Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
Міне, күз де жетіп, қыркүйек басталды. Жазғы демалыс кезінде қоғамда тыныштық орнап, мамыражай қалыпқа түссе, қыркүйекпен бірге қарбалас қозғалыс қайта басталатындай. Мектептерде қоңырау соғылып, университеттердің оқу залдары да студентке толады. Жаз бойы ұйықтамаса да мызғып алғандай болған саясаттың да көрігі қызып, қым-қуыт тірліктің қазаны қайнайды. Осылай уақыт дөңгелегі айнала бермек.
Қазақта «бұл дүниеде бақытты болғың келсе – саудамен айналыс, о дүниеде бақытты болғың келсе – дінмен айналыс, екі дүниеде бірдей бақытты болғың келсе – білім, ғылыммен айналыс» дейді. Менің осыған қосарым – біздің қазақ екі дүниеде қатар бақытты болғысы келсе, білім, ғылыммен қатар ұлттық тәрбиемен айналысуы қажет. Ұлттық тәрбие біздің салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз, мемлекеттілігіміздің белгісі деп те атауға болады. Шынайы ұлттық тәрбиемен сусындаған ұрпақ әдебиет, тарих, тіл, дінді терең білу арқылы иманды әрі еліміздің нағыз жанашыры, қорғаншысы болары анық.
Арыстанбек ОРЫНБАСАРОВ – Орал қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 2012 жылғы түлегі. Қазір ол «Ха-лықаралық қатынастар және экономика» мамандығы бойынша Варшава қаласындағы Вистула университе-тінде оқиды. Арыстанбек жазғы демалысқа елге келгенде онымен кездесіп, әңгімелесудің сәті түскен болатын.
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында мөрлердің ағаштан, тастан, әйнектен, металдан жасалған, әр дәуірге жататын түрлері сақталған.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
Орал қаласы
Әйгілі Мұхтар Әуезовтің өзі: «Әңгімесі көп заманнан бері ел аузында сақталып, жыр болып айтылып келген және қазақтың романтикалық ғашықтық жырлары ішіндегі бір көркемі, көлемдісі» деп сипаттаған «Қыз Жібек» жырының қазіргі нұсқасында өрескел қателік орын алып, бір әулеттің сүйегіне таңба болып жүргенін білеміз бе?
Қайыржан ХАСАНОВ,
өлкетанушы, Орал қаласы
Өз ауылының намысын боз кілемде қорғап, белдесіп жүрген палуандар әр жерде де болған ғой. Олардың өздері өмірден өтсе де, есімі, күрескендегі айла-тәсілдері, қара күші күні бүгінге дейін әңгіме болып, ауыздан ауызға тарап келеді. Соңғы жылдары ұлттық күрес өнері насихатталып, «Қазақстан барысы» атты сайыс өткізіле бастағаны мәлім. Ал бір кездегі барша қазақ даласында қарсылас шыдатпаған түйе палуандар Қаратөбеден де шығыпты...
Қазақ даласы қай уақытта да орасан зор қара күш иесінен, батырлар мен палуандардан кенде болмаған. Есімі елімізге мәшһүр атақты Балуан шолақ, өнерімен әлем жұртын таң қалдырған Қажымұқан Мұңайтпасов немесе журналымыз-дың осы санында жария болып отырған Еңсеп Досқалиев сынды жойқын күш пен әдіс иесі ерлерді бұрынғы батыр бабалардың сарқыты десек болады. Ал олардың ішінде бір жағы кешегі салқын саясаттың салдары, бір жағы уақыттың өтуімен ұрпақ жадынан ұмытылып бара жатқан-дары қаншама? Құдай дарытқан ерекше қажыр-қайратымен ағайын-тума, халқының қорғаны болып, жұртының жоғын жоқтаған сондай ерлердің бірі – Жетпіс палуан.
Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлда-рын жинап алып:
– Мен қартайдым. Сендер ержеттіңдер. Қара-шаңыраққа біреуіңді қалдырамын. Кімнің ақылы бай-лығына сай болса, сол мұрагерім болады. Жиған бай-лықтарыңды көрсетіңдер, - деді. Балалары әкесіне байлықтарын әкеліп мақтанды.
