Сұраусыз қалған «алтын адамдар»

Тарихты білу, зерттеу не үшін керек? Біздің ойымызша, мұның ең басты екі негізі бар. Біріншіден, өткенімізді біліп, болашақты са-ралау үшін керек. Екіншіден, өткеніміздің жақсы жағын алып, болашақ ұрпақ-ты ұлттық рухта тәрбиелеу үшін қажет. Туған жерінің тарихын терең білмей, елдің, әлемнің тарихын білем деу – қате. Әр адам өзі туып-өскен жерді елінің, әлемнің тарихымен байланыстыра зерделесе, оң болады. 

Мен туған ауыл – Егіндікөлдің қа-сында да тарихи тамыры терең оба-лар өз зерттеушілерін күтуде. Соңғы кезде мемлекетіміз тарихты қайта зерделеуге аса мән беріп жатыр. Сон-дықтан бұл обалардың да сыры толық ашылатын күн де жақындаған болар. Кеңес үкіметі тұсында «Лебедевка қорымы» атауымен танылған, архео-логтар қазба жұмысын жүргізген бұл обалардың сарматтар кезеңіне жата-тынын бүгінде көпшілік түгілі, сол ауыл тұрғындарының өзі біле бермейді.
Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауы-лының солтүстік бағытында обалар көптеп кездеседі. Бала кезімізде мал бағып жүріп, суық желде осы обалар-ды ықтасақ, жоғалтқан малымызды іздегенде үстіне мініп айналаны шо-лушы едік. Тарихтан бұл жер сармат-тардың мекені болғанын, ал обалар сарматтардың жерленген зираттары екенін білетінбіз. Ал үлкендер «ерте-ректе бұл жерді алтын іздеушілер ке-ліп қазған» - дейтін. Анам «1977 жыл-дары ауыл маңындағы обаларға қаз-ба жұмыстары жүргізілді. Әкелерің археологтардың сұрауы бойынша әл-денеше рет техникамен көмек берді. Мені де соның басына апарып, көр-сеткен болатын» - дейді.
Қазақта адам жерленген жердің үстін басуға болмайтынын бәрі біледі. Бірақ сарматтар қазіргі заманнан тым ерте, яғни осыдан 2000-2500 жыл бұ-рын өмір сүргендіктен бе, жергілікті халық қажетіне қарай обалардың үсті-не мініп, ықтап, т.б. қаделеріне жара-тып келеді. Бірақ көпшілік 1967, 1977-80 жылдары жүргізілген қазба жұмыс-тары бойынша нақты не табылғанды-ғын білмейді.
Былтыр қаламызда «Жайық өзені алабындағы ортағасырлық қала мәде-ниеті және көшпенділер өркениеті» атты халықаралық ғылыми коферен-ция өтті. Осы шараға қатысып, баяндама жасаған Ресей ҒА археоло-гия институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, про-фессор Мошкова Марина Глебовна Сегізсай мен Егіндікөл ауылдарының арасындағы обаларда жүргізілген қазба жұмыстары туралы айтты. Уа-қыттың тығыздығына байланысты то-лыққанды айтуына мүмкіншілік бол-май баяндамасын қысқа қайырды. Конференциядан кейін ғалыммен жа-қынырақ танысып, туған жердің тари-хына қатысты кеңірек мағлұмат ала-йын деген ниетпен Егіндікөл ауылы-ның маңындағы сарматтар дәуіріне жататын обаларға қатысты әңгімеле-суге өтініш білдірген едік. Ресей ға-лымы өтінішімізді қабыл алып, туған жердің біз білмейтін талай сырын ақ-тарды. Сәті түскен сұхбатты назарла-рыңызға ұсынамыз.

