«Жәнібекте Ер Тарғынның ізі қалған»

Журналымыздың «Сөз сыры» атты тұрақты айдарын жүргізуші Дәулеткерей Құсайынов – бүгінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде баспасөз қызметінің бас маманы. Үнемі ізденіс үстінде жүретін нағыз оқымысты, зерделі жан. ҚазМУ-дың журналистика мамандығын тәмамдаған ол туып өскен мекені – Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданына оралып, көп жыл аудандық мәдениет саласын жемісті басқарды. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, Дәулеткерей Атауұлы ақындығына қоса шебер күйші. Жасынан көне жырлардың оқиғасын көкірегіне түйіп өскен кейіпкеріміздің «Ер Тарғын» жыры жайында соны пікірлері де көзі қарақты оқырманды елең еткізгендей. 

– Дәулеткерей аға, «Ер Тарғын» жырына қатысты алдымен анықтау-ды қажет ететін мәселе – жыр басын-да Тарғынның қырғыз елінен кел-гендігі айтылады. Сонда, Ер Тарғын қырғыз батыры болғаны ма?

– «Ер Тарғын» жыры бірнеше рет басылып шықты. Әр басылған сайын жақсы жаңалықпен де толығып отырады, жаңсақтық та кетіп жатады. Жыр «Ер Тарғын қырғыз елінде кісі өлтіріп, істі болып, қашып шықты» дегеннен басталады. Осылай баста-луынан-ақ, көптеген кісі тосылып қа-лады. Қырғыз дегесін көп адамның көз алдына Іле Алатауы, қазіргі қырғыз елі елестеп, Ер Тарғын сол беттен келген батыр деген ой туаты-ны заңдылық.

Мен елде (Жәнібекте) жүргенім-де үлкен, сыйлы адамды жер қойны-на беру кезінде, басына орнатылып жатқан тақтайға көзім түсіп кетті. Он-дағы «Қырғыз қазанқұлағы» деген сөзді көргенімде қатты ойланып қал-дым. Менің анам да сол рудан бола-тын. Келгесін анамнан сұрадым. «Ба-лам, білмеймісің, біздің жақта Қырғыз деген үлкен ата бар» деді. Жастығы-мыз болар, әңгімені індетіп, түбіне те-рең үңілмеппіз. Кейін «Путешествие по Российским провинциям» деген Палластың кітабы қолыма тиді. Сол кітаптың ішінде Паллас 1769 жылы қазіргі Ресеймен шекаралас Жәнібек ауданы аймағын мегзеп, былай деп жазыпты: «Бұл жерде бір халық бар, өздерін «Қырғыз-қайсақпыз» деп атайды. Бір қызығы, олар «қазіргі Ресей аумағында жүрген казактар бізден шыққан, бүкіл соғыс өнерін бізден үйренген дейді».

Ал қазіргі уақытта ол жақта «Кайсацк» деген теміржол бекеті бар. Оны көпшілік бұратана халық болған-дықтан кекетіп солай атаған деп ой-лайды. Мен ертеректе Рахметолла Егізбаев деген кісінің «Қайсақ батыр туралы аңыз» деген үлкен поэмасын оқыдым. Рахметолла Егізбаев – сол Жәнібектің тумасы, көп жыл аудан басқарған адам. Поэмасында Қайсақ батыр туралы өзінің естігенін жазады. Яғни, осының өзі Тарғын деген біз ой-лағандай, Қырғыз Алатауында дүние-ге келіп, біздің бетке қашып келген адам емес, тап осы жердің тумасы екендігіне бір дәлел бола алады. Соңғы кезде «Бабалар сөзі» айдары-мен жарық көріп жатқан 100 томдық-та «қырғыз» деп жаңсақ жазылды деп ойлады ма, «қырғыз» деген деректің бәрін қазақ деп түзеткен. Меніңше, ол дұрыс емес. Өйткені, Ер Тарғын жырының сөлі де, жалпы тарихы да тап сол жерден басталады.

