Қазақстанда академиялық ұтқырлықты жүзеге асырудың негізгі мақсаты – ол білім берудің сапасын халықаралық ақпараттық қоғамға бейімделген жаңа мамандарды тәрбиелеу арқылы арттыру. Қазіргі таңда академиялық ұтқырлық серіктес жоғары оқу орындар арасында студенттер, магистранттар алмасудың тиімді формасының бірі.
Академиялық ұтқырлық – білім алушылардың (студент, магистрант) немесе оқытушы-зерттеушінің нақты бір академиялық мерзімге (оқу және өндірістік сараманнан өтуімен бірге, 1 семестрден кем емес) басқа ЖОО-ға (шетелдік, қазақстандық) барып білім алу немесе зерттеу жүргізуі.
Сыртқы академиялық ұтқырлық – шетелдік ЖОО-да білім алу және оқытушылардың зерттеу жұмыста-рын өткізуі.
Ішкі академиялық ұтқырлық – қазақстандық ЖОО-да білім алу және оқытушылардың алдыңғы қатарлы білім беру немесе ғылыми мекеме-лерде зерттеу жұмыстарын жүргізуі.
Академиялық ұтқырлықтың негізгі мақсаты – таңдалған кәсіби бағыт бойынша жан-жақты білім алу, әлемдегі танылған білім орталық-тарына қол жеткізуді қамтамасыз ету, Еуропа және Азия елдері мәдениеті-мен кеңірек танысу.
Академиялық ұтқырлықтан өтудің басты мақсаттарының бірі – ол прес-тижді білім алу негізінде болашақта жалақысы жоғары жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу.
БҚГА-дағы академиялық ұтқырлық
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы – батыс аумақтағы академиялық ұтқырлық бағдарлама-ларын іске асырып жатқан ірі жоғары оқу орнының бірі.
2012-2013 оқу жылының басында академиялық ұтқырлық бағдарла-маларын сапалы ұйымдастыру мақсатында академияда арнайы академиялық ұтқырлық координа-торы (ұйымдастырушысы) жаңа штаты ашылып, – «2020 жылға дейінгі Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының академиялық ұтқырлықты дамыту стратегиясы» және «Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясында білім алушылардың академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру ережесі» атты нормативті құжаттар қабылдан-ды.
БҚГА келісімшарттар негізінде тығыз өзара серіктестік қарым-қатынастарды, соның ішінде акаде-миялық бағдарламар бойынша, бірнеше шетел және қазақстандық жоғары оқу орындармен байланыс орнатты.
БҚГА Миколос Ромерис атындағы Литва университеті (Литва, Вильнюс қ.), Мармара университеті (Түркия, Ізмір қ.), Ресей Халықтар достығы университеті (РФ, Мәскеу қ.), Мәскеу қатынас және информатика техникалық университеті (РФ, Мәскеу қ.), Белгород кооперации, экономика және құқық университеті (РФ, Белгород қ.), М.К.Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федеральді университеті (РФ, Якутск қ.) және т.б. шетел жоғары оқу орындармен келісімшарттарға қол қойған.
Сонымен қатар Шығыс экономикалық-заң гуманитарлық академиясымен (РФ, Башқұртстан Республикасы, Уфа қ.), Самара мемлекеттік темір жол қарым-қатынас университетімен (РФ, Самара қ.), С.Баишев атындағы Ақтөбе университетімен, Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетімен (РФ, Саратов қ.) де тығыз байланыс орнатылған.
2012-13 жж. желтоқсан-қаңтар айларында 4 мемлекеттік ЖОО-мен - Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг мемлекеттік универси-теті және Тараз мемлекеттік педаго-гикалық институтымен академиялық ұтқырлық бойынша келісімшарттарға қол қойылды.