– Марина Глебовна, Егіндікөл мен Сегізсай ауылдарының арасындағы сарматтар кезеңіне жататын обалар-ды зерттеу мәселесін алғаш көтерген және жұмыстанған кім?
– Менің білуімше, Григорий Иванович Багриков 1966-67 жылдары Егіндікіөл және Сегізсай елді мекен-дерінің аралығында студенттермен практикада болған. Сол кезде алғаш зерттеген. Көптеген обаның ішінен кішкене және екі үлкен обаны қазып, жұмыс жүргізген. Олардан кейін біз 1969 жылы барлау жасап, педагоги-калық ЖОО-мен келісім бойынша 1977 жылы қазба жұмыстарын жал-ғастырдық.
– Г.Багриковтың жүргізген жұмыс-тары нәтижелі болып па?
– Иә, бізге де бұл жерді зерттеуге келуге негіз болған Багриковтың жүр-гізген жұмыстарының нәтижесі бо-йынша жарияланған мақала. Онда кейінгі сарматтар кезеңіне жататын адам сүйектері және түрлі жәдігерлер табылғандығы айтылған. Соның ішін-де аса қызықтысы қатар орналасқан үлкен екі оба. Ол қазба жұмыстарын толық, ашып жазбаса да аса қызықты жәдігерлердің табылғандығын жаз-ған. Сондықтан сол бастаманы әрі қа-рай жалғастырып, тереңірек зерттеуге біз арнайы келісіммен келдік.
– Сіз ол кезде қандай қызмет ат-қардыңыз және қазба жұмыстарына кімдер қатысты?
– Мен ол кезде Ресей Ғылым Академиясының археология институ-тының ғылыми қызметкері, әлде тіпті кіші ғылыми қызметкерімін. Зертхана-шыларды санамағанда Мәскеуден басшы ретінде болған жалғыз мен және Орал педагогикалық институты-ның оқытушысы Борис Федорович Железчиков және сол институттың студенттері болды.
– Оқырманға түсінікті болу үшін сарматтар дәуірінің кезеңдерге бөлінуін нақтырық айтып берсеңіз?
– Сарматтар тарихы төрт кезеңге бөлінеді. Бірінші савроматтар кезеңі – б.д.д. VI-IV ғғ. Екінші ерте сармат кезеңі б.д.д. IV ғасырдан шамамен б.д.д. I ғасырдың ортасына дейін созылады. Үшінші орта сармат кезеңі б.д.д. I ғасырдың ортасынан б.д. II ғасырдың ортасына сәйкес келеді. Төртінші, кейінгі сармат кезеңі б.д. II ғасырдың ортасынан IV ғасырдың ортасына дейін келеді. Бұдан әрі ғұндар келіп, бәрін жайпап өткен.
– Сізге алыстан келіп жылма-жыл қазба жұмысын жүргізуге не себеп болды?
– Бұл жердің ерекшелігін 1969 жы-лы алдын ала зерттеу кезінде байқа-ғанбыз. Мұнда соңғы сарматтар ке-зеңіне жататын зираттар кездеседі. Жалпы соврамат, ежелгі сармат, орта сармат кезеңдеріне жататын қорым-дар көп, тек соңғы сарматтар кезеңі өте сирек еді. Бұл қорымның тағы бір аса ерекшілігі – совраматтар, ежелгі сарматтар және соңғы сарматтар кезеңдеріне жататын сүйектердің аса бай жәдігерлерімен табылуы. Тек орта сарматтар кезеңіне қатысты ештеңе болмады.
– Бұл жерде адамдар б.д.д. VI ғасырдан б.д. IV дейін, яғни 1000 (мың) жылдай тұрақты мекен еткен ғой?
– Тек орта сарматтар кезеңін қос-паса солай. Бұл мекен осымен де аса ерекшеленеді.
– Қазба жұмысын неден баста-дыңыз?
– Алдымен қорымдағы обаларды орналасуына қарай 6 топқа бөлдік. Содан кейін ретімен қазба жұмыста-рын бастадық.
– Сіздер қазбадан не таптыңыз?
