Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
Міне, «DANAkaz» журналының жаңа саны қолыңызға кешігіңкіреп барып тиді. Бірақ редакция қызметкерлері журналдың бұл санын қалыңдатып, мақалаларын көбейтіп, мазмұнын байытып ұсынып отыр.
Мемлекетіміздің тұғыры берік болу үшін халық санымен де, сапасымен де жоғары болуы тиіс. Бүгінге дейін бізді сан жағынан да, сапа жағынан да құртып жіберуге күші жеткендер барын салды.
Оңтүстік Корея елінде білім алып, тәжірибе алмасып жатқан қазақ жастары көп. Екі ел арасындағы мәдени, рухани байланыс та жыл өткен сайын нығайып келеді. Осы ретте біздің журналымыздың тұрақты оқырманы һәм Кореядағы арнаулы тілшісі Галина Әлімова Қазақстан Республикасының Корей Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дулат Бақышев мырзамен кездесіп, кейбір сауал-дарына жауап алған еді. Төменде сол сұхбатты ұсынамыз. Айтпақшы, Дулат Хангерейұлы – өз жерлесіміз, Батыс Қазақстан облысының тумасы екенін айта кетейік.
Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ,
тарих ғылымдарының
кандидаты
Қазақ тарихында анықтауды қажет ететін оқиғалар мен тұлғалар аз емес. Белгілі ғалым, журналымыздың тұрақты авторы Жаңабек Жақсығалиев бүгінгі мақаласында таныс та бейтаныс Әз Жәнібек хан туралы тың пікір ұсынады. Бұл мақалаға алып-қосар ойларыңыз болса, хат жазып, хабарласыңыздар.
Қазіргі Орал қаласы-ның маңында орналасқан ортағасырлық (ХІІІ-ХІV ғғ.) Жайық қалашығы аумағы-нан ерекше дөңгелек пішінді тағы бір кесененің орны табылды!
Ата-жұрттан жырақта жүрген қандастарымыз қаншама? Ал солардың арасында қазақ ұлтының азаматы деген ардақты есімді абыроймен алып жүргендері жайлы қалай мақтасақ та жарасымды ғой.
Кіші Отаны жоқ адамның Ұлы Отанының да жоқ болуы – қағидалы жәйт. Неге десек, әрбір үлкен дүние кіші бөлшектерден тұрады. Сондықтан Ұлы Отанды – Қазақ елін сүю мен үшін Қазақ елінің бір бөлшегі – Маңғыстауды, кіші Отанымды сүюден басталады десем, қате болмас.
2014 жылғы қаңтар айының соңында Лондонға барып, үш ай ағылшын тілін тереңірек оқудың сәті түсті. Бұған дейін де әлемнің бірнеше ірі қаласында болып көргендіктен, үлкен шаһар маған аса таңсық емес еді. Бірақ мені: «Неге елдің бәрі Лондонға ғашық? Неге бәрі Лондонға көшкісі келеді?» деген сұрақтар мазалайтын.
Журналымыздың 2013 жылғы №5(6), маусым айындағы санында «Көне сурет» айдарымен Мәскеу қаласына саяхатқа барған Орал педагогикалық институтының бір топ оқу озаттарының суреті жарияланған болатын.
Дәулеткерей ҚҰСАЙЫНОВ,
журналист
Журналдың бұл айдарында бүгінде қолданыста жүрген, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын, бірақ шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде баспасөз қызметінің бас маманы Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.
Саят БАЙМҰРАТҰЛЫ,
тарихшы,
Астана қаласы
Еуразияның кіндік ортасындағы ұлан-ғайыр Ұлы дала төсінде көшпенділер өркениетін дүниеге келтірген халқымыздың дүниетанымы, сол даланың таңғажайып табиғатымен үндес сұлулығымен де, даналығымен де қайран қалдырады.
Нұрия ЖЕКЕКҚЫЗЫ,
жоғары санатты тарих пәні мұғалімі,
Орал қаласы
1937-1938 жылғы Совет үкіметін шарпыған саяси репрессия кезінде ең ауыр үкім – ату жаза-сына кесілген санаулы қазақ қызының бірі Шонанова Шахзада Аронқызы болатын.
