– Арыстанбек, шетелге барып білім алуыңа түрткі болған қандай жағдай еді?
– Лицейде оқыған кезімде оқушы-лар арасындағы республикалық пәндік олимпиадада ағылшын тілінен алған күміс жүлдем және оқудағы басқа да жетістіктерім себеп болды. Варшава университетінен біздің қазақ-түрік лицейінің түлектеріне арнап екі грант бөлінген еді. Осыған орай лицейдегі ұстаздарым маған ұсыныс жасады. Мен оқып жатқан университеттің мақсаты – өзіне шетелден келіп оқитын студенттерді көбірек тарту. Қазіргі таңда онда 35 мемлекеттің өкілі білім алуда. Осы себепті Варшава универси-тетіндегі білім беру деңгейі жоғары қарқынмен дамып келеді. Мен білім алатын оқу орны Польша университет-тері арасында білім сапасы жағынан
6-орында.
– Университеттегі оқу үлгерімің қалай? Сабақ қай тілде жүреді?
– Сабақ үлгерімім толықтай “бес”. Оқу бағдарламамыз ағылшын тілінде. Ал сол елдің өз азаматтары үшін поляк тілінде жүреді. Қаласа, шет мемлекет-терден барған азаматтар да поляк ті-лінде оқуына болады.
– Шетелдегі оқуыңды тәмамда-ғаннан соң өз елімізге келіп еңбек етуге міндеттейтін қандай да бір келісімшарт жасалды ма?
– Жоқ. Әйткенмен, оқу бітіргесін ту-ған елге келіп еңбек ету – басты мақса-тым.
– Сенің мамандығың бойынша өзің білім алатын оқу орны мен қазақстан-дық университеттегі оқу бағдарлама-сында қандай айырмашылық бар?
– Менің мамандығым бойынша Астанадағы Назарбаев университетін-де оқитын сыныптасым бар. Екеуміз жыл бойына ғаламтор арқылы хабар-ласып тұрдық. Сонда байқағаным, оқы-ту жүйесіндегі қамтылатын тақырып-тарда айырмашылық жоқ деп айтуға болады. Польша Еуроодаққа мүше болғандықтан, Варшава университеті-не әр түрлі елдің профессорлары, тіпті президенттер мен үкімет басшылары келіп дәріс береді.
Польшада бакалавр дәрежесіндегі білім беру жүйесі біздегідей емес, 3 жыл-ға негізделген.
– Сенің ойыңша, шетелде білім ал-ғанның артықшылығы қандай?
Біріншіден, әлемдегі әр түрлі ұлт-тың, мемлекеттің өкілдерімен танысып, олардың менталитетін білесің.
Екіншіден, жат жерде болған адам-ның өз еліне деген патриоттық рухы оянады.
Үшіншіден, өз мамандығыма қа-тысты айтар болсам, Варшава универ-ситетіндегі экономика және халықара-лық қатынастар факультетінің білім бе-ру сапасы жоғары. Бүгінде Польшаның билік басында отырған көптеген аза-маттары – осы Варшава университетінің түлектері. Ал соңғы жылдарда Еуропа-ның көптеген мемлекеттері қаржы дағ-дарысына ұшырағанда Польша эконо-микасы өсу үстінде болды. Бұл айтып отырған сөзіміздің дәлелі болса керек.
Мен білім алатын оқу орнында бір немесе екі семестрді Еуропаның өзге де мемлекеттерінде оқып келуге мүм-кіндік бар. Ол менің университетім мен Еуропа елдерінің оқу орындары ара-сында жасалған келісімшарт бойынша жүзеге асады. Алдағы екінші курстың екінші семестрін Испанияның Барселона қаласында оқуды жоспарлап қойдым. Ол үшін оқу жылының соңында арнайы сынақтан өттім.
– Өзің көрген польшалықтар тура-лы қандай ой түйдің?
– Ондағы адамдардың әрқайсы-сында өз жұмысына деген мұқиятты-лық жоғары. Олардан көреалмаушы-лық қасиетті байқамадым. Польша мемлекеті зайырлы болғанмен, аза-маттарының дінге беріктігі аңғарыла-ды. Мысалы, өзімнің курстастарым сабаққа сәл ертерек шығып, шіркеуге барып, бес минуттай құлшылық жасап, сыйынып шығады. Сонымен қатар ұлт-тық саналары берік сақталған.
Польшалықтар Қазақстаннан кел-ген студенттерді жылы шыраймен қар-сылайды. Жалпы, поляк халқы мен қа-зақ халқының тағдыры өте ұқсас. Зама-нында қазақ елі де, поляк елі де Ресей-дің ықпалында болды. Поляк халқы, солардың қатарында атақты музыка зерттеушісі Затаевичтай зиялылары қазақ еліне жер аударылған. Мұстафа Шоқай қазақ жерінен кетуге мәжбүр болғанда Германияға Варшава арқылы өтеді. Ол кезде поляктың әскери бас-шысы Пилс Удскии Мұстафа
Шоқайдың «Яш Түркістан»
газетін тікелей қаржыландырып тұрған екен. Мұстафа Шоқайдың күнделікте-рінен, естеліктерінен поляк халқын мақтап, оларға ерекше ізет көрсеткен-дігін байқаймыз.
– Кітап оқуға әуестігің бар ма?
– Иә, оқудағы алғашқы семестрде алаңсыз сабақпен айналыстым. Сөйтіп, оқу үлгерімім ойдағыдай болғандық-тан, екінші семестрде Варшавадағы қа-зақ жігіттерінен кітап алып, оқи баста-дым. Үй-ішіне хабарласып, пошта ар-қылы тағы бірнеше қазақша әдеби кі-таптар алдырдым. Олардың ішінде Бауыржан Момышұлының шығармала-ры ерекше ұнайды. I Pad планшетымда кейбір қазақша кітаптардың электрон-дық нұсқалары жүктеулі.
– Жалпы, шет жерде білім алып жатқан қазақ жастары өзара байла-ныс жасап тұрасыңдар ма?
– Әрине. Варшавада оқитын қазақ жастары жиі бас қосып, әр түрлі мәсе-лелерге қатысты пікір бөлісіп тұрамыз. Оның сыртында биыл өз бастамамыз-бен Еуропа қалаларында оқып жатқан қазақ студенттерінің арасында Польша-да тұңғыш рет футболдан чемпионат ұйымдастырдық. Онда Австрия, Германия, Венгрия, Чехия және Польша-да оқып жатқан барлығы 200-дей қазақ жастары бас қосты. Осыған орай Польша-дағы Қазақстан елшілігінің араласуы-мен арнайы ғимарат беріліп, қазақ жас-тарының арасында әр түрлі бағыттағы кездесу шаралары ұйымдастырылды.
– Әңгімеңе рақмет! Біліміңді ой-дағыдай жетілдіріп, елің үшін қызмет етер азамат бол!
Әңгімелескен
Нұртас САФУЛЛИН