"Алаштану" курсына арналған бағдарлама
Орал қаласы, 2013 жыл
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің ғылыми кеңесі мақұлдаған (хаттама № 1 "28" тамыз, 2013 жыл)
Автор: Сүлейменова Дәметкен Досмұханқызы т.ғ.к., доцент, алаштанушы
Пікір жазғандар: Тұрсұн Хазіретәлі т.ғ.д., алаштанушы Қ.А. Яcсауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
Сайлаубай Ерлан т.ғ.к., доцент, алаштанушы.
"Назарбаев орталығы"
"Алаштану" курстық бағдарламасы жалпы білім беретін орта мектептің тарих пәні мұғалімдеріне арналады.
“Алаштану" курс бағдарламасы
Түсінік хат
"Алаштану" курстық бағдарлама-сы 2013 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №115 бұйрығымен бекітілген.
Пән бағдарламасы 2013 жылы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 8424 нөмірі-мен тіркелген.
Алаш идеясы – ХХ ғасырдың ба-сындағы қазақтың ұлттық идеясы бо-латын. Алаш зиялылары келер ұрпақ-қа қиыннан қиып жол сілтеп, еркін-діктің отын өшпестей етіп тұтатып кетті.
Бүгінгі тәуелсіздіктің іргетасы, бас-тауы – Алаш арыстары екені даусыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: "Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің қазіргі жедел жаңғыру, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді. Алаш арыстары бізге мем-лекеттік идеяны ту етіп көтеруді та-быстап кетті", - деуі бізге үлкен ой, жаңаша серпіліс берері сөзсіз.
Алаштың асыл аманаты бізге та-рихи – мәдени бірегейілігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қанымызды қасиетпен сақтауға міндеттейді, біздің ауыз бірлігімізді күшейтуге шақырады десек, бүгінде біз Алаш идеясын ұран етіп көтеруге тиіспіз.
Курстың міндеттері:
– "Алаштану" курсында Алаш та-рихына арналған ғылыми еңбектерді оқып үйрену, тарихи талдау жасау, ғылыми монографиялар мен құжат-тық материалдармен таныстыру, осы негізде Алаш тарихын жете меңгерту;
Отан тарихын, туған өлке тарихын Алаш тұлғаларының саяси-қоғамдық қызметері арқылы зерделеу;
Алаш қозғалысының тарихын ғы-лыми тұрғыда ұғындыру мақсатын-да: "Түркістан автономиясының", "Алашорданың Шығыс бөлімінің", "Алашорданың Батыс бөлімінің та-рихын кезең-кезеңмен оқытып, ғы-лыми тақырыпта қорғалған еңбек-термен жете таныстыру;
Алаш тақырыбында қорғалған дипломдық жұмыстарды басшылық-қа ала отырып, ғылыми жоба жазуға, оны қорғауға машықтандыру.
Ұйымдастыру формалары: дәріс, се-минар, видеофильмдер, слайдтар т.б.
Курс бағдарламасының мазмұны
Кіріспе (1 сағат)
"Алаш" тарихын зерттеудің дерек-тік негіздері. Кеңестік жүйеде және Қазақстан тарихының тарихнамасын-да Алаштану мәселесі. Тәуелсіздік жыл-дарында Алаштану мәселесінің барысы.
Бірінші тарау. Қазақстандағы ХХ ға-сырдың басындағы қоғамдық-саяси жағдай. (10 сағат)
1. Қазақ өлкесін басқарудағы отаршыл саясат және жер мәселесі.
2. Қоғамдық-саяси өмірдің жан-дануы, "Алаш" қозғалысының қалып-тасуының алғышарттары. Қарқаралы петициясы.
3. Қазақ интеллигенциясы бірінші орыс революциясы жылдарында. Ре-сей Мемлекеттік Думасы және қазақ зиялылары.
4. 1916 жылғы ұлт-азаттық көте-ріліс кезіндегі Алаш қайраткерлерінің қызметі.
4.1. Көтерілістің Торғайдағы орталығы
4.2. Көтерілістің Жетісудағы орталығы
4.3. Батыс Қазақстандықтар 1916 жылғы көтеріліс кезеңінде
4.4. 1916 жылғы ұлт-азаттық көте-рілістің тарихи маңызы
5. Қазақстандағы ақпан револю-циясы және ұлттық-демократиялық интеллигенцияның көзқарастары.
6. Қазақ съездері материалдары. қазақ комитеттерінің құрылуы.
7. Отаршыл саясатқа қарсы қазақ баспасөзінің жандануы: "Айқап" жур-налы, "Сарыарқа", "Қазақ" газеттері. XX ғасырдың басындағы қазақ ұлт-тық-демократиялық жастар қозғалы-сы, алғашқы мәдени-ағарту ұйымда-рының қызметі.
8. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Бірінші жалпықа-зақ съезі және "Алаш" партиясының ұйымдық тұрғыдан қалыптасуы.
9. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпықазақ съезі және Алашорда үкіметінің құрылуы.
Екінші тарау. Алаш қозғалысының тарихы (10 сағат)
1. Түркістан мұхтариятының құры-луы. (2 сағат)
1.1. Түркістандық Алаш қайрат-керлері.
2. Алашорданың Шығыс бөлімі (2 сағат).
3. "Ойыл уәлаяты" уақытша үкіме-тінің құрылуы (2 сағат).
4. Алашорданың Батыс бөлімінің құрылуы және оның азамат соғысы жылдарындағы қызметі (4 сағат).
4.1. Алашорданың Батыс бөлімі-нің құрылуы.
4.2. Батыс Алашорда және оның азамат соғысы жылдарындағы қыз-меті.
4.3. Батыс Алашорда үкіметінің Орынбор казактарымен қарым-қаты-насы.
4.4. Батыс Алашорда үкіметі және Комуч (Комитет членов учеридель-ного собрания).
4.5. Батыс Алашорда үкіметінің Уа-қытша Сібір үкіметімен арақатынасы.
(жалғасы келесі санда)