Ақ сүтін баладан
Аямас – балажан.
Ардақтап сүйеміз
Аман бол, анажан.
Бүгін шын мәнінде «Алақай!» деп бөркімізді аспанға атып қуанатын күн болды, «DANA.kaz» журналының кіш-кентай оқырмандары! Өйткені Алматыдағы «Орхон» бас-па үйінен «Әлдиден эпосқа дейін» атты тамаша кітап жа-рық көрді! «Отбасы хрестоматиясы» айдарымен шыққан аталмыш жинақта халқымыздың ұлттық бала тәрбиесінде қолданылған тәлім-тәрбиелік дүниелері – бесік жырынан бастап тақпақ, санамақ, жаңылтпаш, бата беру, Қисса сүл-әнбия хикаялары, батырлар жырына дейін жүйеленіп берілген. Қысқасы, «Әлдиден эпосқа дейін» жинағы әр отбасының төрінен орын алуы тиіс еңбек дер едік.
Шерхан ТАЛАП,
Алматы қаласы
Жұбан Молдағалиев – өршіл де асқақ Махамбет рухымен үндестік тапқан, ұлтымыздың ұятына, күллі алаш жұртының ар-намысына айналған азамат ақын. Сұрапыл соғыстың қан майданында жүріп жазған алғашқы өлеңдерінен бастап, өмірінің соңғы тұсындағы жазған жырларына дейін ақын жүрегі елінің, жерінің тынысымен бірге соқты.
Қуаныш АМАНДЫҚОВ
1971 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы Қоскөл ауылында туған. Дәулеткерей атындағы Орал мәдениет институтын режиссура мамандығы бойынша бітірді. Қазір Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының белді артисі.
Дәулеткерей ҚҰСАЙЫНОВ,
журналист
Журналдың бұл айдарында бүгінде қолданыста жүрген, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын, бірақ шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде баспасөз қызметінің бас маманы Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.
ХХ ғасырдың басындағы Алашорда тарихына қатысты ақтаңдақ әлі көп. Соның бірі Алашорданың батыс қанаты – Ойыл уәләятына қатысты. Жаһанша мен Халел Досмұхамедұл-дары басқарған Батыс Алашорда аз уақыт тұрса да, өз әскерін, милициясын, банкін, газетін, тағы басқа маңызды мемлекеттік құрылымдарын құрып үлгерген екен.
Ермекжан ханым Шыңғали сұлтан қызы
Мына құлпытас – Батыс Қазақстан облысы Бөкей орда-сы ауданы Хан ордасы ауылындағы Жәңгір хан кесенесінің сол жағында, кесенеге ең жақын тұрған құлпытас. Қазақ тарихын-дағы бірнеше айтулы тұлғаға туыстығы бар. Біріншіден – Жәңгір ханның келіні, Сейіткерей Жәңгірхан ұлының әйелі. Екіншіден – атақты Шәңгерей ақынның анасы. Үшіншіден – Мәншүк Мәметованың нағашы апасы.
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қалдығайты ауылдық округі аумағындағы көне бейіт. Ел аузында «Құнан» немесе «Үш мола» атанған. Кезінде бірнеше биік шошақ мола болғаны байқалады. Қорымда құлап жатқан, жартылай көміліп қалған құлпытастар көп. Бұл қос құлпытас жартылай құлап, жойылуға жақындаған кесененің батыс жағында орналасқан.
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылына жақын, жолдың сол жақ бетінде жергілікті жұрт «Мыңбай ата» деп атайтын үлкен қорым бар. Білетін адамдар сол тұста көлігін сәл кідіртіп, білгенін оқып, бет сипап өтеді.
Кіші жүздің Жетіру тобына кіретін кердері руының тектік қауымы. Көне құлпытастардың көпшілігі ХІХ ға-сырдың алғашқы жартысында қойылған.
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы
Базартөбе ауылдық округіне қарасты Құбаша қауымында жатқан дөңгелек құлпытас.
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463