«Махамбеттер тірі екен!..»

Жақында Астана мен Орал қалаларында «Махамбет-тер тірі екен!..» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді. Біз 1991 жылы Орал қаласында болған қыркүйек оқиғасы жөніндегі фильмнің авторы, сол күндердің куәгері болған белгілі ақын, журналист Мұнайдар Балмолданы әңгімеге тарқан едік.

– Мұнайдар аға, «Махамбет-тер тірі екен!..» атты деректі фильмі-ңіздің тұсаукесерін алдымен Астана-да жасауыңыздың мәнісі неде?
– Фильмді Астанада алғаш көр-сетудегі негізгі мақсатым – еліміздің жүрегі болып саналатын Астана жұрт-шылығына, ондағы зиялы қауымға азаттық жолындағы күрес жайлы жеткізу. Өйткені қыркүйек оқиғасы-нан Орал халқы азды-көпті хабардар ғой. Ал Арқадағы үш жүздің баласы жиылған жердің халқы бұдан мүлдем бейхабар. Сол себепті ондағы басты-басты деген БАҚ өкілдерін де шақыр-тып, Ұлттық академиялық кітапхана-да тұсаукесерін жасадық. Ол мейлін-ше сәтті өтті. «Хабар» және «Қазақстан» телеарнасынан, ғалам-тор жүйесі мен баспасөз беттерінен бірден жарық көрді.

– Бүгінгі таңда фильмнің наси-хаты қалай жүріп жатыр? Алдыңғы толқын ағалар мен белгілі тарихшы-ғалымдардың жаңа фильмге қатысты ой-пікірі қандай болды?
– «Махамбеттер тірі екен!..» фильмі ғаламтор жүйесі арқылы біраз көрерменін тапты, тауып та жатыр. Ал Орал қаласында облыстық музей-де және бірқатар жоғары оқу орында-рында көрсетілді (БҚМУ, Гуманитар-лық академия) Алдағы күндері аудан-дарда да көрсету ойымда бар. Фильмді мектептерде де көрсетіп жатсақ, өскелең ұрпақ ұтпаса, ұтыл-майды деп білемін. Себебі аталған оқиға туралы осыған шейін 8-сынып-тың тарихында болған еді. Кейін ол оқулықтан алынып тасталды. Түсінік-сіз. Міне, осы сияқты өткенге топырақ шашқандай қылықтар мені осы тақы-рыпқа тас-түйін дайындады. Деректі фильм тек қана ерік-жігеріміздің, қа-зақтың тарихы ұмыт қалмасын деген сезімнің күшімен дайындалды. Ақын-жазушылардың, жалпы өнер адамда-ры мен қоғамның бүкіл мүшесінің ел-жұрт үшін істеген еңбегі еленгені аб-зал. Бұл арада мен марапат, атақ мә-селесін тіпті ауызға алып отырғаным жоқ. Айтпағым, мұндай еңбек сарға-йып кетпеуі керек. Ұлтқа, рухқа қыз-мет көрсетуі қажет. Керегі сол. Жал-пы, фильм жайлы қазақ және орыс тіліндегі газеттер жарыса жазып, на-сихаттауға өз үлесін қосуда. Бәріне рақмет.
Жазушы Әкім Тарази сынды адамдар елдің батыс аумағында бол-ған мұндай оқиғаны бейнетаспаға түсіріп, жұртшылыққа ұсынғанымыз-ды өте дұрыс мәселе, бізге ақиқат қа-шанда керек деп баға беріп, пікірін білдірді. Шынтуайтында, 1991 жыл-дың қыркүйек айының бел ортасын-да Оралда болған оқиға 1986 жылғы Алматыдағы «желтоқсанның» заңды жалғасы еді...

– Аталмыш фильмге арқау болған тарихтағы Орал қыркүйек оқиғасының нақты жетістігін қыс-қаша қалай түйіндеген болар едіңіз?
– Бұл, негізі, біраз әңгіме. Сырт көз БҚО-ның мұнайлы даласына май-шелпек деп қарауын доғарды. Қыркүйек көтерілісі жаукөздерді ойлантты, сескентті. Бұл жерде Сырым, Исатай, Махамбет батырлар-дың қанынан тараған қайсар қазақ-тың тұрып жатқанын, жерге ие болып қалғанын ұқты, айылдарын жиды. Бұл анық. Әрі орыс-казакпен тамыры-мызды беркітті. Бұл да анық. Мінез көрсетпесең, билейді, мінезіңді білді-ріп қойсаң, көршің сені сыйлайды. Ежелгі қағида. Бұл оқиғаның айтусыз сабағы сол. Және елдің батыс қақпа-сын бермедік, өзге облыстарымызға төнер қауіп-қатердің алдын алдық. Елбасына мықтап қолдау көрсеттік. Егер қыркүйекте біз бас бұғып қалған болсақ, бүгінгі тәуелсіздігімізге көрші өңірден көз сүзіп, қызығып қана оты-рар ма едік, кім білген. Тәңір жарыл-қады, тектілік таныттық, тәуелсіздікке елді жетеледік, тура тоқсан күннен кейін Қазақстан әлемге өзінің азат ел екенін жариялады! Қыркүйек оқиға-сы елге рух берді. Бұл тарихты ұмыт-сақ, тарихтың киесі атады...

– Әңгімеңізге рақмет, Мұнайдар аға! «Махамбеттер тірі екен!..» фильмін қайдан көруге болады?
– Ол оңай. Ғаламтор желісіндегі www.baq.kz сайтына кіріп, мына сіл-темені ашсаңыз болды. http://baq.kz/kk/news/32859

Қаралым саны 1118

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463