Өтпелі кезеңнің өткелегінен, тәуелсіздіктің таңсәрісіндегі қиыншы-лықтардан қаржы-материалдық дағ-дарысқа түскен облыстық газеттерді нығайту үшін жасалған бұл шараның маңызы мынада болатын: қазақ және орыс тілдерінде шығатын қос облыс-тық газет редакциясы бұдан былай тек шығармашылық жұмыспен, яғни газет шығарумен айналысады. Редак-ция қызметкерлерінің жалақысы, іс-сапар шығындары, баспахана, т.б. барлық шығындарын «Жайық Пресс» өз мойнына алды. Бұрын газет редакторы негізгі міндеті – газет шы-ғарудан бөлек, әрі қосымша қаржы көздерін іздеуге, оны орнымен жұмсауға мәжбүр болатын.
«Жайық Пресс» облыстық ком-муналдық кәсіпорны құрылуымен бірге туған тағы бір жаңалық – Батыс Қазақстан облысында тұңғыш рет салалық басылымдардың шыға бас-тауы болатын. Аз уақыт ішінде «Жайық дәрігері», «Жайық ардагері», «Жайық арулары», «Әділет» және «Жайық жастары» атты бес газет қазақ-орыс тілдерінде жарық көре бастады. Бұл газеттердің құрылуына тәжірибесі мол ардагер аға буын журналистер көп тартылды. Мысалы, «Жайық ардагері» газетіне Амантай Боранқұл, Энгельс Шынғали, Серік Ихсанғали басшылық етсе, «Жайық дәрігерін» Мәжит Қайырғалиев бастап, кейін Тәрбие Смағұловаға тапсырды. Заң саласы қызметкерле-ріне арналған «Әділет» газетіне әуелі Владислав Ярлов, кейін Мәжит Қайырғалиев ағамыз жетекшілік етті. «Жайық арулары» газетіне белгілі ақын Ұлдай Сариева редактор болса, «Жайық жастарын» әуелі Тоқтар Кенжеғалиев, кейін Мира Шүйіншәлиева басқарды. Аталмыш бес газетті біріктірген «Жайық» ре-дакциясының бас редакторы қызме-тінде Гүлбадан Салқұлова, Ғайса Ғали Сейтақ сынды танымал журналистер жемісті еңбек етті.
Сонымен қатар осы кезеңде ау-дандық газеттер «Жайық Преске» қо-сылып, оларға автокөліктер беріліп, басқалай да көмек көрсетілді.
2006 жылдың наурыз айында «Жайық Пресс» облыстық коммунал-дық кәсіпорны «Жайық Пресс» ЖШС болып қайта құрылды. Серіктестік құ-рылтайшысы – Батыс Қазақстан облы-сының әкімдігі болды. Бұл іске Николай Жоров бастаған астаналық мамандар тартылды. «Жайық» редакциясы, со-нымен қоса салалық бес газет тара-тылып, облыстық қос газеттің пози-циясын нығайтуға күш салынды.
«Жайық Пресс» ЖШС-ның тұғы-ры нық бекіп, заманауи медиакорпо-рацияға айналуы 2008 жылдан бас-талды. Сол жылы «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры болып республи-калық басылымдарда тәжірибе жинақтаған жас маман Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан бекітілді. 2009 жылы сол кездегі облыс басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің тікелей қолдауымен «Жайық Пресс» ЖШС-ға дербес ғимарат берілді. Көп ұзамай қазіргі заманғы жабдықтармен жа-сақталған баспахана қоса ашылды.
2010 жылы кәсіпорын құрыл-ғаннан бері осында еңбек етіп келе жатқан Жантас Набиоллаұлы Сафуллин бас директор болып тағайындалды. 2012 жылдан облыстық «Орал өңірі» мен «Приуральеге» қоса серіктестік құрамына он бір аудандық газет қай-та қосылып, олардың да шығарма-шылық, көркемдік деңгейі артып, материалдық-техникалық жарақтан-дырылуы жақсарды.
Бүгінде «Жайық Пресс» ЖШС екі об-лыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье», он бір аудандық газетті шығаратын, көптеген республикалық басылым-дар (олардың ішінде республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері де бар) басылатын, өңірдің жаңалық-өзгерістерін респуб-ликаға ақпарат, бейнехабар түрінде жедел тарататын ақпарат орталығы бар, www.zhaikpress.kz электрондық адресі бойынша дербес сайты тұрақ-ты жұмыс істейтін медиахолдингке айналды.