Табиғаттың бізге беймәлім құпиясы әлі де жетерлік. Соның ішінде адамның бойындағы күш-қуат қайнарының түпсіз терең құпиясы толық ашылып болған емес. Әсіресе, кешегі кеңестік солақай саясаттың әулиелілік, көріпкелдік қасиеттерге ескінің қалдығы ретінде қарағаны шындық. Алайда осындай тыйым салу мен тосқауылға қарамастан атадан балаға берілетін қасиеттің үзілмей келгенін де ешкім жоққа шығара алмас. Пайғамбарлар, әулиелер, атақты сынықшы-емшілер адамзат ғұмырымен бірге жасасып келеді. Олардың іздері мифтер мен аңыз-ертегілерде сайрап жатыр. Мұндай тұла бойында ерекше тылсым, жұмбақ қасиет дарыған адамдарды әрине «әулие» деп халқымыз қадір тұтқан. Әулие фено-менін бүгінгі ғылым қаншама шарық-тап дамыса да түсіндіріп бере алмай келе жатқаны жасырын сыр емес.
«Әулие» – арабша «уали», көпше түрінде «аулийа» – Алланың досы, Аллаға жақын тұрушы адам, Алланың қамқорлығындағы адам, Алланың мейірімі түскен адам, Алланың қалаулы адамы деген мағына береді.
Қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде әулие туралы бірнеше аят келтірілген. Мәселен, Халифа Алтайдың аудармасында «Юныс» сүресінің 62 аятында: «Біліңдер! Расында Алланың достарына қауіп-қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды» (216 бет) деп, әулиенің Жаратқан Тәңірі алдында қаншалықты қадір-қасиетке ие екендігін Алла Тағала өзі ескертеді.
Келесі «Әли Ғымыран» сүресінің 169-аятында «Алла жолында өлтіріл-гендерді өлі деп ойлама, әрине, олар тірі. Раббыларының жанында олар ризыққа бөлендіріледі» (72 бет).
«Бақара» сүресінің 154-аятында «Алла жолында өлтірілгендерді олар өлі демеңдер, олар тірі, бірақ, сендер сезіп біле алмайсыңдар» (24 бет) дейді.
Аталған аяттардан біз Алла жо-лында жүріп өлгендердің өлмейтінді-гін білдік, оны бізге Жаратушының өзі ескертіп, олардың ризыққа бөлене-тіндігін, бірақ біздің оларды тірі екендігін білмейтіндігімізді айтады. Халық арасында аса беделге ие болған, халық жаппай зиярат ететін барлық әулиенің тарихына тоқталсақ, бәрінің тарихы бір жерде үндеседі, яғни бәрі де хақ дініміз Исламды өркендетуге өмірін қиған. Ал өмірін бір Алла жолына арнап дүниеден өткендерді Алла тағала: «Оларды өлді деп есептемеңдер, олар тірі, бірақ сендер біле алмайсыңдар, олар ризыққа бөленеді» деп ескерткендігі жоғарыда келтірілді. Сондықтан да халқымыздың әулиені зиярат етуі, құрметтеуі, қастерлеуінің бәрінің хақ Құранмен негізделген дәлелдері бар.
Мұхаммед пайғамбар хадисін-де: «Қайсыбір пендеге Алла жақсы-лық жасап, оны дін және шариғат ілімдеріне жетік етіп қояды. Оған дұ-рыс жолды сілтеп тұрады» – дегенді айтады (Мұхаммед пайғамбардың хадистері / Аударған Н. Қазыбеков. – Алматы: Жазушы, 1993. 59- б.). Сол ілімін әрі қарай дамыта білген әрбір жан көп адам жете алмайтын жетіс-тікке жетеді. Дін мен шариғатты қа-тар меңгерсе, ерекше қасиетімен түр-лі керемет, ғажайыптар көрсетеді. Ел ішіне даңқы көзінің тірісінде-ақ та-райды. Әулиелер сондай адамдар-дың қатарында.
