Отбасында ағам да, екі інім де ма-тематикаға жақынбыз. Өз басым сегі-зінші сыныпқа дейін әдебиет пәнін сү-йіп оқыдым. Мектептегі шараларда ән айтып, көркемсөз оқып, әдеби кештер-ді жүргіздім. Ұстаздарым: «Сенен жақ-сы журналист шығады» дейтін. Сегізін-ші сыныпта химия пәні қосылды. Содан кейін осы сабаққа ынтам оянып, жетістіктерге жеттім. Химияны таңдаға-ныма еш өкінбеймін.
– ҰБТ-да ЖОО грантын жеңіп ал-ған түлек оқу орнын өзі таңдайды ғой. Сіз не себепті БҚМУ-ды таңдадыңыз?
– Мектепті бітіргесін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға түскім келді. Соның ішінде «ғылыми химия» мамандығын таңдағым келген. Қабылдау комиссия-сына келгенімде, бұл пікірімді қазіргі ұстазым профессор, Дина Меңдәлиева өзгертті. Ол кісі: «Балам, сен Алматы-ның ҚазҰУ-ында көптің бірі болып жү-ресің. Ол жақта мыңдаған білімді сту-дент бар, оның ішінен көріне алмай-сың. Сен біздің университетте қал. Бұл жақтан да жақсы маман болып шыға-сың. Қайталанбайтын, ерекше студент боласың» деп бойыма сенімділік ұяла-тып, осы университетте қалуыма се-бепші болды.
ҰБТ-дан орыс тілін қоспағанда 89 балл жинадым. Қазақстандағы кезкел-ген университетке түсуге мүмкіндігім болды. Бірақ осы университетті таңда-ғаныма өкінбеймін. Бізде де мықты профессорлар мен аға оқытушылар бар. Солардың бірі әрі бірегейі – химия ғылымдарының докторы Дина Кенжебекқызы. Дина Кенжебекқызын Қазақстан түгілі, алыс-жақын шетелдің бәрі біледі. Басқа қалаларға жарысқа барғанда, көптеген студент «Бұл кісі сіздердің оқытушыларыңыз ба?» - деп таңғалып жатады. Осының өзінен-ақ Дина апайдың беделін көруге болды.
– БҚМУ-да төртінші жыл білім алып жатыр екенсіз. Осы кезге дейін қандай жетістіктерге жеттіңіз?
– ІІ курста оқып жүргенде «Акаде-миялық ұтқырлық» бағдарламасы бо-йынша Ресей Федерациясы Қалмақ Республикасының астанасы Элиста қа-ласындағы Қалмақ мемлекеттік уни-верситетінде бір семестр оқып келдік. Одан бөлек, екі жыл қатарынан мате-матика пәні бойынша республикалық олимпиаданың ұйымдастырылуына қатыстым.
ІІ курстың соңында Ақтөбе қала-сында жаратылыстану-химия факуль-теті студенттері арасында өткен пәндік олимпиададан жүлделі ІІІ орын алып келдім. Бұл олимпиада ІІ турдан: тео-рия мен эксперименттен тұрады екен. Бірінші турда 11-ші нәтиже көрсеттім. Орын алуымның өзі қиын болатын. Екінші турда барымды салдым. Соның арқасында үшінші орынға көтерілдім. Қорытындыда «Ең үздік эксперимент-ші» деп марапатталдым.
ІІІ курста Қостанай қаласында химия саласы бойынша өткен пәндік олимпиадаға қатысып, ІІ орын алдым. Негізі алда едім, соңғы есептен болма-шы қате жіберіп алдым. Өлшембірлік ретінде грамның орнына милиграмм деп жазып, бақандай 20 балдан айы-рылдым. Бұл маған үлкен сабақ болды.
Қостанайда екінші орын алғанда, ішімде үлкен қыжыл кетті. Осы оқу жылында олимпиададан гран-при аламын деген үміттемін. Соған жету үшін аянбай тер төгіп жатырмын. Гран-при ұтқан командаға келесі жылы бо-латын олимпиаданың ұйымдасты-рылуы бұйырады. Университетіме сол мүмкіндікті сыйлағым келеді.
– Қалмақ мемлекеттік универси-теті жөнінде айтып берсеңіз. Ол жақ-тағы білімнің ерекшелігі неде?