– Олай болғанда, жырда көп-теген жер атаулары кездеседі. Осы жағынан келгенде сөзіңізді дәлел-дей түсетін көне жырдағы атаулар мен бүгінгі жер атауларында қандай да бір сәйкестіктің ізі байқала ма?
– Әлбетте, алға тартар дәлелі-міздің қызығы да осында. Жыр аяғында Ер Тарғын Жанарыстан деген жерге келіп, Үштарғын деген жерде өз ажалынан қайтыс болды дейді. Бірде тарихшы Исатай Кенжәлиев ағамыз Жәнібектегі Ғұмар Қараш тойына келіп қатысқанда айтып кеткен бір сөзі бар: «Жігіттер, құлақ-тарыңды түріп жүріңдер, сіздің жақта Жанарыстан деген жер, Үштарғын деген тау болу керек. Соны тауып алыңдар. Ер Тарғын сендердің жер-леріңде туып өсіп, сендердің жерле-ріңізде қайтыс болған адам» деп. Біз Ресейдің Волгоград, Саратов облыс-тарындағы, Палласов ауданындағы тумаларымызбен жиі араласып тұрамыз. Ол жаққа барғанда менің көзіме оттай басылатыны – Еруслан деген жер. Онда Еруслан деп аталатын өзен ағып жатыр. Жергілікті халық оның не мағына беретін сөз екенін түсіндіріп айта алмайды. Сөздің төркініне Янруслан-Енруслан – Еруслан деп үңілсек, «Ен» дегені жан, ал «руслан» дегенді алсаңыз, ол – арыстан. «Арыстан» түркі тілінде – Арслан, одан дыбыстық өзгеріске ұшырап Руслан шығады. Міне, сонда Жанарыстан өзені осы күнге дейін ағып жатыр және ол өзеннің бо-йында солай аталатын ел бар.

Тағы бір қызығы, Палласов қала-сын жарып өтіп, біздің Жәнібек жеріндегі Талов ауылының аумағына дейін келетін Торғын аталатын өзен бар. Орысша жазбаларда «Торгун» деп жазылып кеткен бұл өзеннің атауын жергілікті халық ішінде әлі күнге дейін «Тарғын» деп атайтындар кездеседі. Бұл өзеннің атауын Паллас өз еңбектерінде бірнеше жерде кел-тіреді. Ал Кеңес үкіметі алғаш орна-ған жылдарда Жәнібектің сол жақ бе-тін «Тарғын» қисымы деп атаған.
Жыр ішінде «Алғидың құба жо-нында» деп келетін жері бар. Осыған дейін басылып келген жинақтардың бәрінде «Алғидың» емес, «ылдидың» деп жазылған болатын. Сонда мен «өзі ылди болса, қалайша оның құба жоны болады?» деп түсінбейтінмін. Ал соңғы басылымдағы «Алғи» деген сөз маған бірден түсінікті болды. Өйткені біздің бетте Алғай деген жер бар. Оны «Александров Гай» деген украин сөзі деп оп-оңай теліп айта салады. Гай – украин тілінде тоғай, шоқ дегенді білдіреді. Бірақ, бізде «қай» деген де сөз бар. Мысалы, қаймана қазақ. Тереңдей берсе, қай деген жыландардың тотемін білдіре-ді. Оның тарихын одан да әрі қаза түсуге болады.

Әрине, Тарғын батырды тек Жәнібекте туып, сол жерден ұзама-ды деп айтуға болмайды. Бірақ жер атаулары осылайша өздігінен сөйлеп тұрады.
– Тағы бір қызығы, жыр ішінде Ақшаханның қызы Ақжүніс
Ер Тарғынды үйге жасырын түрде алтын терезеден кіргізіп алатын жері бар. «Сол заманда Ақшахан терезелі үйде тұрды ма екен?» деген сұрақ туындайды...

– Әрине. Біз қазақ киіз үйден басқа ешнәрсе көрмегендей ойлай-мыз. Киіз үй көшпелі халықтардың қай-қайсына да көшіп қонуға ыңғайлы. Ал енді қараңыз, Асан қайғы Әз Жәнібекке Астраханды салдырып жатқан кезінде «Сен осы қаланы бекер салдырып жатырсың» демей-тін бе еді? Егер сол заманда шаһар салған болса, неге ондағы үйлер те-резелі үй болмайды? Күні кеше қала-мыздың маңынан табылып жатқан ескі шаһар орындары соның анық дәлелі емес пе?

– Шынымен де... Әсерлі әңгі-меңіз үшін рақмет, аға!

Сұхбаттасқан
Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

Қаралым саны 1402

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463