Ислам дінінде әулие жоққа шы-ғарылмайды, қайта таза дін ұстану-шылар, Алланың досы деп құрметте-лінеді. Ислам энциклопедиясында «әулие» ұғымына былайша анықтама берілген: «Әулие» (араб тілінен ау-дарғанда - желеп-жебеуші) – «ерек-ше діндарлығымен, дін жолына кір-шіксіз берілгендігімен халық сеніміне ие болған қасиетті тұлға» (Ислам энци-клопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС., 2010. 94-б.). Яғни керемет қасиетіне ие, дін жолындағы адам. ХІХ ғасырдың ғұлама ғалымы Ш.Уәлиханов зерттеуінде: «Қазақтар-да аруақты қастерлеу салты қазіргі күнге дейін өз күшінде. Олар басына қауіп төнгенде мұсылмандардың әу-лие-әмбиелеріне сыйынатын, аруа-ғын көмекке шақырады. Қазақтар аруақтарға бағыштап төрт түліктің қайсысын болсын құрбандыққа ша-лады. Мінәжат етіп, аруақтың басына (моласына) барып түнейді. Құрбан-дық шалады, өзінің қолы жетпей жүрген көкейтесті арманын өтеуді ті-лейді» деп атап көрсетеді (Уәлиханов Ш. Алтышаһарға сапар./ Аруақтар не-месе онгондар-өлген ата-бабалардың рухы - Алматы: Атамұра, 2006. - 89 бет).
Зерттеушілер қазіргі таңда әу-лиелердің қазақ қоғамындағы рөлін анықтауға аса көңіл бөлуде. Өйткені әулиелер ерте кезден ата-бабамыз-дың аруақтарға сыйыну наным-сенімі жоғалмай, ислам діні енумен қатар, қазақ қоғамында әулиені құрметтеу-дің кеңінен таралуы жайдан-жай емес еді. Олар салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтап, халықты иманды-лыққа жетелейтін, Аллаға адал, кере-мет қасиеттерінің арқасында өздерін, өзге де адамдарды қорғап, сақтайтын тұлғалар болды. Ал қазіргі таңда олардың қызметіне күмәнмен қарай-тын жандар да аз емес. Сондықтан «Әулие кім, қызметі қандай, неге біз-дің ата-бабамыз оларға құрметпен қараған?» деген сұрақтарға жауап іздеу өткен тарихи, мәдени болмысы-мызды ашуға, одан сабақ алуға мүм-кіндік берер еді. Сонымен қатар әу-лиелерге құрмет көрсетудің орнына, оларға табынуға шақырып, халық арасында жаңсақ пікірдің қалыпта-суына себеп болып отырғандар да аз емес. Мұндай жаңсақ ойлар қазақ қоғамында әулиенің орнын, рөлін тү-сінбеуден туындап отыр. Қоғам және мемлекет қайраткері Ө.Байгелдин-нің: «Жаңа имандылыққа бет бұрған адамдарға неден бастау керек, алды-мен нені білу керек, соны түсіндіру-дің орнына, қазақтың жанына қайшы келетін, ешқандай шарасына сый-майтын, «ата-бабаңды ұмыт, олардан без, әулие дегенге барма» деген әң-гімелермен елдің зәресін ұшырып, шошытуда. «Аллаға ширк келтіруге болмайды» деген әңгімені шығарып алды да, міне осыдан шыға алмай жүр. Адамдардың барлығы да он се-гіз мың әлемнің Жаратушысы және оның Иесі Бір Алла деп біледі. Бірақ сонымен қатар басқа ұлы бабалары-ның, әке-шешелерінің басына барып та зиярат жасайды. Бұл екеуі бір-бі-ріне қайшы келетін ұғым емес. «Ар-уақтар сендерге не береді?» дейді. Аруаққа бірдеңе алу үшін бара ма екен? Аруақты риза ету үшін барады. Осы елді, жерді, халықты сақтап қал-дырған сол ата-бабаларымыз емес пе?», - деген ойы мақаланың негізгі мақсатын ашып берері сөзсіз. (Ө.Байгелдин. Қазағым қайда барасың? /Егемен Қазақстан. - 2010. -№456 (26299). - қараша. - 3. - 1-4-бб.).
