«DANA.kaz» тарихи-танымдық журналы алғашқы санынан бастап «Құлпытас сырын ашайық» деген арнайы айдар шығарып келеді. Бұған оқырмандарымыз тарапынан да зор қызығушылық туғанын байқаймыз. Бүгінге дейін жарияланған құлпытас мәтіндерінің ішінде тарихи тұлғалар да бар. Дегенмен бұл бастаманы жүйеге түсіріп, аясын кеңейту үшін әлі біраз шаруа қажет болатын. Жақында Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі Батыс Қазақстан облысының Үйлестіру кеңесінде осы мәселе арнайы талқыланды. «Қазақстанның батыс аймағында жатқан құлпытастардың суреттері мен жазуларын тарихшылардың ғылыми зерттеуіне мүмкіндік жасау және оларды сайт арқылы жариялау туралы» жоба бойынша төмендегідей ұсыныстар айтылды:
1. Барлық аудан әкімдеріне тапсырма беріліп, әр аудан аумағындағы көне жерлеу орындары анықтау;
Ел ішіндегі көнекөз қариялардан сол маңдағы тарихи орындар, тарихи тұлғалар жерленген жерлер туралы ақпарат-мәлімет жинақтау;
2. Анықталған көне қорым орындарына құрамында арабша мәтінді оқи алатын, сапалы бейне және фототүсірілім жасайтын және ол жердің сызба-картасын жасайтын мамандар кірген арнайы топтың іссапарын ұйымдастыру;
Іссапардың қаржылық мәселесін шешу, мамандардың еңбегін есептеп, қаржы жобалық-сметасын жасау;
3. Жинақталған, зерттелген мәліметтерді кітап, жинақ түрінде басып шығару.
Бұған қоса Батыс Қазақстан өңіріне қатысты өлкетану де-ректерін, ғалымдар мен өлкетанушылардың мақалаларын, та-рихи орындар мен тұлғалар туралы мәліметтерді бір жерге жи-нақтайтын ортақ сайттың қажеттігі бүгінде анық байқалып тұрған еді. «DANA.kaz» тарихи-танымдық журналының редакциясы бү-гінгі таңда әзір тұрған www.danakaz.kz сайтын осы ортақ жұмыс-қа пайдалануға тегін ұсынып отыр. Өйткені Қазақстанның батыс өңірінің өлкетану саласына қатысты деректер бір орталыққа жи-налса, бұл жалпы көпшілік – қарапайым тұтынушыға да, маман-дарға да көп жеңіл болар еді.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
журналдың бас редакторы