Мұрагер

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлда-рын жинап алып:
– Мен қартайдым. Сендер ержеттіңдер. Қара-шаңыраққа біреуіңді қалдырамын. Кімнің ақылы бай-лығына сай болса, сол мұрагерім болады. Жиған бай-лықтарыңды көрсетіңдер, - деді. Балалары әкесіне байлықтарын әкеліп мақтанды.

Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігін көрсетіп:
– Міне, менің байлығым. Жарты патшалыққа татиды. Кім бай болса, сол ақылды, - деді.
Екінші ұлы сәнді киімдерін киіп, әдеміленіп келді де:
– Мені көрген жұрт киімімнің алдында бас иеді. Мұндай киімді патша кимеген. Бәсі – бір патшалық, - деді.
Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынып:
– Мұндай белдікті ешкім, ешқашан буынып көр-
ген емес. Құны екі патшалыққа жүк, - деді.
Әкесі үлкен ұлдарына қарап, басын шайқады да, кенже ұлына:
– Әй, сен неге үндемейсің? Мақтанарлық байлығың қане? - деді. Кенжесі:
– Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі қолым бар. Қайрат-жігерге толы жүрегім бар. Бар байлығым осы, - деді.
Шал кенже ұлына риза болды.
– Жұмыс істей білген адам жұтамайды, - деп бата-сын беріп, мұрагер етті.
Кейін жұт болып, байдың бар малы қырылып, балалары қолдарына таяқ ұстап қалыпты. Сол кезде өнер жиған кіші баласы ғана бақуатты өмір сүріп, ел-жұртына көп пайдасын тигізіпті.

(«Әлдиден эпосқа дейін»
кітабынан алынды)

Қаралым саны 1084

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463