Г.Кеніштайқызы өзінің ғылыми зерттеуінде бұл мәселенің өзектілігін былайша ашып көрсетеді: «Бүгінгі кү-ні «әулие» ұғымын жаңаша көзқарас-та қарастырудың бірнеше себебі бар. Біріншіден, кеңес дәуірі кезеңінде өз тарихымыз бен мәдениетіміздің құн-ды деректері, яғни ауызша деректер ғылыми айналымға дер уақытында түспеуі себебінен ғылыми зерттеулер мен көпшілікке арналған оқулықтар-да жаңсақ пікір пайда болды.
Екіншіден, қоғамымызда кезде-сетін түрлі кедергілерге байланысты әулие мәселесі ислам дінімен бірге ға-на зерттеліп, арнайы зерттеу объектісі ретінде қаралмады» (Кеніштайқызы Г. Қазіргі қоғамдағы әулие ұғымы, шығу тегі және дамуы./ ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. - 2011. - №4 (63). - 160-162-б.).
Б.Әзірханов: «Мұсылмандар, бі-ріншіден, өзін барлық мәселе бойын-ша ден қойып тыңдайтын және өзде-рі оның салты мен әдет-ғұрыптарын басшылыққа алып, дегенін орындай-тын; екіншіден, қатерге ұрындырмай, дұрыс жолға бастайды деп кәміл се-ніп, айтқанына құлақ ұратын; үшінші-ден, о дүниеде өздерін Алланың кә-рінен қорғайды деп үміттенетін; төр-тіншіден керемет қасиеттерінің арқа-сында өздерін бұл жалғанда қорғау-ға, бәле-жала мен күнәлардан сақтау-ға және өздерінің барлық қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті деп есеп-тейтін адамды әулие санайды», - дейді өткен ғасырда өмір сүрген Абу аль-Ааля аль-Маудуди өз тафсирін-де» (Әзірханов Б. Сопылықтың сусын-дар бұлағы // Саясат 2005, №9. 31-32-б.) десе, тарихшы Н. Нұртазина өз еңбегінде әулиелік культке былайша баға береді: «Көп жағынан жасанды тұжырымдама шеңберінде халықтың наным-сенімдерінде шаманизм әсері күшті болды делініп, сонымен қатар әулиелердің рөлін, қызметін бұрма-лап, оларды ескі діндердің дәстүрін жалғастырушы етіп көрсетуге тыры-сып бағу кең тарады. «Әулиелер куль-ті», яғни софы-әулиелерге табыну ту-ралы халық пен ислам арасына от тастау үшін жасалған «ғылыми» пікір-лер алға тартылды.
Шын мәнінде, кейбір артта қал-ған топтар мен жекелеген адамдар арасында болмаса, мұсылман халық-тарында, оның ішінде қазақ халқы-ның арасында да әулиені – тірісін де, өлген аруақты да – Жаратушы Алла-дан ешкім жоғары қойған емес, әулие-лерді қатты сыйлаған, олардың бойын-дағы қасиетке, киеге сенген, олардың дұғасы қарапайым адамның дұғасы-мен салыстырғанда нәтижелі деп са-наған, бірақ діннен безіп, Аллаға се-рік қосу, дербес культ жасау болған емес» (Нұртазина Н. Д. Қазақ мәде-ниеті және ислам (тарихи-мәдениет-танулық зерттеу). Алматы: 2002. 104-105-б.). Бұл ой-қорытындылар қазақ қоғамындағы әулиелердің қызметін айқын түсінуге мүмкіндік береді. Әулиелерді құрметтеу қазақ халқы-ның діни өміріндегі ең маңызды құ-былыстардың бірі, бұл жағдай ислам-ға дейінгі наным-сенімдердің сақта-луы нәтижесінде діннің құрамдас бө-лігі ретінде қалыптасты. Мұны сол за-маннан қазірге жеткен «Әулие – Құдай емес, Құдайдан былай да емес», «Әулиеге түне, Құдайдан тіле», «Әділетті зор тұт, әулиені пір тұт» деген мақал-мәтелдер дәлел-дейді.
