Ресей Федерациясы, Волгоград об-лысы, Волжск қаласына барған сапа-рымызда «Қазақстан мұрасы» қоры-ның төрағасы Айболат Ахметовпен емен-жарқын әңгімелестік. Сөз арасын-да есімі көпке танымал қандастары-мыз жайлы сұраған болатынмын. Ке-нет орта бойлы, жауырынды, дене біті-мі балуанға сай, ақ сары келген ашық маңдайлы орда бұзар отыздардың бел ортасын алған жігіт келіп, бәрімізбен қол беріп амандасты. Жанары жанып тұрған, сөзге шешен, еті тірі, қимылы ширақ жігіт бізді өзіне еріксіз аударды. Не де болса, бұл азамат құр жаяу емес-ау деген ойымыз сан-саққа жүгірді. Осы-ны сезді ме, Айболат Ахметов: – Бауыр-лар, біз Ресей жерінде тұрып жатқаны-мызбен, осы өңірде танымал тұлғаларымыз баршылық. Солардың бірі – мықты спортшымыз, әскери самбодан әмбебап және ережесіз жекпе-жектен спорт шебері, Ресей Федерациясының бес дүркін, Волгоград облысының он үш дүркін чемпионы Ғәділ Махметолла-ұлы Сапаров деген барша қазақтың мақтанышы осы азамат, - деп таныс-тырды.
Атажұрттан шет жүрсе де, өзінің еселі еңбегімен, боз кілемде ойнақ салып, талайдың көзқұрты болған, сан мәрте шашасына шаң жұқтырмай, суырылып алға шыққан топжарған азамат қазақтың қарапайым ұлы боп жатса, қалай қуанбасқа!
Ғәділ 1976 жылдың 14 қараша күні Ресей Федерациясының Волгоград об-лысына қарасты Палласовка ауданы-ның Ревпуть ауылында дүниеге кел-ген. Әкесі Махметолла – кеңшарда агроном болып қызмет етсе, анасы Сақұлжамал – әуелі балабақшада, ке-йін ауылдағы білім ордасында ұстаз-дық еткен. Бүгінде Ғәділдің ата-анасы – зейнеткер.
Ғәділ бала күнінен ат құлағында ойнап, шымыр өсіпті. Мектепте жүрген кезінде спорттың бірнеше түрімен ай-налысып, құрбы-құрдастарының алды болған. Әкесі Махметолла ұлының бұ-ғанасы бекіместен белдесудің әліппе-сін бойына сіңіріп, күрес өнеріне құш-тарлығын арттырады. Ол әуелі бокс-пен, кейін самбо күресінің қыр-сырын үйренуге әбден ден қойды. Жаттығу-ларда шып-шып төккен тер далаға кет-педі. Ғәділ Сапаров бозбала шағында аудандық, облыстық спорттық шара-ларда топ жарып, бірнеше рет өз сал-мағында маңдайалды самбошы бол-ды. Жылдан-жылға шеберлігі артып, қанаты қатая түсті.
Ғ.Сапаров Ресей Федералдық ке-ден қызметінде жұмыс істей жүріп, аталмыш қызметтің құрама команда-сы атынан талай байрақты бәсекеде ережесіз жекпе-жектен мерейі үстем болды. Сайдың тасындай іріктелген нар жігіттердің алдыңғы қатарынан ойып тұрып орын алды. Рингте әбжы-ландай шалт қимылымен қарсыласта-рын гүрзі жұдырығының астына алған қазақ баласының өзіндік тактикасы талайларды қызықтыра бастады. Қар-сыластарын бет қаратпады. Екінің бірі оның тегеуріне төтеп бере алмады. Қандасымыздың ерекше қабілеті ар-наулы органның назарына ілігіп, қы-зықты ұсыныс та түседі. Сөйтіп, Ғ.Сапаров бір уақытта Мәскеу қаласын-дағы шұғыл қимылдайтын арнаулы жасақ тобына (СОБР) сардар болып алынады. Ол қызметі жайын тілге тиек еткісі келмеген соң, біз де қазбалап сұрамадық.
Тарқатып айтар болсақ, ережесіз жекпе-жектен 2002 жылы Ресей Феде-ралдық кеден қызметкерлері арасын-да өткен сайыста қарсыластарынан ба-сым түсіп, жүлделі бірінші орынға ие болған. Ал 2006 жылы Дон кубогі атын-дағы халықаралық жарыста әскери қоян-қолтық жарыста ростовтық С.Бондаренкоға ғана жол беріп, жүл-делі екінші орынға табан тіреген. Ғәділ осы аталмыш сайыста әйгілі Р.Мирзоев-ті жеңгенін мақтан тұтады. Қандасы-мыз 2008 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері чемпионатында қар-сыластарынан басым түсіп, бас бәйгені қанжығасына байлаған. Сонымен қа-тар ол Ресейдің Оңтүстік Федералдық округінің 2008, 2009, 2010 және 2011 жылдардағы чемпионы. Сайыстарда қарсылас шақ келтірмейтін қазақ ұлы рингте арыстандай арпалыса жүріп, жеңімпаздар тобынан көрінуден жаз-бады. «Сен тұр, мен атайын» деген та-лай мықтының салын суға кетірді. Спорт-сүйер қауымға шымырлығы мен епті-лігін дәлелдеді.