(Жалғасы. Басы журналдың өткен санында)
Ресей Федерациясының Орынбор облыстық мемлекеттік архивінде Ресей империясының қазақ даласын отарлауына қатысты мыңдаған құжат бар. Орыс отаршылары қазақ рулары, олардың бас адамдары – сұлтандары, билері мен батырлары туралы ақпаратты мұқият жинастырып отырған. Бұл тізім, әсіресе, жаңа хан сайлау тұсында ерекше хатталған. Аталған архивтің 6-қор, 10-тізбесінде сақтаулы тұрған «Кіші жүздің жаңа хандарын сайлау туралы» («Дело об избрании новых ханов Меньшой орды») атты №716 іс қалың-қалың үш кітаптан тұрады. «DANAkaz» тарихи-танымдық журналының оқырмандарын осы істе тіркелген әр рудың ықпалды адамдарымен таныстыруды бастамақпыз. Мұнда Кіші жүзге қарасты алты аталы Әлімұлы, он екі ата Байұлы және Жетірудың, төрелер мен төлеңгіттің, қожалардың өз заманындағы билеуші-басшылары қолын қойып, мөрін басқан немесе ру таңбасын салған. Журналымыздан көз жазбаңыз, ағайын!
2013-2014 оқу жылынан бастап еліміздегі жалпы орта білім беретін орта мектептерде «Алаштану» және «Өлкетану» пәні енгізіліп, оқытыла бастады. Біз оқырмандарымыздың сұраныс-тілегін ескеріп, осы пәндер бойынша мектеп мұғалімдерінің қажетіне жарар дүниелерді үзбей жариялап тұруды жөн көрдік. Бүгін белгілі алаштанушы ғалым, тарих ғылымдарының кандида-ты Дәметкен Сүлейменова құрастырған бағдарламаны ұсынып отырмыз.
Отаныңнан шалғайда, алыстағы Оңтүстік Корея елінен өзіміздің кіндік қанымыз тамған Оралдан келген ағамды кездестірем деп ойламап едім. Күтпеген жерден Сеул қаласында өзімнің жерлесімді көріп, қатты қуандым. Таныса келе Ерлан Мақсотұлының мамандығы дәрігер екенін, Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға «Болашақ» бағдарламасы бойынша тәжірибе жетілдіру үшін келгенін білдік. Кореяда жүрген қазақ дәрігерімен болған әңгіме-сұхбатты «DANAkaz» журналының оқырмандарымен бөлісіп отырмын.
Белгілі ақын, ағартушы, ойшыл-философ һәм қазақ баспасөзінің негізін қалаушылардың бірі Ғұмар Қараш 1910-1918 жылдар аралығында Қазан, Уфа, Орынбор қалаларынан он кітап шығарған екен. Ғұмардың көзі тірісінде жарық көрген соңғы кітабы – «Тұрымтай» деп аталады. Ол 1918 жылы Уфа қаласында басылған.
2013 жылдың соңғы күндерінде Алматы қаласындағы «Арыс» баспасынан көрнекті тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Мұқтар Әбілсейіттің «Тарих айдынындағы тұлғалар» атты жаңа кітабы жарық көрді.
Осы күні өлке тарихына көз салып жүрген зиялылардың өзі Исатай батырдың сүйегінің жатқан жерін анықтау талас-талқыға айналып бара жатқан жоқ па деп өкінішін білдіреді.
Жанна ЕЛЕУСІЗ
* * *
...Су Перісі – мен шығармын,
Аяқ тілеп, Мұң алған.
Ауа ішінде – тұншығамын!
Адами мұң – шын арман.
Қылдай – таңым.
Кендір – кешім.
1738 жыл. Сары ала күздің бастал-ған кезі. Әбілқайыр хан айналаға нө-кер-шабармандарын жіберіп, Кіші жүздің небір дөкей билерін, стар-шындарын, ел қорғаған батырларын, аузы дуалы шешендерін шақыртып, ханның Ақ ордасында бас қосты. Олардың ішінде алаша Бейсеу Ботпанай баласы, тама Алакөз батыр Сары баласы, Жағалбайлы Серке ба-тыр, масқар Жәдік би Масқар баласы, шақшақ Тұрдықұл, Бөкенбай, Еділбай батыр, тағы басқалары бар еді. Бәрі де ханның қас-қабағына қараулы, не уәж қандай жаңалық айтар екен деп, ханның сөзін асыға күтулі.
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базар-шолан ауылдық округіне қарасты Ескіесім елді мекенінің маңындағы көне қорымдағы құлпытас:
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Ұялы ауылдық округіндегі Байсеңгір қорымында орналасқан құлпытас:
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Жаңаталап ауылында-ғы көне зиратта сақталған құлпытастың төрт қырындағы жазуы:
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463