– Көптеген дүние таптық. Бірақ екі ірі обадан Багриков тапқандай деңгейде кездеспеді. Ол жөнінде то-лығырақ әлі де айтамын. Міне, біздің қазбаларда түрлі айналар, сирек кез-десетін сегіз қақпалы айна да болды. Римдік фибула, өзі түрлі-түсті, эмалі бар. Түрлі тұрмыстық заттарды қос-пағанда басқа жерлерде өте сирек кездесетін қылыштың ағат алқымы (халцедоновый навершье, халцедон-қатты минералды тас, навершье-қылыштың сабының жоғары басы) табылды. Бұл ағат алқым жерленген адамның даңқты, мықты, ауқатты жауынгер болғандығын көрсетеді. Бұл – аса құнды жәдігер! Халцедон сапты семсер жерленген адамның байлық деңгейі мен батырлық мәртебесі аса жоғары екендігіне дәлел. Сабына кіргізу үшін ағат алқымының үстіңгі жағынан саңылау қалдырған және сабынан түсіп қалмау үшін оны әшекейленген шегемен ұстатқан. Ше-генің бас жағы кәдімгі шегеге ұқсаған, бірақ оны да әдемілеуді ұмытпаған. Біздің қазбалардың бірінде кездескен халцедондық навершье жартылай адам, жартылай арыстан келбетінде жасалған, айналасы әйнекпен әшекей-ленген, суреті алтыннан жасалған.
– Сіз әңгіме арасында Г.Багриков-тың тапқаны туралы сөз қозғадыңыз. Соған кеңірек тоқталып өтсеңіз?
– Өткен ғасырдың 1966-67 жыл-дарында Орал педагогикалық инсти-тутының оқытушысы Григорий Иванович Багриков Лебедевка (Сегіз-сай) мен Егіндікөл ауылдарының ара-сында орналасқан қорымды тауып, бірнеше шағын және екі үлкен обаны қазды. Сол екі үлкен оба тоналмаған болып шықты. Бұл таңғаларлық жәйт, өйткені үлкен обалар алдымен тона-латыны баршаға белгілі. Бұл екі оба-ның да аман сақталуы тарихшы ға-лымдар үшін үлкен олжа болды. Қа-тар тұрған екі үлкен обаның біреуінде ер адамның, ал екіншісінде әйелдің мәйіті табылған. Ер адамның зира-тында бағаналы құрылыс, арқалық (перекрытие) болған. Антропологиясы жоқ, бас сүйектерді қайда жібергені белгісіз. Сол ер адамның моласында едәуір инвентарь, тіпті бай инвентарь табылған. Оның ішінен шыққан қос амфора бүгінгі күнге дейін кейінгі сармат кезеңіндегі оңтүстік Орал өңірі аймағында табылған бірегей амфора болады. Ол ашық түсті балшықтан жасалған кішіазиялық амфора. Олардың датасы б.д. алғашқы ғасырлары, дәлірек айтқанда, б.д. ІІ-ІІІ ғасырдың басы болып саналады. Оңтүстік Орал өңірінде табылған мұндай бұйым әзірге жалғыз. Бұрын оны мұражайда көргенмін, суретке өзім түсіріп алғанмын. Моланың екі бұрышында екі қуыс болды. Онда бір үлкен, бір шағын қола қазан және өте әдемі, өте сирек кездесетін, көз тар-тарлық тұтқасы бар құмыра табылды. Ыдыстар Иран жерінен әкелінген болу керек, мен олармен әлі жұмыстанған жоқпын. Оны шеттен әкелінген деп айтуға болады. Аса құнды нәрсенің бірі – найза, ол да кейінгі сармат кезеңінде кездеспейді. Оңтүстік Орал өңіріндегі ертелеу кезеңді алсақ, найзалар бірен-саран кездеседі. Ал мына зиратта екі найза болды. Найзаның сабы түгелімен жіңішке күміс лентамен оралған. Бұл менің көргенім емес, Багриков солай деп жазған. Және қыш ыдыс бұйымдар, пышақтар, темір үшаяқ (оның неге керегін білмедім), табынуға байла-нысты кішкене ыдыстар, діни шағын ыдыстар болған.
Екінші обадағы әйел зираты аса ерекше және өте құнды. Алтын мон-шақ, сырғалары әсем өрнектелген, киімі түгелімен алтын жапсырмала-рымен көмкерілген. Жапсырмалары әр түрлі формада. Хрустальдан, әй-нектен жасалған моншақтар да бол-ды. Қою қызыл түсті рубин орналас-тырылған екі алтын ілмешек, күміс қасық, құмыра, шелек, түрлі ыдыс-аяқтар бар.
– Ол жерде жалпы қанша оба бар? Сіздер нешеуін қаздыңыздар?
– Оба өте көп. Менің ойымша, 150-ден асады. Бірақ ол обалар түрлі ке-зеңге жатады ғой. Тіпті бірнеше ғасыр-лық айырмашылықтар бар. Сондық-тан кейбірі жермен жексен болып кет-кен болуы да ықтимал. Біз қазғандар-дың 51-і соңғы сарматтар кезеңіне жатады. Онда қазылмаған обалар әлі де көп.