Сондай-ақ әулиенің ерекше ке-реметтерінің бірі – перзентсіз ата-анаға ұрпақ сыйлайтын қасиеті екен-дігі қазақ эпостарында, аңыздарында тұрақты дәріптеледі. Мысалы, «Қобыланды батыр» жырында бұл жағдай былайша көрініс табады:
Сексенге жасы келгенше
Бір бала көрмей Тоқтарбай,
Қайғыменен қан жұтып,
Ақылынан адасқан.....
Әулие қоймай қыдырып,
Етегін шеңгел сыдырып,
Жеті пірге танысқан.
Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Қабыл болған тілегі,
Жарылғандай жүрегі...
(Батырлар жыры. 1 том. - Алматы: Жазушы, 2000. - 4-5-бб.).
Ал «Алпамыс батыр» қиссасын-да бір перзентке зар болған Байбөрі бай әулиеге түнегені былайша сурет-теледі:
Қожалардан бата алып,
Жапан кезген атанып,
Жоғары қарап өрледі...
Отырарда Арыстан бап,
Сайрамда бар сансыз бап,
Бәріне бір түнеді.
Әзіреті Қаратау
Әулиенің кені еді.
Өзен, сайын тастамай,
Бәріне бір түнеді...
(Батырлар жыры. 1 том. - Алматы: Жазушы, 2000. - 156-158-бб.).
Өткен тарихымызда қазақтың дәстүрлі сенімінде - «аруақты шақы-рып», «әулиеден, пірінен медет тілеу» дәстүрі болғанын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы «Өлеңмен берілген аят» атты өлеңінде де әулиеден медет тілеп, пірінен көмек сұрау, қазақ дәстүрінде бар екендігін дәлелдейді. Ол туралы:
Кәміл-дүр сенің пірлерің
Барша білер сырларын,
Түркістан-дүр жерлерің,
Хазірет Сұлтан, сенен медет! (Көпейұлы М.Ж. Көптомдық шығар-малар жинағы. 4-том. - Алматы: «Алаш» баспасы, 2005. - 232-б.).
Немесе «Түркістан сапары»
өлеңінде:
Шығып ек кешегі айда
елімізден,
Мекенжай, қоныс қылған
жерімізден.
Хазіреттің ақ күмбезін зиярат қып,
Қол жайып бата алғалы
пірімізден -
деп көрсетеді (Көпейұлы М.Ж. Көп-томдық шығармалар жинағы. 4-том. – Алматы: «Алаш» баспасы, 2005. - 120-б.).
Бүгінгі материалдық дүниенің кө-зімен қарағанда, «әулие» дегеніміз – көбіне-көп көзге түсе бермейтін жал-ғыз құлпытас, ағаш түрінде мола ға-на. Сондықтан мұндай орындар рес-ми тарихи-сәулет ескерткіштерінің қа-тарына қосылмай, ресми ескерткіш-тер тізіміне енгізілмей қалып жатады. Өйткені әулиелерді құрметтеу бүгінгі діни оқулықтарда қарастырылмаған, қайта керісінше – жоққа шығаруға деген бейімділік байқалады.
Сондықтан олардың басын қа-райтып, күніміз түскенде ғана бірде-ңе дәметіп түнеумен шектелмей, олар туралы ақпарат жинап, олардың рухани болмысын тануға да әрекетте-ну керек. Өйткені олар жөніндегі түсі-ніктердің басым көпшілігі бүгінде ес-тен шығарылған, білетініміз – азын-аулақ, оның өзінде де өңін адам та-нымастай етіп өзгертіп алған жарым-жан аңыздар ғана. Ал шындығында, қай әулиенің болмасын, аңызының астарында ғасырлардың ғана емес, мыңжылдықтардың сыры жасырулы жатыр. «Аңыз түбі-ақиқат» деп бекер айтпаған дана халқымыз.