– «Академиялық ұтқырлық» бағ-дарламасы бойынша Элиста қаласында орналасқан беделді университетте бір семестр оқып келдік. Ол жақта бізбен бірге Африканың, Қытайдың, Моңғолияның, Өзбекстанның студент-тері де білім алып, тәжірибе жинақта-ды. Университетте білім берудің «сы-зықтық жүйесі» қолданылады екен. Әр сабақ 90 минуттан тұрады. Біздегідей «кредиттік жүйеде» оқытпайды. Біздің факультетте химияны екіге бөліп «са-палы», «сандық» деп оқытады. Ол жақта «жалпы аналитикалық химия» деп бірге оқытады. «Сызықтық білім беру жүйесінің» пайдалы жағы көп. Кредиттік жүйеде тақырыптан тақы-рыпқа көше беретін болса, ол жақтағы жүйеде студент тақырыпты игермей келесісін оқытпайды. Оқытушылар студенттің білімін қадағалап отырады. Химия саласы болғасын, сабақ айтқан кезде де, есептердің шығарылу жолын түсіндірген кезде де ғылыми стильде сөйлеу керек. Мұғалімдері сол жағын қатты қадағалайды екен. Жалпы ол жақтан біраз тәжірибе жинап келдім.
– Қалмақ халқының қонақжай-лығы қандай екен?
– Шыны керек, алғаш барған кезде қиындау болды. «Қазақтар – біздің жауымыз», «қазақ – қас дұшпанымыз» деген сөзді есту, әрине, оңай тиген жоқ. Бір күні: «Ақыры ол соғыста жең-ген жоқсыңдар, не үшін айта бересің-дер?!. Мен сендерге жауласу үшін емес, білім алу мақсатында келдім. Қазіргі заман білектің емес, білімнің заманы» деп мән-жайды түсіндірдім. Содан кейін ондай әңгіме қозғалған жоқ. Қалмақстан – Ресей Федерация-сының құрамына кіретін республика, Оңтүстік федералды округінің құра-мына кіретін субъект болып табылады. Халқының саны үш жүз мыңға да жет-пейді. Қалмақстан – Еуропада будда дінін ұстанатын жалғыз аймақ болып саналады. Халқы өте қонақжай. Елге оралар кезде Қалмақстандағы қазақ-тар бас қосты. Біз оларға арнап үлкен концерт қойдық. «Жерлестер» атты қауымдастық бар екен. Сол қауымдас-тықтың адамдарымен, жалпы сол жақ-тағы қазақтармен жақсы тіл табысып кеттік.
– Тіл білгеннің пайдасы көп екенін заманның өзі әлдеқашан дәлелдеп тастады. Ағылшын тілін қалай үйрен-діңіз? Болашақта қай тілдерді меңгер-гіңіз келеді.
– Ана тілімізбен қатар орыс тілінде еркін сөйлеймін. Көп кітапты орыс ті-лінде оқимын. Ағылшын тілін бірінші ұстаздарымнан, кейін өз бетіммен үй-рендім. Ағылшынша өте жақсы білемін деп айта алмаймын. Бірақ шетелдік студенттермен еркін сөйлесе аламын. Тіл білгеннің пайдасы мол.
Жақында университетте химия ма-мандығының білімін тексеру мақса-тында «AQUIN» бағдарламасы бойын-ша Роберт Шторубер мен Николаус Корбер есімді неміс профессорлары келді. Олар біздің немісшеміздің дең-гейін тескерді. Оқытушыларымызды шығарып жіберіп, немісше сұрақтар қойды. Нәтижесінде біз жақсы баға ал-дық. Болашақта осы неміс тілін меңгер-гім келеді. Себебі химияда көптеген ғылыми еңбек неміс тілінде жазылған. Соларды түпнұсқадан оқығым келеді. Немістерден химия ғалымдары көп шыққан ғой. Германияны сол себепті «Химия державасы» деп атайды.
– Болашақта алға қойған мақсаты-ңыз қандай?
– Болашақ өмірімді ғылымға ар-наймын деп ойлаймын. Химия сала-сының дамуына үлес қосқым келеді. Тек республикалық олимпиадаларда ғана емес, халықаралық олимпиада-ларда топ жарғым келеді. Менің алға қойған ең үлкен мақсатым – Нобель сыйлығына қол жеткізу!
Адам алдына мақсат қойса, жете алады. Тек өзін сол жолға түбегейлі арнауы керек. Әр нәрсені бастарда батылдық керек. Химиядағыдай, адамдар да үш түрлі қалыпта – қатты, газ, сұйық өмір сүреді. Тіршіліктің өзі тепе-теңдікке негізделген. Өзі үшін өмір сүретін, ештеңеге қызықпайтын өзімшілдер – «қатты» адамдар. Енді бір топ әр нерсені білгісі келеді, үйренгісі келеді. Ондай адамдар «газ» сияқты. Ал енді бір топ бейтараптану реакциясы сияқты ғұмыр кешеді. Оларға бәрібір. Жас химиктерге айта-рым – қатты мен сұйықтың ортасында жүріңіздер, яғни «газ» сияқты болы-ңыздар! Білсем, үйренсем деген ниет-теріңізді жоғалтып алмаңыздар. Сонда ғана толағай табыстарға қол жеткізе-сіздер.
– Әңгімеңізге рақмет. Барлық мақ-саттарыңызға жетуіңізге тілектеспіз.
Сұхбаттасқан: Жанайдар БОЛАТБЕК,
Орал қаласы