2012-2013 оқу жылында акаде-мияның 3 студенті конкурстық ірік-теуден өтіп, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен серіктес ЖОО-ға білім алуға жіберілді.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Шығыс экономи-калық-заң гуманитарлық академия-сына (РФ, Уфа қ.), күндізгі бөлімінің 5В010300 «Педагогика және психо-логия» мамандығының 2-курс сту-денті Гүлфия Нұрымова 18 кредиттік жеке оқу бағдарламасымен білім алуға жіберілді.
Гүлфия Нұрымова 1-курстан бастап топ старостасы. Оқу үлгерімі жоғары, дәріс пен семинар сабақ-тарында үнемі белсенді. Академия-дағы алғашқы күндерінен бастап жоғары жауапкершілік, қарым-қатынаста ашық мінезді, ұжымдық жұмыста өз орнын таба білетін студент екендігін көрсетті. Академия-ның қоғамдық жұмыстарына белсен-ді қатысады.
Шығыс экономикалық-заң гуманитарлық академиясында оқу барысында студенттік конференцияға «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі» атты баяндама-мен қатысып, мақтау қағазымен марапатталды. Аталған баяндама студенттердің үздік баяндамалар жинағына енгізілді.
Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша академияның 2 студенті іріктеуден өтіп, С.Баишев атындағы Ақтөбе университетіне семестрлік білім алуға жіберілді. Олар 3-курс студенттері - 5В0103000 «Педагогика және психология» мамандығында оқитын Әйгерім Аңшыбаева және 5В050900 «Қаржы» мамандығының студенті Фарида Оразғалиева.
Ережеге сәйкес студенттерге қосымша келісімшарт, үш жақты келісімшарт, студенттің жеке оқу жоспары жасалды. Екіжақты келісім негізінде студенттер өзіне болашақ мамандыққа қажет болатын С.Баишев атындағы Ақтөбе универ-ситетінде оқитын элективті пәндерді таңдап алды.
Сонымен қатар сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша БҚГА-ға да іріктеуден өтіп, шетел ЖОО-дан студенттер келіп оқып жатыр. Қазіргі таңда Шығыс экономикалық-заң гуманитарлық академиясының Психология және әлеуметтік-мәдени жұмыс институты-ның 030300.62 психология маман-дығының 2 курста оқитын 3 студенті – Элина Адиатуллина, Борис Суляев және Елизавета Варавина дәріс алуда.
Студенттер оқу пәндерін нәтижелі меңгеруде. Бірақ «бастапқы кезде 50 минут сабаққа бейімделу керек болды» дейді олар. Өйткені олардың сабағы бұрын 90 минут болатын. Элина, Борис және Лиза студенттік ұжымға тез үйреніп, біздің студент-термен достасып кетті.
Уфадан келген студенттердің пікірінше, БҚГА-да білім алу өте қызықты. Мысалы, интерактивті әдістердің дәріс, семинар, СОӨЖ-де қолданылуы. Сондай-ақ дәріс сабақтарында тек жаңа ғылыми мәліметтермен танысу емес, сонымен қатар берілген ақпаратты талдау, түйіндеу, рефлексия жасауға болатыны қажетті білімді терең меңгеруге мүмкіндік береді. Семинар сабақтарында дайындалған тақырып-қа өз ой-пікіріңді айтуға болады. «СОӨЖ сабақтары дәріс, семинарда түсінбеген сұрақтар бойынша қосымша кеңес алу, эссе жазу, жеке баяндама дайындау, жұпта, топта жеке тапсырмалар орындау секілді жаңа аудиториялық оқыту форма-сында болды» - дейді ШЭЗГА студент-тері.
БҚГА-да академиялық ұтқырлық бойынша оқуға келген студенттерге барлық жағдай жасалуда. Атап айтқанда, оқу тегін, студенттің жеке жоспарына сәйкес арнайы оқу кестесі жасақталады. Жатақханадан тегін орын беріліп, кітапхананың мол қорымен, интернетпен жұмыс жасау-ға мүмкіндік жасалған.