Біз білмейтін Батыс Қазақстан

Серік РАМАЗАНОВ,
география ғылымдарының кандидаты,
Батыс Қазақстан тарих және археология
орталығы директорының орынбасары

Біз қалай демаламыз? Табиғат аясына жиі шығамыз ба? Демалыс пен танымды ұштастыратын рекреациялық туризм туралы не білеміз? Соның ішінде өзіміз туған өлкенің әсем мүйістерін, табиғи һәм тарихи ерекшеліктеріне назар аударып көрдік пе?

«Атың барда жер таны желіп жү-ріп» деген мақал шығарған қазақ үшін рекреациялық туризм ұғымы таңсық болмаған сыңайлы. Рекреация (recreatio) – латын тілінен аударғанда «қайта қалпына келу» дегенді білді-реді. Яғни адамның физикалық және рухани күш-қуатын қайта қалпына келтіру, денсаулығы мен жұмыс қабі-летін арттыру деген сөз. Бүгінгі ғылым-да «рекреациялық ресурстар» деген ұғым қалыптасқан. Бұл – бірегей, та-рихи немесе көркемөнерлік құнды, эстетикалық ажарлы және емдеу-сауықтыру қасиеті бар табиғи және антропогендік нысандар. «Адам ден-саулығын және еңбек қабілеттілігін қалпына келтіретін және сондай де-малысты қамтамасыз ететін табиғи және мәдени ресурстарының белгілі бір бөлігі рекреациялық ресурстар деп аталады» дейді белгілі ғалым Реймерс.
ХХ ғасырда туризм дүниежүзінің көптеген аймағында аса маңызды құбылысқа айналды. Сондықтан рек-реация феномені ғылымның зерттеу нысаны болды. Көптеген мемлекет-терде туризм шаруашылықтың маңыз-ды саласы болып калыптасты, мыса-лы, Франция, Италия, Испания елде-ріне жылына ондаған миллион турист келеді, олардың саны мемлекет хал-қының санынан асады. Көптеген мем-лекетте туризм саласы жалпы ішкі өнімнің жартысынан астам бөлігін құрайды. Рекреациялық әрекет және туризм территорияны игерудің фун-даментальдық процестерінің құра-мына жатады.
Рекреациялық серуен-саяхат – сауықтыру, өмірді ұзарту, оның күш-қуаты мен рухани деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін, табиғатты пай-даланудың ерекше түрі. Бүгінде адам денсаулығын, оның психологиялық және рухани күш-жігерін қалпына келтіру үшін табиғи ландшафт кеңі-нен пайдаланылады.
Жан мен тәнді қатар сауықты-рып, тамаша саяхат жасау үшін ең әуелі рекреациялық ресурстар тура-лы білу керек. Рекреациялық ланд-шафт басқа да табиғи кешендер сияқты аймақтың табиғи мұралары нысандарының қатарына жатады.
Мұндай жер Батыс Қазақстан об-лысында бар ма? Әлбетте! Ақ Жайық өңірінің ландшафттық және биоло-гиялық алуан түрлілігі, ірі рекреация-лық ресурстар қорының болуы тұр-ғындардың демалысы мен саяхатын дамытуға қолайлы жағдай туғызады.
Біздегі табиғи жағдайдың сан ал-уандығы және ландшафтың эстетикалық сапасы, сондай-ақ аймақтың климаттық көрсеткіштері рекреация-ның көптеген түрін дамытуға қолай-лы. Батыс Қазақстанда жанға жайлы жыл мезгілінің ұзақтығы 65-70 күн болады. Суға түсу маусымының ұзақ-тығы 75-80 күн шамасында.
Батыс Қазақстан облысындағы рекреациялық ландшафттардың бірнеше түрін атап өтейік:

