– Оңүстік Кореяда қазақ тілін оқып жатқан корейліктер бар. Басқа мемлекеттерде Орта Азияны тану ка-федралары болғанымен, қазақ тіліне дәл Кореядай маңыз берген мемле-кет жоқ көрінеді. Бұл бастаманы кәріс ағайындар өз қалауымен қолға алды ма, не түрткі болды екен?
– Қазір Корея халқының Орта Азияға, оның ішінде Қазақстанға деген қызығушылығы өте зор. Шетелді тану үшін біріншіден ол елдің тілін меңгеру өте маңызды. Меніңше, кәріс ағайын-дар қазақ елін тану үшін жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр.
Орта Азияны тану кафедрасы Ханкук шетелдік білім университетінде 2004 жылы ашылды. Жыл сайын 15-20 студент қазақ тілін оқып, Қазақстан туралы білім алып жатыр. Бұл деген қуанатын жәйт қой!
Аталған университет әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-мен тығыз байланыста және екі уни-верситет арасында тіл үйрену бойынша студенттермен тәжірибе алмасу бағ-дарламасы жүзеге асырылып жатыр.
– Оңтүстік Кореяда білім алып жатқан қазақ жастарына нақты қан-дай көмек беріледі? Кореяда алғаш рет қазақ жастарының құрылтайы өткен болатын, осы шара жалғасын таба ма?
Иә, іс-шараға осы елдің түкпір-түк-пірінде білім алып жатқан 100-ден ас-там жас қатысқан. Бұл шараға ұйытқы болып жүрген жастар басқосуды «Кореядағы Қазақтар құрылтайы – 2012» деп атауды ұйғарыпты. Бұл жиын шетте жүрген қазақтардың бір-бірімен жақын танысуына, әсіресе оқу-ға жаңадан келіп, туған елді сағынып жүрген студенттердің жаңа достар тауып, өзге мемлекетте өзін жалғыз сезінбеуіне үлкен көмегін тигізді.
Әрине, мұндай шаралар өз жалға-сын табады. Елшілік Корея Республика-сында тұрып жатқан қазақстандықтар-мен тығыз қарым-қатынаста. Олардың негізгі бөлігін қазақстандық студенттер (жалпы саны 500-ден астам) құрайды және олардың басым көпшілігі Корея Республикасының жоғары оқу орын-дарында тұрақты түрде білім алуда. Ал қалғаны екі елдің жоғары оқу орында-рының алмасу бағдарламалары бо-йынша уақытша оқып жатыр. Студент-тер негізінен Сеул қаласында және оған жақын жерлерде орналасқан университеттерде білім алады. Елшілік оларды жыл бойы өтетін әр түрлі іс-шараларға белсене араластыруда.
Елшілік Корея Республикасында оқып жатқан қазақстандықтармен жиі кездесіп тұрады, атап айтқанда олар-мен ай сайын кездесу өткізу әдетке айналды. Әр кездескен сайын Корея Республикасында қазақстандықтарға қатысты туындап жатқан мәселелерді, бірігіп ұйымдастырылатын шараларды талқылап, хабар алмасамыз.
Жалпы елшілікке көмек сұрап өті-ніш білдіретіндердің көп бөлігін жеке құжаттарын рәсімдеу, сенімхаттар, әр түрлі анықтамалар алу сияқты консул-дық мәселелермен жүгінетін азаматтар құрайды. Оларға тиісті көмек беріліп, өтініштері толығымен қанағаттандыры-луда.
– Қазақ жастары арқылы Кореяда Қазақстанның келбетін жасау қанша-лықты жүзеге асып жатыр? Бұл сұрақ қаншалықты сіздердің құзырлары-ңызға кіреді?
– Корея Республикасында еліміздің келбетін жасау елшілік жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі болып табы-лады және осы елдегі қазақ жастары араласатын шаралар да жүзеге асыры-лып жатыр.
Сеул қаласында өткен жылы «Korea World Travel Fair –2013» (KOTFA-2013) атты шараға қазақстандық жас-тар белсене араласып, қатысты. KOTFA-2013 көрмесінде қонақтар Қазақстан-ның туристік кеңістігімен танысып, оларға Астанада өткізілетін «Экспо – 2017» туралы және жалпы Қазақстан туралы кеңінен мәліметтер таратылды.
Елшілік Сеул қаласындағы Әлемдік мәдени алмасу форумымен (The Global Cultural Interchange Forum) бірлесе отырып, «Чхусок мерекесіне арналған Әлемдік мәдени фестиваль» атты іс-шара өткізді. 100-ден астам адам жиналып, ұлтымыздың мәдениетімен танысты. Қазақ жастары мен корейлік-тер араласып ежелдегі ойындарды ойнады және сахнада өз өнерлерін көрсетті. Жиналған қауым қазақстан-дықтар көрсеткен өнерді, оның ішінде домбырада ойнау, күй айтысы, қазақ әндері мен ұлттық билерін тамашала-ды. Бір жырғап қалды қысқасы!
– Кореяға барған қазақ жастары заң жүзінде елшілікте тіркелуі керек пе? Бұл қалай жүзеге асып жатыр? Кореядағы қазақтардың саны қанша? Олар қиын жағдайда қалғанда көмек бересіздер ме?
– ҚР заңнамаларына сәйкес шетел-дердегі қазақстандықтар Елшілікте тір-келуге міндетті емес. Елшіліктің кон-сулдық бөлімі консулдық тіркеуге алуға өтініш білдіргендірді тіркеуге алады.
Корея Сыртқы істер министрлігінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес бүгінгі күні Оңтүстік Кореяда тұратын қазақстандықтардың саны 3 мыңға жуық. Алайда олардың ішінде қанша-сының ұлты қазақ екендігі туралы ақ-парат жоқ. Қиын жағдайға түскен қа-зақстандықтарға көмек көрсету толы-ғымен елшіліктің құзырында. Шұғыл көмекті аямаймыз.
– Кореяда ұлттық дәстүрді жаң-ғыртуға, қазақтың қазынасын көр-сетуге талпынған жастарға қолұшын созасыздар ма? Елшіліктің мұрындық болуымен нақты қандай шаралар өткіздіңіздер.
– Қазақстанның оң келбетін жасау-ға талпынған жастардың кез келген бастамасын елшілік толығымен қол-дайды және оны жүзеге асыруға бар күшін салуда.
Елшілік Сеул қаласының ең ірі сая-бақтарының бірі Ханкангда Наурыз мейрамын өткізді. 250-ден астам қонақтар жиналған шараның негізгі мақсаты – жиналған қауымға қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, мәдениетін таныстыру болды.
Қазақстандық жастар сахнада өз өнерін көрсетіп, ежелдегі ұлттық ойындар ойналды. Жиналған қауым қазақстандықтар көрсеткен өнерді, оның ішінде тұсау кесуді, домбырада ойнауды, қазақ әндері мен ұлттық билерін тамашалады. Шара соңында ұйымдастырушылар тарапынан көзге түскен өнерпаздарға сыйлықтар табыс етілді. Аталған шарада өнер көрсетуде қазақстандық жастар аса белсенділік танытты.
Өткен жылы Корея Мәдениет және туризм институтының мәдени алмасу бағдарламасы бойынша Астана қала-сындағы Қазақ ұлттық өнер универси-тетінің студенттері Кореяның ұлттық театрында өнер көрсетті.
– Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбатты жүргізген
Галина АЛИМОВА,
Сеул қаласы, Оңтүстік Корея