– Қазба жұмыстарындағы жәді-герлердің ерекшеліктері қандай?
– Біріншіден, керамикалық бұйымдар көп болды. Бұлар менің ойымша, батыстан, Дон өзенінің бо-йындағы Тана қаласынан әкелінген болуы керек. Екіншіден, 51 обаның көпшілігінде әскери, батыр ер адам-дар көп болды. Олардың бәрінде ұзын қылыш болса, тек екеуінде ғана қанжар бар. Ұзын қылыштардың төрт-бесеуінде сабының алқымы ағат (халцедоновый навершье, халцедон-қатты минералды тас, навершье-қы-лыштың сабының жоғары басы) бол-ды. Бұл ол жерде жерленген адам-ның жоғары мәртебелі екендігімен қатар, халық тұрмысының жақсы бол-ғандығын көрсетеді. Оңтүстік Орал өңірінде соңғы сарматтар кезеңіне жататын қорымдар көп. Бірақ олар-дың ешқайсысынан алқымы ағат қы-лыш кездескен жоқ. Осыдан-ақ бұл жерді мекен еткен адамдарды көпте-ген ғасырлар бойы әрі батыр, әрі ау-қатты халықтың өмір сүргенін көрсе-теді.
Жылқыларды әдемі өмілдірікпен безендірген. Бұл ер адам жерленген үш обадан табылды. Біз басында қо-ла жапсырмалардың не үшін пайда-ланылғанын білмедік. Артынан ға-лымдармен ақылдаса келе, олардың жылқыға арналған әшекей екенін біл-дік. Бұндай әшекеймен ақалтеке жылқылары безендірілген. Бізде ақалтеке болды ма? Білмеймін. Бір-неше ірі обада ер адамның жанынан тап осындай өмілдірік табылған. Ерекшелігі, олар күміспен көмкеріл-ген. Мен еш жерден бұндай күміспен күптелген өмілдірікті кездестірмедім.
Сонымен қатар екі-үш ғибадат-хана таптық. Бұлар жазық жерде ор-наласқан, 10-12 метрлік, едәуір кең дөңгелек алаңдар болды. Біз қазған-да, ол жерден тек керамика сынық-тарын таптық. Мен оларды Мәскеуге алып кеттім. Д.Шеллов деген мықты ғалым бұл керамиканы б.д. III ғасыр-дың басына жататындығын дәл айт-ты. Ерекшелігі, біз адам жерленген зираттардан құмыраларды өте сирек кездестірдік. Бұның сыры, құмыра-лардың көбі ғибадатханаларда бол-ған екен.
– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбатты жүргізген
Жантас САФУЛЛИН