Өзен жайылмалары

Облыс аумағында бұл рекреация-лық ландшафт түрі Жайық, Деркөл, Шаған, Елек өзендерінің орманды-шалғынды жайылмаларын және бас-қа да көркем өзен ирімдерін, құмды және қиыршық тасты жағажайларын қамтиды.
Облыс территориясында солтүс-тіктен оңтүстікке қарай ағып жатқан Жайық өзені – облыстағы басты су артериясы. Өзен арнасында құмды, қиыршық тасты, малта тасты алаң-дар, жағажайлар және қайраңдар көп кездеседі. Сонымен қатар жаға-лауы түрлі-түсті, әр түрлі сазды неме-се құмды шөгінділерден құралған жа-лаңаш биік тік жарлар да жетерлік.
Өзен жайылмасын шалғынды және орманды кешендер көмкерген. Жайылма орманда емен, шегіршін, ақ терек және ақ тал өседі. Оңтүстікке қарай ағаштардың құрғақ климатқа төзімді түрлері артады.
Теректі ауданының орталығы Федоров ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 км қашықтықтағы Қабылтөбе ауылы маңында реликті орман орналасқан. Бұл орман Жайық өзені жайылмасының баурайында жатыр, онда негізінен емен ағашы өседі. Орман ішінде қырыққұлақ, мамыр інжугүлі, сүйелшөп және бас-қа да өсімдік көп. Еменмен бірге қа-йың, көктерек, шегіршін, долана, ті-кенді қараөрік бұталары көптеп кез-деседі.
Еменді тоғайдың салқын көлең-кесі жаз мезгілінде күн көзінің ысты-ғынан, денеңді күйдіретін жазғы аңы-зақ желден қорғануға жағдай туғыза-ды, сондай-ақ орман көлеңкесінде төсеніштің, жаңа өскен шөппен жапы-рақтың таза исімен демала отырып, адам өзін ерекше жайлы тыныштық күйде сезінеді. Еменді тоғай – құстар үніне және түрлі жидек пен саңырау-құлаққа бай.
Жайылмалы ормандар мен шал-ғындар Шаған, Деркөл, Елек және басқа да өзен аңғарларында кезде-седі.
Бұл жерлерде әуесқой балық аулауды (соның ішінде қысқы), суға түсіп қыздырынып демалуды, су сая-хатын және өзеннің жазықты телім-дерінде салмен жүзіп серуендеуді, спорттық-экологиялық саяхатты да-мытуға, жеміс-жидек пен саңырау-құлақ теріп демалып серуендеуге жайлы жағдай бар. Ғалымдар өзен жайылмасы ландшафттарында рек-реациялық саяхатты дамыту үшін Елек пен Көшім ауылдары арасында Жайық өзені аңғарында ұлттық таби-ғи парк жасақтау қажеттігін ұсынып отыр.
Дала көлдері

Облыс территориясындағы рек-реациялық-саяхаттық маңызы бар көл-дерге Шалқар, Жалтыркөл, Еділсор, Сорайдын, Сұлукөл және басқаларын жатқызуға болады.
Шалқар көлі – Батыс Қазақстан об-лысындағы ең ірі табиғи су қоймасы. Онда демалушыларға суға түсіп қыз-дырынуға, қайықпен жүзіп серуен-деуге тамаша жағдай бар. Сонымен бірге көлде желкенді қайық спортын дамытуға және көл айналасындағы қырқалы телімдерде Сасай мен Сантас тауларына жаяу, салт атты экс-курсия ұйымдастыруға болар еді.
Басқа да құрақты-қамысты өсін-ділерден тұратын және аңшылыққа пайдаланатын жерлері бар тайыз да-ла көлдері мен су қоймалары жазғы уақытта адам денсаулығын түзетіп демалуды және қыс пен жаз мезгіл-дерінде әуесқой балық аулап тыны-ғуды дамытуға маңызды нысан. Со-нымен қатар рұқсат етілген телім-дерде жергілікті және ұшып өтетін құстарды аулап, маусымдық спорт-тық аңшылықты дамытуға да қолай-лы жағдайдың бәрі бар.

Ішкі ағынсыз бассейннің
өзендері

Бұл ландшафт түріне көктемгі су тасқынынан кейін кеуіп кететін, тұрақ-ты ағыны жоқ тайыз сулы ұсақ өзендер жатады. Бұлар – Қалдығайты, Өлеңті, Бұлдырты, Шідерті, Шыңғырлау (Утва) және басқалары, сондай-ақ Сарыөзен мен Қараөзен, 1-ші Шежін, 2-ші Шежін және басқа да өзендер. Бұл өзендер-дің бәрі Каспий маңы ойпатындағы құмдарда, жайылмаларда және сор-лы ойпаңдарда өз суын жоғалтады.
Облыс территориясында тұрақты ағындары жоқ өзендер саны 100-ден астам. Бұл су ағындары жаз бен қыс-та әлсіз және кеуіп қалатын жылға-лармен жалғасқан тізбекті көл түрін-дегі иірімдерден тұрады.
Көл түріндегі иірімдер жер асты суларымен қоректенеді, бұл су ағын-дары жергілікті маңыздағы әуесқой балық аулауға және демалып тыны-ғуға қолайлы болып келеді.