Қазақтың біртуар ұлы Ғәділ Сапаров 2013 жылы 29 қараша күні Волгоград қаласында оздырылған халықаралық VI шығыс жекпе-жегі фестивалінде қар-сыласы А.Брухановты тізе бүктіріп, же-ңімпаз атанды.
Бүгінгі таңда қандасымыз Ресей Федерациясының Қарулы Күштеріне қарасты әскери горнизонда әскери қоян-қолтық ұрыстан нұсқаушы қыз-метін атқарып жүр. Яғни әскери бө-лімде сардарлар мен сарбаздарды жекпе-жек өнеріне баулуда. Ғәділ Махметоллаұлы Құдай қосқан қосағы Әлия екеуі Диана мен Эльдар есімді қос бүлдіршін өсіріп отыр.
– Күрес десе, делебесі қозатын қазақ емеспіз бе? Күрес дегеніміз – жауынгерлік мектеп. Бозкілемнің өріне шығу жолында шынығасың, шыңдаласың. Бұл өңірде спорттан көпке танымал жалғыз мен емес. Құдайға шүкір, кикбокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрлан Валиев, кикбокстан спорт шебері Дамир Тасмағамбетов сын-ды қазақ жігіттерінің барына ризамын. Қазір менің салмағымда қазақ жігіттері жоқ болғандықтан, намысты қолдан бермейін деп рингке шығып жүрмін. Жасым ұлғайды. Менің жасымда ережесіз жекпе-жекке шығу оңай емес, - дейді атағы жер жарған бауырымыз.
Қазіргі кезде Ғәділдің жаттықтырушысы туған бауыры – Әділ. Әділ Махметоллаұлы Ресей Федерациясы Астрахан облысының Знаменск қаласында тұрады. Әділ зайыбы Гүлнәр екеуі Алина, Айда, Аяр және Фатима есімді ұл-қыз тәрбиелеп өсіруде. Әділ бауырымыз спорттан әскери нұсқаушы, әскери қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері. Жетпіс-тен астам шәкіртін қоян-қолтық ұрысқа жаттықтырып жүрген жан. Әділ баулыған балғын спортшылар күні бүгінге дейін тартысқа толы спорттық шараларда 17 алтын, 15 күміс және 23 қола медальға ие болған. Әділ Сапаров дайындаған команда мүшелері 2013 жылы 20 сәуірде Мәскеу қаласында оздырылған әлем чемпионатында қоян-қолтық ұрыстан жақсы көрсеткішке ие болған.
– Бірде туған ауылыма демалысқа келсем, біздің ауылға қоныс тепкен өзге ұлт өкілі маған: «Ауылға қош келдің!» - деп қарап тұр, - дейді Ғәділ.
– Бауырым, рақмет! Бірақ бұл жерге сен қоныс аударған азамат-сың. Ал 1205 жылы Шыңғыс ханның немересі Батый тап осы жерден сан мың әскерімен жорықпен өткен кезде менің аталарым осы сайын даланы мекен еткен, - деп едім, әлгі жігіт кешірім сұрады, - дейді ба-уырымыз.
Айтса айтқандай, қандасымыз қазақ тарихынан хабарлы екенін өз сөзімен байқатты. Бейбарыс сұлтан жайлы айтқанына біз еріксіз риза болыстық.
– Біз ата-жұрттан сыртта жүргенімізбен, Қазақстан Республика-сындағы жағымды жаңалықтарға қуанамыз. Біз Қазақстан тарихын оқимыз, салт-дәстүрімізді ұстанып отырмыз, өкінішке орай, бір-ақ ке-дергі бар. Ол, әрине, ана тілімізді еркін меңгере алмауымыз. Туғаннан орман орыстың арасында жүрміз. Өскен ортамыз орыс тілді болған-дықтан, қазақ тіліне жетік емеспіз, - дейді бізбен әңгімесінде қазақ-тың марқасқа жігіті.
Жүректі де білекті ініміз бізбен қоштасарда: «Барша қазақстан-дықтарға сәлем айтарсыз!», - деді.
Иә, талай жекпе-жекте атойлап шығып, жеңілістің ащы дәмін тат-паған қайсар қандасымызбен біз де қимай қоштастық. Жеңісті күн-дерде кездесе берейік деген ізгі ниетімізбен біз туған елімізге жол тарттық. Шетте жүрсе де, қазақ ұлтының жақсы жағынан атын шыға-рып, талайларды тамсандыра да, таңғалдыра да білген бауырымыз үнсіз қол бұлғап қала берді. Оның от шашқан жанарынан атажұртқа деген сағыныш сезімін біз де анық байқадық.
«Бауырым, қайда жүрсең де аман жүр. Сендей қазақтың намысты да қайсар, жігерлі жігіттері көп болғай!» - деп тіледік.
Ахмедияр БАТЫРХАНОВ,
Жәнібек облысы, Батыс Қазақстан
«YouTube» әлеуметтік желісінде Ғаділ қандасымыздың жеңісті жекпе-жектері аз емес. Тек оқырмандарымыз «Кадль Сапаров» деп іздеуі керек.