бойына келіп, ноғайлы-қазаққа шабуыл жасауымен байланы-сады. «Ер Тарғын» жырының осындай тарихи оқиғадан туған шығарма екенін жырдың өз сөздері де көрсетеді.
Журналымыздың «Сөз сыры» атты тұрақты айдарын жүргізуші Дәулеткерей Құсайынов – бүгінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде баспасөз қызметінің бас маманы. Үнемі ізденіс үстінде жүретін нағыз оқымысты, зерделі жан. ҚазМУ-дың журналистика мамандығын тәмамдаған ол туып өскен мекені – Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданына оралып, көп жыл аудандық мәдениет саласын жемісті басқарды. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, Дәулеткерей Атауұлы ақындығына қоса шебер күйші. Жасынан көне жырлардың оқиғасын көкірегіне түйіп өскен кейіпкеріміздің «Ер Тарғын» жыры жайында соны пікірлері де көзі қарақты оқырманды елең еткізгендей.
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызыл, құй-рық жүні ұзын кезде дәл біздің осы күнгі жалқау балалар сияқты сидам сирақ жастар өте көп болыпты. Әдет-те жалқаулардың құрғақ уайымға көп салынатын әдеті ғой. Сондай жалқау-дың бірі:
– О, Жаратқан ием-ай, жарық дү-ниеге әдейі әкелген соң дәулеті шал-қыған бай етіп жаратсаң етті! Жалған-ды жалпағынан басып шалқып өмір сүретін жасымда ішсем тамаққа, ки-сем киімге жарымай жүрген түрім мынау! – деп уайымдапты.
Әлди, әлди, бөбегім,
Жұбанбайтын не дедім?
Бөбегімді емізіп,
Бесігіне бөледім.
Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым.
Түлкі жортпас түлейден
Жол салдырған қарсағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!
«DANA.kaz» журналының поштасына оқырмандарымыздан түрлі қызық мақала түсіп жатады. Соның бірі Орал қаласындағы №31 орта мектеп мұғалімі Райхан Тасқалиевадан келіпті. Ол Қаратөбе өңірінде өткен суырып салма ақын, әрі «пері қызына ғашық болған» хикаясымен де танымал Қази Қалиұлы туралы жазыпты. Тың тақырып, тосын тұлға туралы жазылған дүниені оқырманға ұсына отырып, «Қази ақын» атты зерттеу еңбегін шығарған қаратөбелік өлкетанушы Қайыржан Хасанов ағамыздың кітабынан да үзінді жарияламақпыз.
Перінің қызы ғашық болған ақын Қази туралы ел арасында айтылып жүрген аңызға, дастархан басында қарттар айтқан әңгімені естіген бала кезімде бір жағынан таңданып, екінші жағынан қорқа соғып, тыңдайтын едім. Кейде кешқұрым өрістен бұзауды айдап келе жатып, ескі үйлердің қасынан өткенде, Қази жайлы әңгіме есіме түсіп, балғын жүректің кеудеге сыймай, қорыққаннан дүрсілдеп соққан сәттері жасымыз жетпіске жақындап қалса да, әлі ұмытылмайды.
2010 жылы 11 маусым күні Ханкөл ауылына барғанымызда, ауыл ақсақалы Бақытжан Жәлелов «Қаракөл қауымы» аталатын көне зираттан Қази ақынның қабірін көрсеткен болатын. Өзегіне темір шыбық салып, цементтен құйылған құлпытас бүлініп, бірнеше жерінен сынып түсіпті. Сынықтарды құрастырып оқығанымызда «...Қали ұлы Қази 1904 жылы туып, 1957 жылы қайтыс болды. Тас қойған інісі Елемес» деген жазуды көрдік. Қоршауы жоқ, төмпешігі жермен жексен болған зират құлпытасы жойылса, мүлдем белгісіз болып қалғалы тұр екен.
Журналдың бұл айдарында бүгінде қолданыста жүрген, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын, бірақ шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде баспасөз қызметінің бас маманы Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.
Кореяда аптаға жуық толассыз жаңбыр жауды. Араға екі күн салып қайтадан аспан жаңбыр төкті. Табиғат дегеннің құбылып тұратын әдеті ғой. Бүгін тағы да қиқар мінезіне басып, өзінше қиғылық салып жатыр. Корея халқы өте еңбекқор. Бәрі хал-қадерінше өз жұмысын тындырып қалуға тырысуда. Күз мезгілі болғандықтан да күн қысқарып келеді. Ал, түнде шаруаның өнбейтіні екібастан белгілі. Сол себепті де халықтың басым бөлігі жұмысын күндіз бітіріп алуға тырысады. Тынымсыз тірлік пен күйбең тіршілік осылай жалғаса береді.
...Өзгеріп сала берді өмір нағып?
Барады үміт билеп,
Көңіл жанып.
Сен маған Муза болып келдің бе рас,
Кіршіксіз қанатыңды жеңіл қағып?!
Бөрі таңба байрақ алып жау шапқан,
Қарсы келсе қабырғасын қаусатқан,
Ата дұшпан ат үстінде жолықса,
Ат жалынан аударып,
Арғымағын ақсатқан,
Ұлан байтақ қазақ жері кен мен қазынаға бай болғаны сияқты, қазақ елі өнерлі, тума талант жандарға да сонша бай. Мысал ретінде аттары әлемге әйгілі Мұхит, Махамбет, Құрманғазы, Сейтектерді атасақ жетіп жатыр.
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Алтын орда» залының нақ төрінде ежелгі қыпшақ жауынгерінің қару-жарағы қойылған витрина тұр. Қасында семсері жатқан осы мүрдеге қараған сайын ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің «Суырылмай қалған семсер туралы» деген өлеңі еріксіз ойға оралады.
Бұл құлпытастың суретін Ақсай қаласында тұратын оқырманымыз Зарлық Мусин редакциямызға электронды поштамен жолдап, араб әрпімен жазылған мәтінді оқып беруімізді өтінген екен. Суретте бейнеленген Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылдық округі аумағындағы Шүрек қорымында Кіші жүзге қарасты алаша руының азаматтары жерленген көрінеді.
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463