Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
Маусым айының басында Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осы жиында елімізде тарих ғылымының алдына мүлдем жаңа талаптар қойылып отырғанын жеткізді.
«Dana.kaz» журналының шығарушылары мен шынайы оқырмандары бір серпіліп қалғаны айқын. Себебі тарихқа қатысты журнал мен мемлекеттің ұстанымы бір жерден шықты. Оған Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің жақында Еліміздің ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында айтылған ұлттық тарихқа қатысты айтылған ойлары және нақты тапсырмалары дәлел.
Журналымыздың бүгінгі санында Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті құрамына кіретін гуманиталық академияның тыныс-тіршілігі жайлы топтама мақала беріліп отыр.
Баян ЖҰМАҚАЕВА,
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті гуманитарлық академиясы-ның директоры, химия ғылымдарының кандидаты, профессор
Бабаларымыз «найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтаған» дархан даламыз, еңсесін еркін көтеруге ұмтылған еліміз бен елдігіміз еркіндік алып, өз алдына ел болғаннан кейін-ақ, қоғам нарықтық экономикаға бет бұрды. Соның себебінен өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар сипаты, өндіріс субъектілерінің әлеу-меттік мәртебесі өзгерді, ғылымға негізделген өндірістер өсе бастады, технологиялардың өсуі, ғылыми ізденістердің интегративтік сипаты, осының барлығын тиімді ұйымдасты-ратын жаңаша ойлайтын жоғары кәсіптік білімді кадрлар дайындау міндеті қойылған болатын.
Мұрат САБЫР,
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар бойынша проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Университеттің ғылыми-иннова-циялық қызметінің басты мақсаты – аймақтың орнықты әлеуметтік-эконо-микалық дамуы үшін қажетті маман-дар мен ғылыми-педагогикалық кадрларды халықаралық стандарттар деңгейінде даярлауды, әрі оларды зерттеушілік және инновациялық қызметке ынталандыруды қамтама-сыз ету болып табылады.
Асылбек ИРГАЛИЕВ,
академияның академиялық ұтқырлық үйлестіру координаторы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның біліми-ғылыми өмірі-нің барлық саласында түбегейлі өзге-ріс орын алды. Соның бастыларының бірі – білім мен ғылым саласындағы халықаралық байланыстарды күшейту.
Аянбек ӘБЕКЕШОВ,
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің жастар ісі жөніндегі проректоры
БҚГА жастар ісі бөлімі жастар-дың әлеуметтік, мәдени және эконо-микалық мүдделерін қорғау, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау, адам-ның адамгершілік-тұлғалық жетілуіне жағдай жасау, студенттер қозғалысы-на ықпал ету, талантты жастарды анықтау және олардың бастамала-рын қолдау, оларға білім гранттары мен ғылыми бағдарламалар арқылы қолдау көрсету, жастарға патриоттық, экологиялық тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде.
«Қазақстан» газеті 1911 жылғы 10 наурыздан 1913 жылғы қарашаға дейін жарық көрген алғашқы қазақ басылымдарының бірі. Алғашқы екі саны Астрахань қаласындағы «Окурь мен Апресянц баспаханасында басылған. 1911 жылдың соңында газет редакциясы Орал қаласына көшіп, 1913 жылдың ортасына дейін жалпы саны 18 нөмірі жарық көрген. Редакцияның Орал қаласындағы мекенжайы – Сақмар мен Самар көшелерінің қиылысы, Хохлачев үйі (қазіргі Чапаев көшесі, 39 үй, Достық даңғылымен қиылысы). Ресми редакторы – Елеусін Бұйрин. Ал газетті ұйымдастыруға, шығаруға Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қараш, Елеусін Бұйрин, Бақытжан Қаратаев, Ғабдолғазиз Мұсағалиев т.б. көп үлес қосқан. Сондай-ақ 1911-1913 жылдары Орал қаласында түрлі оқу орындарында оқып жүрген қазақ жастарының да газеттің қаржылық жағына көмектескені туралы дерек бар.
Жантас САФУЛЛИН,
«Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры, Орал қаласы
Қазақ баспасөзінің тарихы ХХ ға-сырдың басынан бастау алады. Батыс Қазақстан өңірінде 1911-1913 жылдар аралығында «Қазақстан» деген атаумен газет шыққандығын осы саланың маман ғалымдары білсе де, көпшілікке кеңінен танымал емес. 1962 жылы зерттеуші ғалым М.Ысмағұлов атал-мыш газет туралы деректер негізінде «Қазақстан» газетінің шығу тарихы және оның идеялық мазмұны» атты көлемді мақаласын жариялапты.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
Орал қаласы
...Тоқсаныншы жылдардың басында, журналистика факультетінің қабырғасында жүргенде ұстазымыз Қырықбай Алдаберген «Сен «оралдықпын» дейсің, 1911 жылы Орал қаласында «Қазақстан» атты газет шыққанын, оның редакторы Елеусін Бұйрин деген қазақ болғанын білесің бе?» деп сұрайтын.
Ерлан САЙЛАУБАЙ,
тарих ғылымдарының кандидаты, Астана қаласы
Бүкіл Қазақстан кеңістігінде өткен ғасыр басында қазақ қоғамы мәселелерін кең көлемде қамтитын басылым болмады. Халық қамын ойлағандар жергілікті орыс тілді баспасөз беттерін пайдалана білді. Ол басылымдар барлық қажеттіліктер топтамасын жария етуге мүмкіндік бермеді. Сол кездегі патшалық өкілетті органдардың қатаң цензурасы ұлт жайында этнографиялық және ел іші ұсақ-түйек хабарламалардан ары асырмады.
