Жан азығы

Мемлекеттік биліктің түрлі деңгей-де отырған басшылары рухани бай, парасатты болса, сол аймақтағы халық-тың да бағының жанғаны. Өмірде мате-риалдық игіліктердің де мән-мазмұнын терең түсіну үшін әр адамның рухани бай болуы – басты шарт. Ол үшін әр отбасы және мемлекет бір ұстанымда жұмыстануы қажет.
Егер мемлекет қаржысын бөліп-тарату құзыры қолында тұрған адам рухани бай, терең білімді болса, ол оны халқының жан азығы үшін қажет бағыттарға бөліп, ұрпақты дұрыстыққа тәрбиелейді.

Ал егер олай болмаса, ол адам еліне опасыздық жасап, ұрпағының тамырына балта шапқанын өзі де сезбей қалады.

Сондықтан жастарымызға терең білім беріп, қазірден-ақ ұлттық болмысқа сай тәрбиелейік. Біз еліміздің кірпішін аса сапалы етіп қаласақ, ол мәңгілік болары анық қой.

Ақбай БАРЖЫҰЛЫ

Қаралым саны 916

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463