– Неге? Не үшін? Мен қиындық-сыз, күтусіз, жайбаратқат өмірге құл-шынысам, сен неге маған басқа жол-ды ұсынасың? Неге төзем? - деймін мен.
Сосын ол басын қысып ұстай алып, шашын жұлардай, өзінің басын өзі кесердей қылғынып, ашулана:
– Түсін! – дейді.
Мен ақымақ тағы да:
– Нені? – деймін.
Ол:
– Өмір қиындықсыз, қиғаш, қи-сық жолдарынсыз түк қызық емес. Өмір дегенің арпалыс, алыс-жұлыс. Өмірдің осы асу-белестерінен өтудің өзі қиын. Сол осы асу-белессіз, қиын-дықсыз, қиналыссыз өмір мәнін жоғалтады. Өмірде тек сенің айтқаның бола бермейді. Егер өмір сенің қала-ғаныңдай болса, онда бұл дүние мәнінен, сәнінен айырылады. Осындай, бұл өмір! Ал сол өмірде өзінің орның-ды таңбалау үшін бәріне төзіп, төзімділік таныт және соны түсін! - деп сөзін аяқтады.
Мен ойланып қалдым. Үнсізбін. Біресе кейін, біресе алға тартқан са-намдығы сан ойлардың арпалысын сезді ме, әлде жүзімде жазулы, жана-рымда бейнелеулі ме? Білмеймін! Ол бірдеңе сезді де, кенеттен шаңқ етті.
– Табанды бол! – деді.
Тағы да таусылмас ойларымның тас-талқанын шығарды. Күмілжіп барып тіл қаттым:
– Тырысамын!
Ол тағы да бітіп болмас, басым-ның быт-шытын шығарып, миыма сап еткізіп сан түрлі ой тастар дәрісін бас-тады. Бейне бір аудиторияда ұйық-тап, мүлгіп отырған студентке «көтер басыңды», «есіңді жи», «оқы» деп талмай айтатын ұстаздарым секілді. Соңыра «Мақсатты» сөз етеміз, ал қазір «Табанды бол!» деймін. Білесің бе неге? Сен табанды болуға тиіссің! Табанды болмасаң жолыңнан таясың. Діттегеніңе жете алмай жолда қала-сың. Сондықтан табандылықты тәңі-ріңнен тіле. Қамшыдай ғана қысқа тірлігіңде:
«Сен де бір кірпіш дүниенің,
Кетігін тап та бар қалан!» - деп Абай атаң айтқандай, тірлігіңнің таңбасындай өз кірпішіңді тастағың келсе, тілегіңе қолыңның жеткенін қаласаң, көксегеніңді қолыңа алғың келсе, табанды бол! Және осыны ұмытпа! Өзіңе сен! - деді.
– Сенейін ба? Кімге? Неге? Өзіңе дейсің бе? Мен сене білмеймін! Сенуден қорқам! Мен тек тәуекелді білемін! Тәуекел бар білерім! Тәуе-кел! – деп жыламсырап ағымнан жа-рыла сөйлеп едім. Ол сақылдап, мені мазақтап күліп алды да, қатаң, қатқыл дауыспен:
– Сандырақ! – деді.
Мен:
– Неге шалқаясың? Маған не қыл дейсің? Өмір өзі мені осы күйге түсірген. Мені тағдыр тап осы тәуе-келге, сенбеуге үйретті! – деп жаным шықты-ай келіп.
Ол:
– Түріңе болайын! – деп мүсір-кей қарады.
Мен сонда ғана байқадым. Мү-сәпір күйге түскен екенмін. Өзімнен өзім ұялдым. Кеудемде бір намыс оя-нып, соның жалыны санамды өртеп жіберді ме? Әйтеуір ішімнен Мұхтар ағаның сөзін еріксіз есіме алдым:
«Мүсіркетпе, тағдырым, мені ешкімге,
Мүсіркеген адамның қолында өлем» дедім бойымда бір өжеттік пайда болғандай-ақ. Сонсоң әлгі белгісіз дүниеге:
– Ей, Ақылдым!
Сенің сөзің сүйегімнен өтті. Бұдан әрі мұндай аяушылық көрмеу үшін, мүсіркегендік сезінбеу үшін, ойымдағыны ойларыма орап қана қоймай, шынайылыққа айналдыру үшін «Мен өзіме сенемін!» – дедім. Сенің алдыңда, өзімнің арымның алдында антым болсын!