Төбелер мен қыраттар

Қыратты-төбелі борлы ланд-шафттар облыстың солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігіндегі Жалпы Сырттың оңтүстік сілемдерінде және Орал маңы үстіртінің батыс, оңтүстік-батыс баурайында кездеседі.
Осындай тарихи-ландшафттық ескерткіш қатарына Ешкі тауын (аб-солюттік биіктігі 259 м) айтар едік. Ес-керткіш төбесі далалық өсімдікке бай, сонымен қатар сармат кезеңінің оба-лар тізбегі кездеседі. Таудың шығыс беткейін көктерек тоғайы алып жа-тыр. Осы беткейдің төменгі бөлігінде көптеген бұлақ көзі бар. Осының бәрі адамның керемет демалып тынығуы-на жағдай жасайды. Сондай-ақ тау-дың осы баурайынан археологтар тас кезеңінде мекен еткен адамдардың тұрағын тапты. Бұл осы табиғи ескерт-кіште болашақта ашық аспан астын-дағы мұражай ұйымдастыруға мүм-кіндік береді.
Орал маңы үстіртінің бір шеті саналатын біздің өлкеде жекелеген борлы тау жұрнақтары сақталған. Олар қайран қалдыратын пішінге ие. Жергілікті тұрғындар бұл төбелерге Айдарлы, Шатырлы, Торыатбасы, Қыземшек және т.б. атаулар берген.
Қыратты-төбелі рекреациялық ландшафттар жыл маусымдарының барлық кезеңінде де демалысқа қолайлы. Қыста шаңғымен серуендеп саяхат жасуға тамаша жағдай бар. Жаз бен күзде жаяу серуендеп, түрлі жеміс-жидек, саңырауқұлақ, дәрілік шөптер түріндегі табиғат байлығын жинап қайтуға болады.

Тың дала көріністері

Батыс Қазақстан облысы – еліміз-дегі әр түрлі шөптесінді-ақ селеулі бозды, бетегелі-ақ селеулі бозды, әр түрлі шөптесінді – астық тұқымдасты және каспий маңындағы үш тармақ-ты дала телімдері жыртылмай сақ-талып қалған бірден-бір аймақ. Экс-педициялық зерттеу барысында об-лыс территориясында 30-ға тарта зо-налдық эталондық дала телімі бар-лығы анықталды.
Батыс Қазақстанның байтақ дала-сына 80 жылдай бұрын жазушы Валериан Правдухин ерекше таңдан-ған екен. «Айналаның бәрі көз жеткі-сіз дала. Далаға әрі қарай тереңдеп ене түскен сайын ақ селеулі бозды дала құлпыра түседі. Ауарайы тама-ша, көктемгі жылы күн көзі өз бала-сын сипап еркелеткендей. Жас ақ се-леудің немесе боздың кілемді жола-ғы көк аспанмен жүгіріп өткендей әсер аласың. Ал оның ақ шашы жел-мен жай ғана тербеліп, көктемгі да-ланың еліру алдындағы түріне ойлы даналықпен басын иіп тұрғандай бо-лып көрінеді...» деп жазады жазушы.
Кез келген адам даланың бұзыл-маған тұмса көрінісінен рухани ләз-зат алады. Әсіресе, дала құлпырып гүлдеген уақытта – мамыр айының аяғы мен маусым айының басында ерекше әсерге бөленесіз. Бұл жерлер-де эстетикалық тұрғыдан демалып тынығып, фотосуретке және бейне-таспаға түсіруге, қайталанбас кадрлер жасауға болады.

