Бәрінің басы – «Ұран» газеті

Қазақ баспасөзі тарихын зерттеуде ақтаңдақтар әлі де бар. «Орал өңірі» газетінің 95 жылдық тарихына орай басылымның бастауында тұрған тұлғалар мен оқиғалар-ды зерттей жүріп, тағы бір тың тақырыпқа тап болдық.

Туған күннің тарихы
Бүгінде «Орал өңірі» газетінің алғашқы саны Орда қаласынан 1918 жылдың 17 қарашасынан «Известия»-«Хабар» деген атаумен шықты деп жүрміз. Мәскеу мемлекеттік мұраға-тының сирек қорынан алып келген сол газет тігінділерін оқып отырып, мынадай хабарға көзіміз түсті:
«Протокол №112. Баспасөз тара-ту ісінің ілгерілеп, жемісті һәм пайда-лы болуы үшін облыстық кіндік коми-тет қаулы жасады: Астраханнан кел-ген жаңа баспахана мен Хан орда-сындағы «Ұран» баспаханасын бірге қосып, қызмет еттіруге һәм ол баспа-хананы басқару ісін жолдас Выгдорщикке тапсыруға.
Областной кіндік комитет».

«Известия»-«Хабар»-дың алғаш-қы санында, бірінші бетте басылған бұл құжат жаңа басылымның Хан ордасында бұрыннан қызмет еткен «Ұран» газетінің негізінде ашылғанын мәлімдеп тұр ғой.
Жалпы, осы кезге дейін «Орал өңірі» газетінің «туған күні» бірнеше мәрте өзгерген. «1920 жылы Орал қаласында «Қызыл ту» деген атаумен шыға бастағандығы» туралы мәлімет 1950 жылдарға дейін ресми хабарла-нып келді. Бұл датаның әріге жылжуы басылымды Бисен Жұмағалиев аға-мыздың басқаруымен (1952-1955, «Екпінді құрылыс») тұспа-тұс келеді.

«Біздің облыстық газеттер 1920 жылдан шығып келеді деп жазылып жүрген. Бірде оңтүстіктегі шипа ме-кендердің бірінде демалып қайтқан қарт журналист Ғұбаш Жөндібаев Мәскеудегі бос уақытын пайдаланып, революция музейіне барып, Бөкей губерниясында екі тілде 1918 жыл-дың 17 қарашасынан шыға бастаған газеттерді тауып алады да, екеуінің фотокөшірмесін әкелмесі бар ма?! Бұл оқиға бізді бір сілкіндіріп тас-тады» – деп еске алады қарт журна-лист.
Осы деректің негізінде газеттің жаңа «туған күні» бекітіліп, облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» газеттері елу жылдық алтын тойына байланыс-ты «Құрмет белгісі» орденімен наградталған.
Осы жерде бір ой келеді: «Известия»-«Хабар» газетінің алғаш-қы сандарын тауып, әкелген азамат-тар оның бірінші бетіндегі «хаттама-ны» – «Ұран» газеті туралы деректі де көргені анық. Неге ендеше басылым тарихын бұдан да әрі жылжытып, 1917 жылдан шыққан «Ұран» газеті-нен бастамады екен?

Алашорданың ұраны
«Ұран» газеті туралы деректерді іздестіре жүріп, КСРО-ның күркіреп тұрған 1950 жылдары «Ұран» газеті-нің неге «ұмыт қалғанын» түсіндік. Бар мәселе – «Ұранды» ұйымдастыр-ған азаматтардың 1917-1918 жылда-ры большевиктік идеяға емес, қазақ-тың қанына жақын Алаш қозғалысы-на бүйрек бұрғанында екен.
Әйгілі «қызыл сұңқар» Сәкен Сейфуллин өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» атты кітабында сол кезеңдегі қазақ баспасөзінің тартысы туралы мынадай құнды дерек келтіреді:
«...1917-18 жылдарда ...қазақ большевиктері саяси күресті «Алаш-пен» айқасып бастаған еді. ...Семей-де шыққан «Сарыарқа» мен «Абай» «Алаштың» ордасы болды.
…Торғайдың, Қостанайдың, Оралдың «алдыңғы қатардағы» оқығандары Орынбор қаласындағы «Қазақ» газетінің шылауында болды. Бұлар көп жерге – барлық Қазақстан-ға жөн-жобасын беріп тұрды. «Қазақ» газеті «Алаштың» ұйым ордасы болып тұрды.
Бөкей ордасының біраз оқыған-дары, ақын, молда Қарашұлы бас бо-лып, «Ұран» деген газет шығарып, «Алашорданы» ұран қылып тұрды. Тырбанып бұларға қарсы болған Жақыпұлы Серіктер ғана жүрді.
Қарашұлы Омар «Алаш» ұранын жыр қылып, кітапша жазып шығарды. Ұмытпасам, кітапшасының аты «Терме» еді. Кітапшасында Әлекеңді мақтайды... «Ту ұстаған топтың Әлекең жүр басында. Сұр кепкісі басында; Гимназистер, студенттер қасында...» – дейді. Қазақтың барлық газеттерін мақтайды. Жалғыз «Үш жүз» газетін боқтайды. «Тіршілік» туралы ептеп, жұмбақтап, ноқат қойып жазады».

Көріп отырғанымыздай, «Ұран-ның» ұмытылуы оны ұйымдастыру-шылардың саяси көзқарасына, ұстан-ған бағытына байланысты болды.

