Әпен Батыс Қазақстан облысын-дағы Орда ауданының Шоңай ауы-лында 1905 жылы дүниеге келіпті. Ел ішінен сұрастырсақ, Текебайдан (азан шақырып қойған аты Абдрахман екен. Шілдеханасында теке сойыл-ғандықтан жеңгелері солай атапты) бес ұл, бір қыз тарайды: Айтжан, Ерен, Ақесен, Меңжан, Әпен және Гүлмеруерт. Кенже ұлды Әпен атан-дырған да жеңгелері, шын аты – Айтмағамбет.
Әпеннің өз қолымен жазылып, архивте сақталған өмірбаянында ол ауыл молдасынан хат танығанын жазады. Әкесі де, анасы да Төменгі Басқұншақтағы тұз өндірісінде еңбек еткен. Әпен де белі бекіместен сол өндірісте тұз тасушы болады. Орда ауылында мектепті тәмамдаған зерек жас 1925-1929 жылдары Орынбор-дағы аймақтық медтехникумда білім алады. Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында фельдшер болып қызметін бастаған ол Орда, Талов, Жақсыбай, Жәнібек медпункттерінің, Сайқын ауруханасының меңгерушісі, Орда аудандық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушілігіне дейін қыз-меттік баспалдақтан өтеді. Санаулы медицина қызметкерлерімен бірге Орда, Жәнібек аудандарын жайлаған оба, сүзек ауруларымен күреседі.
Ол өте сауатты адам болған де-седі. Тіпті «халық жауы» атанып, ату жазасын күтіп жатқан ағасы Меңжан-ды қорғап Мәскеуге дейін барған. Жабылған жаланың негізсіздігін жо-ғары орындардағы адамдардың алдына барып дәлелдеп, аман алып қалғаны соның дәлелі.
Құжаттарына назар салсақ, Әпен 1941 жылы Орда аудандық әскери комисариатынан әскерге алынады. 387-атқыштар дивизиясы, 8-і мото-атқыштар тобында, 9-ы танк корпу-сында, зениттік дивизионда жаралы жауынгерлердің өмірі үшін күреседі. 1944 жылдан 1945 жылдың желтоқ-сан айында елге оралғанша №212-і әскери-санитарлық пойызда әскери дәрігер болады. Жанкешті ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Германияны жеңуге үлесі үшін» медалімен марапатталған. Медицина қызметінің аға лейтенанты. Құжаттарының бірінде Текебаевтың сарбаздардың алдына шыға-рылып қолбас-шылардан талай алғыс алғаны жазылған.
Халық оның «Мені нағыз дәрігер жасаған соғыс» деген сөзін есінде сақтаған. «Соғыста консилиум жоқ. Минут сайын біреу жараланып жатқанда дәрігерлердің ақылда-сып отыруы деген болмайды. Әр секундың біреудің өмірі үшін баға жетпес екенін сезі-несің» деп еске алады екен сұрапыл жылдарды.
Соғыстан оралғасын да бұрын өзі қыз-мет істеген жерлерде өмірінің соңына дейін еңбек етті. Әпен мамандық алғанда акушер және венеролог біліктілігін қоса алған бола-тын. Ол кезде дәрігер атаулыда техника де-ген жоқ. Әпеннің қос ат жегетін арбасы мен шанасы болатын. Елді мекендерден науқас жан туралы хабар жетісімен қысы-жазы ауа райына, шалғайлығына қарамай атқа қона-тын. Әсіресе балажан еді дейді жерлестері.
– Бала кезімізде, әлі есімде, бір жылы Жәнібек ауданындағы Күйгенкөл ауылының балалары жаппай қызылшамен ауырды. Мені де сол аурудан Әпен жазды. Ол кезде дәрі-дәрмек жоқ, оны Әпеннің өзі қолдан жасайтын. Оған талай адам өмірімен қарыз-дар, - дейді бүгінде Орал қаласының тұрғы-ны Серікбай Құбаев.
Дәрі-дәрмектің жоқ кезінде халық емін де пайдаланған дәрігер пенициллин пайда болғанда қуанды, – дейді туған жиені Серік Ихсанғали. Бірақ дәрінің түрі көбейе келе мұны жақсылыққа жорымаған. Адам денесі үйреніп кетіп, емделмейтін дерттер пайда болуы мүмкін деп топшылайтын. Серік аға Әпеннің Ғарифолла Құрманғалиевтің әнде-рін сүйіп тыңдайтынын, тіпті пластинкадан «Айнамкөз» жүргенде көзіне жас алып оты-ратынын да еске алды. Жиенінің айтуынша, Ә.Текебаев өзі сияқты әскери дәрігер Ғафу Оспановты мойындап, құрмет тұтқан екен.
Нұрлыбек РАХМАН