Бейне бір менің бағымды ойлайтындай-ақ манағы жүзіндегі бар күйі басқа түрге еніп маған:
– Жарайсың!
Қашанда осындай күшті бол! – деді. Жүзінде жылылық бар.
Сенің заманың арбағыш, алда-ғыш заман. Қызықтыратын да, құмарт-тыратын да нәрсе көп мына сенің ға-сырыңда. Сен жассың. Сен үшін өмір-дің тосын жаңалығы көп, әрине, ол ешқашан таусылмайды да. Бірақ бас-тапқы соққылар қашанда ауыр тиеді ғой. Кейін, бәлкім, өмірдің оқыс соқ-қыларына етің үйренетін де шығар, сосын қырсық тағдырыңа қасқайып қарсы тұрарсың да... Бірақ, сол күнге сен жетермісің, әлде, шыдай алмай өтермісің?! – деді де маған біраз үңі-ле қарады. Мен ол кезде жасықтығы-ма ұялып, жерге қарап тұр едім. Ол жаныма жақындап келді де:
– Басыңды көтер! Кеудеңді тік ұста! Өзіңе сен! Тәуекелді де ұмытпа! Шыда! Төз! Тағдырдың тосын бұры-лыстарында басын төмен иіп өтетін қорқаулар емес, нағыз қасқырлар, нағыз бөрілер, нағыз арландар ғана тірі шығады. Сондықтан КҮШ жина! Өмір қалтарыстарында көп кездесе-тін түлкілерден, қорқаулардан, қарға-сауысқандардан сақ бол! Аң біткен-нің ең күштісі – қасқырдан үлгі ал, құс біткеннің ең мықтысы – қыраннан үлгі ал. Яғни, КҮШті бол! – деді. Мен саған бұл екеуін үлгі етсем, біреулер сені үлгі ететіндей күшті бол! – деді.
Мен басымды көтердім. Енді еңсемді көтере беріп едім, ол менімен ойнағысы келгендей, тағы да келеке етті.
Ол маған:
– Жігерің қайда? Мен осылай жігерлендірмесем сені жасықтық жеңіп, осылай жүре берер ме едің? – деді.
Төбемнен тас түскендей күй кешіп қалдым. Оның бұл сөздері еңсемді езгені соншалық, еңкейіп барып, отырып қалғанымды да байқамаппын!
– Пенделік-ай, пенделік! Бір-ақ сөзден күш жинап, бір-ақ ауыз сөзбен жоқ қылуға болатын не деген әлсіз ең?! Сөз құдіретіне таңдансам ба екен әлде мен?! Жаңа ғана маған ант-су ішіп ең, мүсіркеген күйге түспеймін деп. Ал мынау не түрің? Жігерің құм болып жасып кеткен бе? Жалыныңды жасықтық басып кеткен бе? Немене? Тұр, қане!
Тағы да ұялдым.
– Не деген бейшара ем... – Ары қарай сөзімді жалғай алмадым.
Ол:
Жоқ, олай деме. Жігерлен! Жі-геріңді жаны! Лаула! Жан! Мен сені сынағам. Әттең, сыннан сүріндің! Бірақ, жаңылмайтын жақ жоқ, сүрін-бейтін тұяқ жоқ – дейді ғой. Пенде болғасын болады да. Жасыма! Жігер-лен! Себебі, жігерің құм болса, өмір-де құл болдым дей бер!
– Менің құл болғым келмейді!- дедім оның сөзін бөліп.
– Манағы күшің қайда кетті? Сенімің ше? Сертің ше? Не деген әлсіз ең? Жігерің құм болған жасық неме! - деп ол үзілген сөзін әрі қарай жалғады. Мені жігерлендіргісі келгендей.
- Еңсемді көтере алмаспын дегем. Олай емес екен. Тірі жүрсем, тап осы сенің алдыңда аяныш көрмеспін! Болды! Тоқтат! – деп айқайлап жібердім.
– Намыс құрғырың күйдіріп бара ма? Пах, шіркін! Күшің қандай, жалының жан адамды тіке қаратар емес. Иә, иә... Талабың таусылмасын! Тайма! Тайқыма! «Талаптыға нұр жауар!» дегенді естіген бе едің?!
– Иә, білем.