Құмдар

Бұл рекреациялық ландшафттар саяхатшыларды өзінің көркемдігімен, биологиялық алуан түрлілігімен және ғажайып қайталанбас көрінісімен бау-рап алады. Құмды алқаптар сусыма-лы құмды барқанымен және терең құмды шұңқырларымен, өсімдіктер-дің реликтік сипатымен, отырғызыл-ған жасыл желектің фитоциттық қасиеттерімен ерекшеленеді.
Облыстың шығысында, көлтабан-ды ойпаңдарда орналасқан орман шоқтарынан тұратын Қараағаш және Аққұм құмды алқаптары – қайталан-бас ғажайып өлке. Мұнда ежелгі және қазіргі, оңтүстік шөл мен солтүстік ор-ман ландшафт элементтері бір-бірімен ерекше жағдайда араласып, біте қай-насып кеткен.
Қараағаш (Жаршағыл) құмдары Бұлдырты өзенінің бастауында орна-ласқан. 7 мың гектар аумақты алып жатыр. Бұлдырты өзенінің аңғарын-дағы ойпаңға жиналған қар суы құм-нан сүзіліп, құм астындағы борлы қабаттардан төмен қарай көптеген бұлақ шығады.
Аққұмды нағыз «құм патшалы-ғы» деуге болады. Сол маңдағы Сегізсай сайларына таралған байрақ-ты ормандар, Қаратал мен Кіндікті шоқ тоғайлары көз тойғызады. Бұл алқапта қойбүлдірген, шәңгіш, бүл-дірген кең таралған.
Облыстың оңтүстік-батысындағы Нарын құмдары да ерекше. Бұдан 150 жыл бұрын Хан ордасының айна-ласына отырғызылған қарағай өсінді-лері үлкен құндылыққа ие. Бұл өңір-лерге экологиялық және танымдық саяхат ұйымдастыруға болады.
Бальнеологиялық қоры
бар аймақтар

Емдік мақсатта пайдалануға лайық аумақтар қатарына емдік шөбі бар алқаптар, минеральды көздер, табиғи емдік балшықтар мен тұзды көлдер, сонымен қатар қымыз өндіру мақсатында ұйымдастырылған жыл-қы шаруашылығын жатқызуға бола-ды. Батыс Қазақстан облысы аума-ғында табиғи емдік қасиеті бар тұзды көлдер өте көп. Солардың ішінде ең атақтысы – Әлжансор, Аралсор, т.б. «Ақжайық» санаториясында емдік балшықпен, минералды сулармен және басқаларымен емдейді.
Қымызбен емдеуді дамыту үшін болашақта Бөрлі, Теректі, Зеленов, Ақжайық және басқа да аудандар-дағы далалық жайлыс кеңістігін ке-ңінен пайдалануға болады.

Тарихи-археологиялық рекреация-лық ландшафттар

Облыс территориясында ежелгі обалар, ортағасырлық қалалар мен некрополдар да кездеседі.
Ғажайып қайталанбас ежелгі обалар кешені облыс территориясы-ның барлық жеріне таралған. Батыс Қазақстан облыстық тарих және ар-хеология орталығының мәліметі бо-йынша 2009 жылы «Облыстың тарих және археология ескерткіштер тізімі-не» 2 мыңға жуық ескерткіш енген. Бұл тізім әлі толық аяқталмаған.
Осы ескерткіштер арасында ерекше орын алатын – «Қырықоба» кешені. Ондағы бас обаның биіктігі 15 м, диаметрі 100 м-ге жуық, жа-нында, яғни шығыс бетінде ұзынша келген екі оба жатыр. Бұған қоса XIII-XIV ғасырлардағы ортағасырлық «Жайық» қалашығы және Желтауда-ғы некрополь, Жалпақтал, Айдархан қа-лашықтары да талай адамды қызықты-рары сөзсіз. Аталған тарихи ескерткіш-терді болашақта ашық аспан астында-ғы мұражайларға айналдыруға болады.
Орал қаласындағы XVIII-XIX ға-сырларға жататын мемориалды дін-ді бағыттағы сәулет нысандары, со-нымен қатар облыстың оңтүстік, оң-түстік-шығысындағы елді мекендер-де кездесетін осындай ескерткіштер ғылыми танымдық қызығушылық ту-ғызады. Археологиялық кешендерде түрлі археологиялық оқу лагерьлерін ұйымдастыруға болады.
Батыс Қазақстан облысындағы рекреациялық ландшафттар ғылыми және танымдық саяхатты дамытуда үлкен қызығушылық туғызады. Түрлі табиғи ландшафттардың, археология-лық және тарихи нысандардың, мә-дениет ескерткіштерінің үйлесімі об-лыста демалыс индустриясын дамы-туда ірі көлемдегі қуатының бар екен-дігін дәлелдейді.

Қаралым саны 2835

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463