«Зерттеушіге қатерлі...»
«Ұран» газеті туралы кеңірек біл-гіміз келген үмітіміз әзірге көп нәти-же бермей тұр. Қазақ баспасөзінің қалыптасу тарихына арналған еңбек-терде «Ұран» туралы жалпы тізімде айтып кеткенімен, жеке тоқталмай-ды. Ғалымдар Сағымбай Қозыбаев, Айгүл Рамазанова, Қырықбай Аллаберген шығарған «Әлем баспа-сөзі тарихынан» атты оқу құралында (Алматы, «Санат», 1998) ХІХ ғасыр-дың екінші жартысы мен ХХ ғасыр-дың басындағы қазақ баспасөзінің тарихы туралы арнайы бөлім беріл-ген. Алайда 1917-1918 жылдары жа-рық көрген «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Жас азамат», «Алаш» газеттері мен «Абай» журналы толығырақ тоқтал-ған авторлар «Ұран» туралы ештеңе жазбаған.

«Қазақ мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы (ХХ ғ. 20-30 жж) атты зерттеу еңбегінде (Алматы, «Елтаным», 2011) ғалым Светлана Смағұлова да «Ұран» тура-лы мүлдем жазбайды.
«Ұран» газетіне қатысты дерек-тер жанама болса да, Ғұмар Қараш пен Ғабдолғазиз Мұсағалиевтің өмірі-не қатысты құжаттарда қамтылған. «Алаш» қозғалысы» атты (Алматы, 2008) жинақта берілген Ғ.Мұсағалиев-тің «1917 жылы Ордада «Ұран» ата-латын жартылай ресми газет шығар-ғанын» айтады. «XX ғасырдың басын-дағы ұлттық демократиялық ағымда-ғы қазақ зиялыларының бірі Ғабдулғазиз Мұсағалиевтің қызметі» атты мақаласында («ҚазҰУ хабаршы-сы», Заң сериясы, N2 (54). 2010) ғалым Т.Муттайрова былай деп жазады:
«1917 жылдың ақпан айында патша тақтан түсіп, Уақытша үкімет құрылғанда, Ғабдулғазиз Мұсағалиев шілде айынан бастап, Орал қаласын-да өзінің əріптестерімен қосыла оты-рып, «Ұран» деп аталатын жартылай ресми газетті шығарады. Ұлт істері комиссариатының қазақ бөлімшесі-нің Бөкей облысына көшуіне байла-нысты «Ұран» газеті Қазан револю-циясының мұраттарын насихаттайды».

Белгілі тарихшы Исатай Кенжәлиевтің «Ғұмар Қараш» кіта-бында (Исатай Нәсекенұлы, Орал қаласы, 2004) «Ұран» газетінің ма-ңында болған тұлғалар туралы мәлімет бар:

«Ғ.Қараш баспа жұмысына да араласады. Әуелі Ғ.Мұсағалиевпен Ордада шығып тұрған «Ұран» газеті-нің ісіне қатысады. 1918 жылы күзде РСФСР Ұлт істері халық комиссариаты (ҰІХК) Қазақ бөлімінің басшылығы-мен қазақша-орысша газет-журнал шығару ісі қолға алынады. Мұғалім-дер үшін «Мұғалім» журналын да-йындауға кіріседі. Әр жерден араб әріптерін, баспахана станогін т.б. жаб-дығын тауып әкелу, полиграфия маманын табуда Ғ.Қараш тәжірибе-сі пайдаланылды. ҰІХК-нің қазақ бөлімі үгіт-насихат жұмысын жүргі-зу үшін көрнекі қайраткерлердің еңбектерін қазақ тілінде шығаруға аудармашы-лар комиссиясын құ-рады. Оған С.Меңдешев, Ғ.Қараш, Х.Есенбаев, Т.Сафиев, Ғ.Мұсағалиев т.б. кіреді. Қазақта болмаған аудар-ма жұмысы басталады. Бұл кезде Ғұмар жұмысбасты халде болады. «Алашқа» деген өлеңі Семейдегі «Сарыарқа» газетінде 1918 жылғы 22 қаңтарда жарияланады. «Алаш азаматтарына» деген өлеңі Орда-дағы «Ұран» газетіне шығады. Бұны зерттеген Қазақ ССР Ғылым акаде-миясының ғылыми қызметкері Мұстафа Исмағұловтың ең болмаса бір тарихи мақала жазбағаны өкі-нішті. Әрине, кезең тарихы ауыр, зерттеушіге қатерлі де еді...»

Исатай Кенжәлиев ағамыздың «зерттеушіге қатерлі» деген диаг-нозы сол заманның көп шындығы дер кезінде не себепті айтылма-ғандығын дәл түсіндіреді. Әрине, ол үшін ешкімді сынап, кінәлаудың қажеті де жоқ. «Жайық Пресс» ЖШС Мәскеу мен Санкт Петербург мұрағаттарына сұрау салып, «Ұран» газетін іздестірді. Ақыры, Алматы қаласындағы Кітап музейінен осы газеттің бірнеше данасын тауып отырмыз. Бұл – сүйінші сұрауға лайық жаңалық! Замана дөңгелегі шыр айналған аласапыран кезеңде Алаш арыстары шығарған газетті оқып, аударып, ол жаңалықты да өздеріңізбен бөлісетін боламыз, құрметті оқырман.

Қаралым саны 2360

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463