Хазретәлі ТҰРСҰН,
тарих ғылымдарының докторы, Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, алаштанушы, Түркістан қаласы
Өткен ғасырдың бас кезі қазақ дәстүрлі қоғамында саяси өрлеу кезеңі болды. Мазмұны мен сипаты өте күрделі құбылыс саналатын бұл саяси өрлеудің атқарған басты миссиясы ұлттық идея қалыптастыруға келіп саяды.
Сұлтан ЖҰМАБЕКҰЛЫ,
Бейнеу, Маңғыстау облысы
«Ла илаһа ил Алла Мухаммад расул Алла. Бе Исм Хожамназар ибн Иаңай. Ики ұста бу диуарны йаптық. Біріміз молла Ишмұхамед, біріміз молла Құдайберген.»
Бұл жазу Маңғыстау өңіріндегі Сисем атада – Қожаназар күмбез тамының кірер ауызы тесігінен жоғары жерге қойылған, бас жағы дөңгеленіп келген қалақ тастағы жазу. Негізі, Сисем атада қабырғалары өңделмеген қара, қалақ тастардан қаланған тағы бір там бар екен. Оның да кіреберіс тесігінен жоғары жалпақ қалақ тас қойылып, жазу жазылған. Бірақ, тасының көлемі, пішімі Қожаназар моласындағы тасқа сәйкес келгенімен, оның жоғары қараған жағы үшбұрыш, сосын кіреберіс тесік садақ иіміндей шеңбер таспен жабылған.
Баян ШЫНТЕМІРОВА,
тарих ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетіннің профессоры
Бүкіл адамзат тарихының өн бо-йында қоғамдық дамудағы тұрақты орын алған бағыт – әлеуметтік және саяси басқаруда субьективтік фактор-лардың рөлінің артуы. Басқару ту-ралы мәселелердің ішінде орталық орын алатын, әрі қоғамдық-саяси дамудың басты элементі – саяси көшбасшы мәселесі. Бұл мәселені дұрыс түсіну үшін мына жағдайларға көңіл бөлуіміз керек: көшбасшының жеке басы; оны басшылыққа ұсыну тәсілдері; қолдаушылар тобының мінездемесі; көшбасшының әртүрлі мемлекеттік құрылымдармен байланысы; шешімдер қабылдау табиғаты т.т.
Дулыға – Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінде көрермен назарына ұсынылған жәді-гер. Өзбекстанның Бұқара қаласында тұратын Қадырбай ақсақалдан сатып алынған батырдың бұл бас киімін 2008 жылы алматылық жеке кәсіпкер Естай Даубаев музей қорына тапсырған болатын.
Дулыға – батырдың басын сойыл, шоқпар, қылыштан және садақ оғынан сақтауға арналған бас киім түрі. Ол көбінесе көбе сауытпен киілген.
Дәулеткерей ҚҰСАЙЫНОВ,
журналист
Журналдың бұл айдарында бүгінде қолданыста жүрген, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын, бірақ шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде баспасөз қызметінің бас маманы Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.
Гүлім ЖАМБЫЛҚЫЗЫ,
БҚГА студенті, Орал қаласы
Ала таңнан, кейде қара түннен тылсым күш кеудемдегі құйтақандай жүрегімді қысып, қинап жатқандай сезім сезінемін. «Шіркін-ай!» – деймін сонда. Менің мына жұмыр еттен жаралған жұдырықтай жүрегім қола-дан немесе шойыннан жаралса ғой! Сонда ғана дүниенің қасіретінен, өмірімнің қателігінен, қайғы-мұңымнан арылатындай көрінетін. Сосын кенет-тен ақыл ма, әлде ес десем бе екен, бір ойлы дүние келіп маған:
– Төз! – деп бұйырады.
Мен амалым құрып аңырап қаламын. «Адыра қалсын бәрі!» – деп жан дауысым шығып, ашына айқалайлаймын кеп.
Ол маған қайтадан:
– Төз! – дейді.
Әнуарбек МҮТИҒОЛЛАЕВ,
БҚГА студенті, 2013 жылғы облыстық «Қадыр оқуларының» бас жүлдегері
Сағым арман қияға жетелеген,
Жолы – соқпақ, білемін мұратымның.
«Өмір сүргім келмейді» деп өкпелеген,
Мен өлеңін оқыдым бір ақынның.
Әсет ҚҰБАЕВ,
БҚГА студенті
Ұшқынды көрем көзіңнен шырақ,
Бара алмай жүрмін өзіңе бірақ.
Сүймеген жан жоқ десе мен сенбей,
Жан болмас шіркін сезімнен жырақ.
Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы қабылданған стратегиялық бағдарламаларда жоғары кәсіби деңгейдегі, еңбек нарығындағы бәсекелес, қазіргі инновациялық технологияларды меңгерген, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге дайын, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлығы бар мамандарды даярлау мақсаты қойылған.
Балмағамбет Балқыбайұлы (1891-1967) Ұлытау өңірінде туып-өскен ойшыл, дін ғұламасы, халық арасында «Сармолда» деген атпен танымал. Академик Қаныш Сәтбаев ол кісіні өзіне ұстаз тұтқан екен.
Тербеткенде бесікті,
Ананың мынау алғысы.
Келеді кімнің кем болып,
Қатарынан қалғысы.
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463