Жақында редакциямызға арнайы келген Нұржан Қайыржанұлы деген азамат осы құмның астынан табылған қос құлпытастың суретін көрсетті. Бір ғажабы, кісі бойындай құлпытасты түгелге жуық құм басқан. Төбесі ғана көрініп тұрған белгінің жан-жағын қазып, аршығанда оның әу бастағы қалпын бұзбай, керемет сақталғаны анықталған. Жазуы ап-анық, әрі құлпытастың бояуы (қызыл, жасыл, сары түс) да оңбай-тозбай тұр екен. Өкініштісі, бұл белгінің қай жылы қойылғаны белгісіз болып қалды. Негізі, тастың қос қырында да жазу болса керек, бірақ суретке түсірушінің назарынан тыс қалған.
Ысық руы
Ақсары тайпасы
Жойыс Жайылмыс бөлімі
Молдабай қажы
Мыңбайұлы опат
53 жасында.