– Білсең, сол. Айтарым талаптан, тілегім талабыңа нұр жаусын! Өмір-дегі талабың дүниедегі таулардан биік, аспаннан асқақ болсын. Кез кел-геннің ойына оралмас арманың сені алысқа алып ұшсын. Талабыңның қаттылығына, сенің қайсарлығыңа, қайта-қайта жолыңды кес-кестеп жүрген қырсық тағдырың қайран қалсын! Амалы құрысын! Сен тағдыр-дың дегеніне емес, тағдыр саған көнсін!
«Көнсін! Көнсін! Көнсін!» Құлағыма сіңген осы сөз жігерлендіріп, талаптандырып жіберді мені. Ой шіркінің тіпті уақыттан жүйрік қой. «Мақсатым - осы болмақ» деп ойлап та үлгердім. Менің өз ойыммен арпалысып, өзіммен өзім болып кеткенімді аңғарды білем.
– Ойға шомдың ғой! – деді.
– Мақсатым – тағдырдың құлы болмау. Әрине, тағдыр дегенін істер, басқа түскесін көрерміз, көтерерміз. Тек маңдайыма жазылғаны осы деп көніп, бір сәтсіздіктен, бақыт басым-нан қашқан кезде, бар болмысым осы бейшаралықтан аспайды деп көнбіс болмау!
Ол:
– Мақсат дегенді қалай түсінесің? – деді. Мені жауап таппас, тағы да күмілжір деп ойлады білем, жауап күтпеген күйде отыра берді.
Мен:
– Мақсат – өмірімнің мәні, нәтижесі. Мақсатыма жеттім! – деген күні өмірімді мәнді, ұғымды, ұтымды дей аламын. Мақсат – мені жетелер көктегі жұлдыз, құзар шыңдағы нүкте - деп бірден тіл қаттым.
– Бәрекелді! Бағана сынымнан сүрінгесін, осы манадан айтқаным бекер ме екен? Солай болса ше? - деп көңілім тынып таппай, мазасызданып отырғанмын. Бір марқайтып тастадың! Рахмет! - деді.
Мен ештеңе де түсінбей қалдым:
– Саған рахмет! Ал маған не үшін?
– Үмітімді үзбегенің үшін!
Ешқашан үмітің үзілмесін! - деді де ғайып болды.
Үмітің үзілмесін! Осы сөздің жаңғырығы жадымда жатталып әлі тұр. Үмітсіз талап, мұрат, мақсат түгілі өмірден безінуім де мүмкін нәрсе ғой. Соны ұғынып, біліп тұрмын. Санамда жүр. Білемін.
Ей, тағдыр!
– Жылатсаң да, құлатсаң да мені үмітімнен айыра көрме. Жалған дүние, жалт беріп алдап кетсең де, өмір бойы арбап өтсең де, бағымды алсаң да, бабымды алсаң да, барым-ды алсаң да үмітіме тиіспегейсің. Се-бебі БАҚЫТ мәңгі бір орында тұрмай-ды, басынан аяғына дейін бақытты өмір болмайды, бақытты сәттер ғана болады. Ал бабыма келсек, бап емес бақ шапқан кездер дүниеде көп кез-дескен. Ол да белгісіз нәрсе. Барым деп тұрған дүние-мүлік, жиған-тер-геннің тойымсыз көзімізге бір уыс то-пырақ түскенде түкке де қажеті бол-май қалады. Сондықтан тек үмітіме тиіспегейсің. Тиіспе..
Ал, ақылдым!
– Саған үлкен РАХМЕТ!
Үзіле жаздаған үмітімді жалғаға-ның үшін...
Негізі қандай қиындықта да адамдарға жақсылықтан үміттене білуді үйрену керек сияқты. Тіпті үмітсіз шақтарда да. Көбіне үміті үзілгендер өздерін өлім арқылы шарасыздықтан құтқармақ болады. Әр адамда да адам болып жаратыл-ған соң әлсіздік болады. Сол бірер сәттік әлсіздіктері оны өмірден, сүйік-тілерінен айырады. Әрине, ондай кезде оны ойлауға мүлде мүмкіндік болмайды. Бірақ сол қадамға бармау үшін, біреудің қателігін көре, біле тұра қайталамау үшін “үмітсіз шақ-тарда да үміттенуді үйренген” дұрыс-ау!
Және ол қолымыздан келмейді емес, келеді!