Марина Глебовна 1967 жылы Г.Багриков қазба жұ-мыстары кезінде тапқан екі үлкен обаның аса құнды екендігін жоғарыда айтты. Осы екі қабірдің орналасуы туралы сызбаны ғалымнан алған болатынбыз. Айтылған әңгімелер түсінікті болу үшін назарларыңызға ұсынамыз.

Лебедевка қорымының № 1 обасы топырақ үйіндісінің диаметрі 27 м, биіктігі 2 метрге жуық. Орталығындағы үйінді астында көлемі 3,2x2,5 м тік- бұрышты қабір шұңқыры бар. Шұңқырдың төбесі жабылған, оны қабірдің периметрлері мен ортасына көмілген 12 баған тіреп тұр. Бағандардың ортадағы қатары қабір шұңқырын екі бөлікке бөледі. Жерленген адамның қаңқасы қабір шұңқырының батыс бөлігінде жатыр. Өлік басы солтүстікке қаратылып, шалқасынан жатқызылған. Бас жағына қырлы тұтқалары бар, мойны жіңішке үлкен құмыра қойылған. Сол жақ иығында темір ожау, темір орақ және ағаш қалдықтары сақталған найзаның темір ұңғылы ұшы жатыр. Он жағында, аяғының жанында – ағаш қынды екі жүзі бар семсер. Семсер сабының алқымы дөңгелек ағатпен шектелген. Жерленген адамның киіміне жарты шар тәрізді алтын қаптамалар тігілген. Қабірдің шығыс жағынан ұңғылы темір ұшты найза, екі-екіден шеңберлі темір және күміс ауыздығы бар ат әбзелі, тоғалар мен жүген қаптармалары табылды. Ыдыстардан табылғаны – мыс қазан, түбі дөңгелек мыс саптыаяқ, мойны жіңішке, тұтқасы иілген мыс құмыра, оның төменгі бөлігіне Дионистің басы, ал ернеуінен шығып тұрған жоғарғы жағында ұзын тұмсықты құстар қоршаған күләпаралы әбжыланның басы бейнеленген.
Лебедевка қорымындағы №2 оба. Диаметрі 21-22м, биіктігі – 1,45м.:
1 – күміс шамдал, 2, 3, 4 – қола қазандар, 5 – қойдың сүйектері, 6 – қола қоңырау, 7 – темір қоңырау, 8 – күміс сүзгі, 9 – қола бақыраш (котелок), 10, 11, 17, 18 – керамикалық сауыттар, 12 – тас келсап (түйгіш), 13, 14 – қайрақ, 15 – ромб тәрізді таңамоншақ, 16 – құмыраның мыс тұтқасы, 19-21 – сауыттардың сынықтары, 22 – күміс қасық, 23 – алтын сырға, 24 – алтын салпыншақ, 25 – алтын V-тәрізді жапсырмалар, 26 – алтын жапсырмалар мен пластиналар, 27 – моншақтар, 28 – саз, 29 – айнаның фрагменттері.

Қорымдардағы қазба жұмыстары табылған адамның сүйегімен қатар оны-мен бірге жерленген бұйымдардың саны мен сапасына да байланысты құнды бо-лады. Себебі табылған заттардың бәрі сол заманның мәдениеті мен өркениетін, халықтың жағдайын білдіреді. Үлкен обадан табылған әйел адамның дүние-мү-ліктерінің ішіндегі алтын бұйымдардың саны мен сапасы таңғалдырды. Негізгі дені үстіндегі киімдерге жапсырылған түрлі формадағы жапсырма алтындар. 1967 жылы жүргізілген қазба жұмыстарынан табылған жәдігерлерді Г.Багриков Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырған екен. Алтынның сапасы да өте жоғары, сынамалары 900 және 950. Енді табылған әшекейдің са-нына назар аударыңыз. Жартылай доға түрінде, қуыс, артқы жағында тігуге ар-налған ілмегі бар жапсырма 207 дана. (сынама 900). Жартылай доға тәрізді, тегіс фигуралық, тамшы тәрізді, тігуге арналған үш тесігі бар жапсырма 83 дана (сына-ма 900). Үшбұрыш тәрізді, үрілген жапсырма 130 дана (сынама 900). Айшық тү-рінде, төменгі бөлігі үрілген, тастармен безендірілген сырға 2 дана (сынама 900). Бұрыш және толқынды сызық түрінде, дөңес, тігуге тесіктері бар жапсырма 268 дана (сынама 750 және 958) Лебедевка VІ, 39 оба, 1 қабір).

Қаралым саны 2215

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463